Абайдың исламиятқа қатысы туралы

Жоспар:

  1. Абайдың ішкі дүниетанымының сыры
  2. “Абай діні – ақылдың шартты діні
  3. Абайдың “жан сыры” туралы ойлары

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. М. Әуезов “Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні”, — деп көрсеткенде бұл пікірдің түп төркінінде үлкен тарихи шындық жатқанын ескеріп барып айтқан.

Қазақтар жалпы мұсылман деп танылса да, олардың қоғамдықой-санасында, күнделікті болмысында шешуші орынды өздерінің ата-салты, әдет-ғұрпы алатын. Осы себепті мұсылмандықты тереңіркек қабылдаған кейбір түркі тілді халықтардың билеушілері қазақтарды шала мұсылман, кейде тіптімұсылмандықтан тыс халық деп қараған.

Қазақ халқының рухани дүниесінде ХІХ ғасырдың ислам діні кең өріс алғанкезеңде болашақ ұлы ақын аулылында мектеп – медреседе оқып, алғашқыдүниетанымның қалыптасу кезеңі тұс келеді. Әкесі Құнанбайдың Меккеге барып, елде мешіт салдырып,дін жолына түскені де көз алдынан өтіп жатты.

Өткен ғасырдағы тарихи шындықты, халық мұрасын аса терең білген жазушы “Абай жолында” ол құбылыстардышындыққа сай білгірлікпен суреттейді. М. Әуезов Абайдың 25 жастан асқан шағында шет тілдерді меңгеру жолын өз еңбектерінде жіті көңіл бөліп, рухани қазынасын молықтыруға әрекетімен байланыстырып қарасытырады.

М. Әуезов дінге нанған адам ретінде Абайдың ішкі дүниетанымының сырын 1894 – 1895 жылдардағы жоқтау өлеңдерінде жиі аңғарылады деп қарайды. Бұл ерекшелік, әсіресе, Әбдірахман өліміне арналған ішкі көңіл – күйін, қайғы — наласын молырақ сезіндірген арнау өлеңдерінде бәрінен де ашықбайқалады.

  1. “Абай діні – ақылдың шартты діні”. а) “Жан құмарынан” “жан сырына” қарай. М. ӘуезовАбай діні — сыншыл ақылдың шартты діні деген тезистегі ойларын, негізінен, 1895 жылы жазылған “Лай суға май бітпес қой өткенге”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес” деген философиялық лирикасын талдау үстінде нақтылытарату арқылы аша түскен.

“Лай суға май бітпес қой өткенге” деген өлеңінде Абай тәңірге деген ішкі нанымдарының сырын ашып,өзін құдайына бас иген көп мұсылманның бірі ретінде танытады. Бірақ ойшыл ақын осы таным шеңберінде тұрып қалмай, түп иенің өзін ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады.

Абайдың жан сыры туралы аса күрделі ұғымының өзекті желісін тануға мына бір өлең жолдары жақсы көмектеседі.

Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,

Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немене екен –

Соны білсең, әр нені білгендерің?,-

дегенбұл жұмбақ өлеңінің шешуі – білмекке құмарлық. Осы өлеңдегі жан құмары деп Абай айрықша назар аударып отырған сөз терең мәнге ие философиялық ұғымды қамтиды.

  1. Абайдың жан сыры туралы ойларының желісін шартты түрде төрт топқа бөлуге болар еді:
  2. Абай шығармаларында жиі ұшырасатын жан сөзінің бір мағынасы күнделіктіөмірдегі тірлікиесі болған адам ретінде берілетіндіктен, оны осы ұғымның баламасы деп ұғыну қажет. Мысалы:

Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық…

Екі күймек бір жанға әділет пе,

Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

  1. Кейде жан сөзі Абай шығармаларында адам психикасы немесе психикалық құбылыс, көрініс ретінде де қолданыла береді. Мысалы:

Жан шошырлық түрінде

Бәрі бірдей еліріп…

Көңілімнің рахаты сен болған соң.

Жасырынба, нұрына жан қуансын, —

  1. Абайдағы жан (мен) сөзінің тағы бір қыры тіршілік иесі жан-жануарлар мен адамдарға тәңірінің берген сыйы, рухы мағынасындағы танылатын дуалистік көне таным, сарынын да байқатады. Мысалы:

Адам қапыл дүниені дер мәнікі,

Менікі деп жүргеннің бәрі онікі.

Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде

Сонда ойла, болады не сенікі?.

  1. Жан сыры табиғатын танудағы Абай көзқарасының басым жағы жанды сезім мүшелері арқылы санадан тыс өмір сүретін оьбективті дүниені біздің санамызғасәулелену процесінде пайда болатын рухани құбылыс ретінде тануында жатыр.