Қазақ хандығына 550 жыл хронология

XV ғасыр

1465-1466 жылдар – Керей мен Жәнбек Батыс Жетісуда Қазақ хандығын құрды.

1465-1474 жылдар — Керей хан ел билеген уақыт.

1470 жыл — Созақ пен Сауран, Сығанақ қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.

1470 жыл — Керей хан бастаған қазақ әскері Түркістан қаласына шабуыл жасады.

1470 жыл – Жәнібек хан Созақ қаласына шабуыл жасады.

1474-1480 жылдар — Әз-Жәнібек хан ел билеген жылдар.

1480-1511 жылдар — Бұрындық ханның ел билеген уақыты.

1490 жыл — Азов қаласында Доспамбет жырау дүниеге келді.

1495 жыл — Тайбұға тайпасы Батыс Сібірдегі билікті қолына алды

XVI ғасыр

1503-1506 жылдар — Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығына шабуыл жасады.

1510 жыл — Қасым ханның Мойынсыз-Хасан бастаған шағын тобы Шайбани ұрпақтарының әскерін күйрете жеңді.

1510 жыл — Шайбани әскерлері қазақ әскерлерінен жеңілгенннен кейін Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның билігіне өтті.

1511 жыл — Қазақ хандығында Қасым хан билікті қолына алды.

1511-1518 жылдар — Қасым ханның билік еткен уақыты.

15221523 жылдар – Мамаш ханның ел билеген уақыты.

1523-1532 жылдар –Тақыр ханның елбилеген уақыты.


1533-1534 жылдар — Бұйдаш ханның ел билеген уақыты.


1534-1535 жылдар — Қожа Мақмұт ханның ел билеген уақыты.

1535-1537 жылдар — Тоғым ханның ел билеген уақыты.

1538-1580 жылдар — Хақназар хан ел билеген уақыт.

1570 жыл — Жетісудың батысы мен Шу, Талас өңірі Қазақ хандығының құрамына өтті.

1573 жыл — Қазақ хандығымен одақ жасау үшін Г.Чебуков бастаған Ресей елшілері Қазақ хандығына келді.

1580 жыл — Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы қирады.

1580 жыл – Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды және оның туыстарын өлтірді.

1580-1582 жыл — Шығай ханның ел билеген уақыты.


1582-1598 жыл — Тәуекел Ханның ел билеген уақыты.

1582-1598 жылдар — Қазақ хандығын Тәуекел хан биледі.

1583 жыл — Тәуекел хан өзбек ханы Абдаллахпен жасалған келісімді бұзып Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын қайтарып алды.

1584 жыл — Ермакты қазақтың Сәтбек батыры жеңді.

1594 жыл – Құл-Мұхаммед бастаған қазақ елшілері Мәскеуге барды.

1595 жыл — В. Степанов бастаған орыс елшілері Тәуекел ханға келді.

1597-1598 жылдар — Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін Ташкент қаласының түбінде талқандады.

1598 жыл — Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан Ташкент, Самарқан басып алды.

1598 жыл — Ташкент қаласында Тәуекел хан қайтыс болды.

1598 жыл — Есім хан билікке келді.

1598-1628 жылдар — Есім хан билік құрған жылдар.

XVII ғасыр

1603-1624 жылдар – Қазақ-Бұқар шайқасы болған жылдар.

1603 жыл — Айғыржарда бірінші қазақ-бұхар шайқасы болды.

1611 жыл — Ташкент түбінде Есімхан Имамқұлды жеңді.

1613 жыл — Тұрсын хан өзін Ташкент қаласының билеушісімін деп жариялады.

1627 жыл — Қазақ-бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жетті.

1627 жыл – «Қатаған қырғыны».

1628-1652 жылдары – Салқам Жәңгір ханның билік құрған уақыты.

1635, 1643, 1652 жылдары – Батыр қоңтайшының қазақтарға қарсы жорығы.

1640 жыл — Гурьев бекінісі салынды.

1643-1647 жылдар – Қазақ-жоңғар соғысы.

1643 жыл — Қазақ халқының жоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы болған уақыт.

1680-1715 жылдар — Тәуке ханның билік құрған уақыты.

1680 жыл – Жоңғарлардың Оңтүстік Қазақстан жеріне шабуылы.

XVIII ғасыр

1710 жыл — Қарақұмда Тәуке ханның ордасында қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға қарсы соққы беру мәселесін талқылаған жыл.

1711-1781 жылдар — Абылай хан өмір сүрген.

1715 жыл — Тәуке қайтыс болып Қайып хан тағына отырды.

1716 жыл — Қайып хан Бекболат Екешов және Байдаулет Бориев бастаған елшілерді аттандырды.

1718 жыл — Ертіс бойына Семей бекінісі салынды.

1718 жыл — Аягөз өзені жағасында жоңғарлармен шайқас болды.

1723 жыл -Әбілқайыр Кіші жүздің ханы болып сайланды.

1723 жыл — Қазақ даласында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталған жыл.

1723 жыл — Қазақ даласына жоңғардың 70 мың әскері басып кірді.

1724-1725 жылдар — Жоңғарлар Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алды.

1726 жыл – Бұланты өзенінің жағасында Қара Сиыр жерінде қазақ-жоңғар соғысы «Қалмаққырылған» шайқасы болды.

1729-1730 жылдар – Балқаш көлінің оңтүстігінде қазақ әскерлерінің жоңғарлармен Аңырақай шайқасы болған жыл.

1931 жыл –Кіші жүздің Ресейге қосыла бастаған уақыты.

1731 жыл— Кіші жүз елшілері С. Қойдағұлұлы мен Қ. Қоштайұлы Кіші жүзді Ресей имерия құрамына қабылдау ұсынысымен Анна Иоанновнаның қабылдауында болған жыл.

1731 жыл – Кіші жүз ханы Әбілқайыр 29 старшынмен бірге Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

1734 жыл – Қазақ даласын зерттеу мақсатында Кирилов басқарған қырғыз-қайсақ экспедициясы ұйымдастырылды.

1735 жыл — Қазақстанның солтүстігінде Ор бекінісі салынды.

1740 жыл — Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Орскіге келіп Ресейге ант берді.

1741-1742 жылдары – Жоңғар қоңтайшысы Қалдан-Серен Орта мен Кіші жүзге жорық ұйымдастырды.

1741-1743 жылдар — Абылай сұлтан Жоңғарияның тұтқынында болды.

1748 жыл – Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан өлтірді.

1752 жылы — Қызылжар (Петропавл) бекінісі салынды.

1757 жыл — Қазақстанға басып кірген Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскерлері басып кірді.

1759 жыл – Абылайдың Үрімшіге сауда керуенін жіберді.

1771 жыл — Абылай хан сайланды.

1771-1781 жылдар – Абылай хан билік құрған уақыт.

1773-1775 жылдар – Е.Пугачев бастаған шаруалар көтірілісі болып, оған Кіші және Орта жүз қазақтары қатысты.

1778 жыл 24 мамыр — Ресей өкіметі Абылайды хан етіп бекітті (II Екатеринаның тұсында).

1781 жыл – Абылай хан қайтыс болды.

1783-1797 жылдар-Кіші жүзді С.Датұлы бастаған көтеріліс болған уақыт.

1785 жыл — Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылданды.

1786 жыл — барон О.Игельстром ұсынған революция мәні: Хан билігін жою.

1789 жыл -Азиялық училище ашылды.

1790 жыл-Уфада Нұралы хан дүние салды.

1791 жыл — Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды.

1795 жыл— Есім Кіші жүз ханы болып сайланды.

1797 жыл — Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі Айшуақты хан етіп бекітті.

XIX ғасыр

1801 жыл 11 наурыз — І Павел Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берді.

1801 жыл – Бөкей Ордасы құрылды.

1812 жыл –Қазақтар орыс-француз Отан соғысына қатысып ерлік көрсетті.

1817 жыл — Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне Өз қарамағындағы рулардың Ресейдің құрамына өтуді қалайтындығы туралы мәлімдеме жасады.

1820 жыл — Хиуа хандығы қазақ ауылдарына шабуыл жасады.

1821 жыл — Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі Тентектөре батыр басқарған шаруалар көтерілісі.

1822 жыл – «Сібір қазақтарын басқару» туралы Жарғы қабылданды.

1822 жыл – Орта жүзде хандық билік жойылды.

1824 жыл — «Орынбор қазақтары басқару» туралы Жарғысы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылды.

1825 жыл — 50 мың адамы бар үйсін руы Ресей билігін мойындады.

1831 жыл — Семейде орысша білім беретін училище ашылды.

1832 жыл – Бөкей Ордасында тұңғыш жәрмеңке ашылды

1832 жыл – Ақмола округы ашылды.

1833 жыл — Қарағанды көмірін Аппақ Байжанов ашты.

1835-1865 жылдар— Шоқан Уәлиханов өмір сүрді.

1836 жыл – Өскеменде қазақтар үшін интернаты бар училище ашылды.

1836-1838 жылдар — Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбек Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болған жылдар.

1837-1847 жылдар – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болған жылдар.

1841 жыл – Үш жүздің өкілдерін Кенесарыны ақ киізге көтеріп хан сайлады.

1841 жыл – Жәңгір хан Бөкей Ордасында орысша-татарша білім беретін мектеп ашты.

1841-1889 жылдар-Ыбырай Алтынсарин өмір сүрді.

1845 жыл — Орынбор, Омбы, Семей қалаларындаорыс географиялық қоғамның бөлімшелері ашылды.

1845-1904 жылдар-Абай Құнанбайұлы өмір сүрді.

1848 жыл — Қарқаралы уезінде Талды-Қоянды жәрмеңкесі ашылды.

1849 жыл — Көкшетауда жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өтті.

1854 жыл — Верный бекінісінің (ертедегі атауы-Алматы) іргетасын қалады.

1854 жыл — Ертістің оң жағалауында қазақтар үшін Семей ішкі округы ашылды.

1856-1857 жылдар — Ж. Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс.

1858-1859 жылдар — Шоқан Уәлиханов Қашқарға саяхат жасады.

1858-1931 жылдар — Ш.Құдайбердіұлы өмір сүрді.

1859 жыл — Ұлы жүз жерінде (Қырғыз елінің солтүстігінде) Қастек бекінісі салынды.

1860 жыл — Ұзынағаш шайқасы.

1861 жыл — Орыс-қазақ мектебі Троицк қаласында ашылды.

1862 жыл — Ақмола қала мәртебесіне ие болды..

1864 жыл — Ресей үкіметі Түркістан, Шымкент, Мерке, Әулиеата бекіністерін басып алды.

1864 жыл — Ресей мен Қытай арасында шекараға байланысты Шәуешек хаттамасы бекітілді.

1867-1868 жылдар – Қазақ даласын басқару туралы әкімшілік реформалар қабылданды.

1867 жыл — Жетісу облысы құрылды.

1868 жыл — «Жетісуға шаруалар қоныс аударуытуралы уақытша ережен» қабылданды.

1868 жыл — Түркістан статистикалық комитеті құрылды.

1868-1869 жыл – 1867-1868 жылғы реформаның ауыртпалығына байланысты Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс.

1870 жыл — 1867-1868 жылғы реформаның ауыртпалығына байланысты Маңғыстаудағы көтеріліс.

1872 жыл — Қазақ музыка аспаптарының көрмесі Мәскеуде өткізілді.

1878 жыл — Семей облыстық статистикалық комитеті құрылды.

1881 жыл – Қазақ даласы арқылы сауда жүргізуге байланысты Ресей мен Қытай арасында Петербург келісіміне қол қойылды.

1881-1884 жыл – Ұйғырлар мен дүнгендер Жетісуға қоныс аударды.

1883 жыл — Іле су жолы ашылды.

1883 жыл — Семейде алғашқы қоғамдық кітапхана ашылды.

1883 жыл — Орынбор губерниясында Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектепбі тұңғыш рет ашылды.

1886 жыл — Түркістан өлкесін басқару және онда жер, салық өзгерістерін енгізу туралы ереже қабылданды.

1890 жыл — Қытаймен шекаралық сауданы орнықтыру үшін Семей сауда округі ашылды.

1890-1941 жылдар — М.Шоқай өмір сүрді.

1891 жыл — Дала генерал-губернаторлығы туралы ереже қабылданды.

1897 жыл – Қазақстан жерінде тұңғыш халық санағы өтті.

XX ғасыр

1903 жыл — Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Павлодар,Семей қалаларында мұсылмандардың құпия діни ұйымдары құрылды.

1905 жыл – Алаш қозғалысы құрылды.

1905-1907 жылдар – Бірінші орыс революциясы болып, қазақтар белсене қатысты.

1905 жыл — Жаркент гарнизонында патша билігіне қарсылық өтті.

1905 жыл – Қарқаралы петициясы өтті.

1905 жыл — Успен кенішінде қазақ-орыс жұмысшыларының интернационалдық ереуілі өтті.

1907 жыл — Қазақтар сайлау құқығынан айырылды.

1907-1912 жылдар — Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен 2 млн 400 мың шаруа қоныстандырылды.

1909 жыл — Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты.

1910 жыл — Қазан қаласында М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы жарық көрді.

1911 жыл— Атбасар мыс кендері акционерлік қоғамында жұмысшылар ереуілі болды.

1911 жыл — Ш. Құдайбердиевтың «Түрік, қырғыз, қазақ хәм хандар шежіресі» еңбегі жарық көрді.

1911 жыл — Орынбор губерниясы Троисцк қаласында «Айқап» журналы жарық көрді.

1913 жыл – «Қазақ» газеті шыға бастады.

1914-1918 жылдар – Бірінші дүниежүзілік соғыс.

1916 жыл – Патша жарлығына байланысты Қазақстан жерінде (Жетісу, Торғай облыстарында қарқынды болды) ұлт-азаттық қозғалыс болды.

1917 жыл – Ақмола қаласында «Жас Қазақ» ұйымы құрылды.

1917 жыл – Түркістан автономиясы құрылды.

1917 жыл — Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы болды.

1917 жыл — Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды.

1917 жыл -Түркістан федералистер партиясы құрылды.

1917 жыл – Алаш партиясы құрылды.

1917 жыл – «Үш жүз» партиясы құрылды.

1917 жыл – Алашорда автономиясы құрылды.

1917 жыл – Қызылордада алғашқы кеңес билігі жеңіске жетті.

1918 жыл – Азамат соғысы басталды.

1919 жыл – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.

1920 жыл – Азамат соғысы аяқталды.

1920 жыл — Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ АКСР) құрылды.

1921 жыл – Жаңа экономикалық саясат басталды.

1920 -1924 жылдар — Орынбор Қазақ АКСР-ы астанасы.

1921 жыл қаңтар — ҚазАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі қазақ және орыс тілдерін қатар қолдану тәртібі туралы декрет қабылданды.

1921 жыл — Қазақстан комсомолы құрылды.

1924 жыл — Салықтың ақшалай формасы енгізілді.

1924 жыл — Қазақстан астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

1924 жыл – «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.

1925 жыл — Қырғыз атауы қазақ атауына өзгертілді

1925 жыл— Ә.Қашаубаев Париж қаласында өткен концертке қатысып, ән салды.

1926 жыл — Қызылордада тұңғыш Қазақ ұлттық театры ашылды.

1926 жыл — Ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

1926 жыл — Қазақ АКСР-ң халық саны 5 миллион 230 мыңға жетті.

1927 жыл — Түркістан-Сібір теміржолы құрылысы салына бастады.

1927 жыл – Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы қаулы қабылданды.

1928 жыл – Тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты ашылды.

1928 жыл -Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы декрет шықты.

1929 жыл — Қазақ мал дәрігерлік-зоотехникалық институты ашылды.

1929-1931 жылдар — Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы шаруалардың көтерілісі болды.

1929-1931 жылдар — Алматыда ауылшаруашылық және медициналық жоғары оқу орындары ашылды.

1929 жыл – Қазақстан астанасы Алматы қаласына көшірілді.

1930 жыл – Түркістан-Сібір теміржол құрылысы аяқталды.

1930 жыл — Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.

1931 жыл — Алматыда Мемлекеттік медицина институты ашылды.

1930-1933 жылдар— Қазақ даласын аштық жайлады.

1934 жыл — Қазақ мемлекеттік музыка театры (Опера және балет) ашылды.

1934 жыл — Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.

1934 жыл — Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрылды.

1936 жыл — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылды.

1936 жыл — Казақ АКСР одақтас республикаға айналды.

1938 жыл — Қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасы түсірілді.

1940 жыл – Қазақстан латын әріпінен кириллицаға көшті.

1941 жыл 22 маусым – Ұлы Отан соғысы басталды.

1945 жыл 9 мамыр – Ұлы Отан соғысы аяқталды.

1946 жыл — Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды.

1949 жыл — Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланды.

1949 жыл – Семей полигонында алғашқы ядролық қаруды сынады.

1951 жыл — Семей полигонында уран бомбасы сыналды.

1953 жыл – Семей полигонында жер үстінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды.

1954 жыл — Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.

1958 жыл – Теміртау қаласында халықтың әлеуметтік ссаясатқа қарсы наразылығы болды.

1960 жыл — Қытайдан Қазақстанға 200000-ға жуық қазақ оралды.

1960 жыл – Мәскеуде қазақ жастарының «Жас тұлпар» ұйымы құрылды.

1960 жыл — Қарағандыда қазақ жастарының «Жас қазақ» ұйымы құрылды.

1960 жыл — Семейде қазақ жастарының «Тайшұбар» ұйымы құрылды.

1960 жыл – Д.А.Қонаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

1960 жыл -«Алтын қорған» деген атауға ие болған Шілікті қорғаны зерттелді.

1964 жыл — Д.А.Қонаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып екінші рет сайланды.

1969 жыл — Жалаңашкөл бойында Кеңес Одағы мен Қытайдың арасында әскери қақтығыс орын алды.

1970 жыл — Есік қорғанынан алтын киімді сақ жауынгері табылды.

1978 жыл – Қазақ КСР Конституциясы қабылданды.

1979 жыл — Неміс автономиясын құруға қарсы Целиноград қаласында жастар наразылығы өтті.

1986 жыл 16 желтоқсан — Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп Д.А.Қонаевтың орнына Г. Колбинді тағайындады.

1986 жыл 17 желтоқсан— Қазақ жастары республика басшысының орнынан ауысуына байланысты Алматыда ереуілге шықты (Желтоқсан оқиғасы).

1988 жыл – Алаш қайраткерлері мен бес арыс Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов ақталды.

1989 жыл — Антиядролық, экологиялық қозғалыс «Невада-Семей» құрылды.

1989 жыл -Қазақстан КП ОК І хатшысы болып Н.Назарбаев сайланды.

1989 жыл маусым – Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өтті.

1989 жыл шілде – Қарағанды кеншілерінің көтеруі өтті.

1989 жыл қыркүйек – Қазақ КСР тілдер туралы заң қабылданды.

1990 жыл 25 қазан — Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

1990 жыл – «Азат» азаматтық қозғалыс құрылды.

1990 жыл сәуір – Қазақстанда президент лауазымы енгізілді.

1990 жыл сәуір — Жоғары Кеңестің мәжілісінде Қазақ КСР-інің Президенті болып Н.Назарбаев сайланды.

1991 жыл – Шетелдегі қазақтардың Қазақстанға көші-қоны басталды.

1991 жыл – Семей ядролық полигоны жабылды.

1991 жыл 7 қыркүйек — Қазақстан Коммунистік партиясы таратылды.

1991 жыл 2 қазан – Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш президент сайлауы өтіп, көпшілік дауыспен Н.Назарбаев президент болып сайланды.

1991 жыл 8 желтоқсан – Минск қаласында славян мемлекет басшылары КСРО-ны тарату туралы шешім қабылдады.

1991 жыл 10 желтоқсан – Тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ант қабылдады.

1991 жыл 10 желтоқсан – Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1991 жыл 13 желтоқсан – Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Ашхабад қаласында бас қосты.

1991 жыл 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

1991 жыл 21 желтоқсан — Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

1991 жыл — Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқы болып Түркия мойындады.

1992 жыл — Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.

1992 жыл — Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Ішкі істер әскері құрылды.

1992 жыл 2 наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1992 жыл маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасы қабылданды.

1992 жыл 30 қыркүйек, қазан -Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтті.

1992 жыл желтоқсан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны қабылданды.

1993 жыл 13 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңестің таратылды.

1993 жыл 15 қараша — Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізді.

1993 жыл 28 қаңтар — Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды.

1993 жыл ақпан — Қазақстан Халық Бірлігі Одағы құрылды.

1993 жыл – Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды, Қазақстан ядролық қарусыз аймақ деп жарияланды.

1993 жыл – Қазақстан жастарын шетелге оқытуға арналған «Болашақ» стипендиясы белгіленді.

1995 жыл – Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикалары бірігіп Кедендік Одақ құру туралы шартқа қол қойды.

1995 жыл наурыз – Қазақстан Халықтар ассамблеясы құрылды.

1995 жыл 26 сәуір – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту туралы референдум өтті.

1995 жыл 30 тамыз – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1995 жыл – Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру шешім қабылданды.

1995 жыл – Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлімінде тойланды.

1996 жыл 30 қаңтар — Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата: Сенат пен Мәжіліс жұмын бастады.

1996 жыл – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзі жұмысын бастады.

1996 жыл — Ж.Жабаевтің 150 жылдық мерейтойы тойланды.

1997 жыл — «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды.

1997 жыл – Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.

1997 жыл – «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.

1998 жыл 1 қаңтар – Қазақстан Республикасының Зейнетақы туралы заңы күшіне енді.

1998 жыл – Астана қаласының тұсаукесер рәсімі өтті.

1998 жыл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Отан тарихы» жұрналын шығара бастады.

1998 жыл – «Халықтар тұтастығы мен мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды.

1999 жыл — «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды.

1999 жыл — Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі жарық көрді.

1999 жыл — Халық санағы өтті. Қазақстанда 14 млн. 952,7 мың адам тұратыны анықталды.

1999 жыл — ЮНЕСКО-ның шешімімен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы тойланды.

1999 жыл – «Отан» партиясы құрылды.

XXI ғасыр

2000 жыл — Мәдениет жылы деп жарияланды.

2002 жыл — Денсаулық сақтау жылы деп жарияланды.

2003 жыл – Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылды.

2003 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының І съезі болып өтті.

2003-2005 жылдар — Ауыл жылдары деп жарияланды.

2004 жыл – «Мәдени мұра» бағдарламысы қабылданды.

2004 жыл – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

2004 жыл – Білім беру жүйесінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу енгізілді.

2006 жыл 6 қаңтар – Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік әнұраны қабылданды.

2006 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының ІІ съезі болып өтті.

2006 жыл – «Отан» партиясы «Нұротан» атауға ие болды.

2007 жыл — «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының қазақ тілінде 10 томы, орыс тілінде 8 томы жарық көрді.

2009 жыл — Астанада Тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалдық мектебі ашылды.

2006 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының ІІІ съезі болып өтті.

2010 жыл— Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ны тарағалық қызметті атқарды.

2010 жыл – Астанада Назарбаев Университеті ашылды.

2010 жыл – Кедендік Одақ қызметін бастады.

2012 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының IV съезі болып өтті.

2012 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы.

Дайындаған

Марат БАЙДОЛЛА,

Павлодар қаласындағы

№19 мектептің

тарих пәнінің мұғалімі.