Жоспар:
- «Қазақтағылардың » Абай мұрасын танып бағалауы
- М.Дулатов, Н.Төреқұловтардың Абай мұрасы жайлы ғылыми – теориялық байламдары
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
- 1905 жылғы революциядан кейін-ақ Ресей қол астындағы отарланған шет аймақтарда ұлттық сана оянып, жаңадан баспасөз орындары пайда болып, көбейе түсті. Осы тұста қазақ азаматтары да қозғалып, қоғамдық ой-санаға қозғау салған газет-журналдар сала бастады. Соның бірі-“Қазақ” газеті болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының ой-санасында ояну дәуірінің басты сарыны “Қазақ” газетінде көрініс беріп жатты. Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалау, наисхаттау жайы да сол кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына сай қазақ қоғамның отаршылдық саясатқа қарсылығынан туындап отырған ұлттық сезім мен ұлттық сананың сарыны тұрғысынан жүргізіледі.
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай “Айқап”, “Қазақ” баспасөз беттерінде қазақ әдеби сынының нышаны белгі бере бастады.
Жандана бастаған әдеби сын, әсіресе, Абайдың әдеби мұрасының асыл мұраттарын, ақындық өнер жолын танып бағалау, таныту, насихаттау жолындағы әрекет қанат жая бастады. Осы мәселені қолға алып сөз етуде Ахмет Байтұрсынов пен міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов т.б. Абай шығармаларының әлеуметтік, халықтық бетін негізгі идеялық бағдарын жұртшылыққа өздері ұстанған ұлттық ояну сарыны тұрғысынан танып, бағалауға жол алды.
А. Байтұрсынов ә дегеннен-ақ Абайды оқу үстіндегі өз тәжірибесіне өзіндік түйсіну сезіміне сүйене отырып аңғартқан бір пікірі – ақын сөзін оқырман атаулының бірден ала алмайтын, тереңдеп бойлап ене бермейтін ерекшелікті ескертуінде жатыр.
- М. Дулатов “Қазақта” жарияланған “Абай”, “Дауқұмар” мақаласында айтарлықтай мәні бар келелі мәселені көтере білді. Абай мұрасын халықтың тарихи жадының көрінісі деп ұғынды.
“Қазақтағылар” Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай ұлы ақын мұрасын танып-білу, насихаттау жолында қоғамдық ойды алғаш рет саналы түрде бағыттаған ұйымдасу орталығына айналғаны байқалады. Түрлі әдеби кештер туралы хабарлар беріп, 1913 жылдан бастап абайға арналған алғашқы мақала, зерттеулері де жиілете жариялауы осының айғағындай.
Ал Нәзір Төреқұловтың “Әдебиетімізге көз салу” деген мақаласы “Қазақ” бетінде айтылған пікірлерді жалғастыра отырып, Абай мұрасы жайлы тіпті ғылыми теориялық байламдарға келеді. Яғни автор “Абайдан кейінгі қазақ әдебиет қай жолмен, қай бағытпен жүруі керек? Кімге ерсек жөн болмақ?” деген үзілді-кесілді сұрақты қоғамдық ойдың сарабына салумен ерекшеленеді.
Ұсынған автор өзіндік пікір-танымын 1916 жылдың өзінде-ақ қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі үшін күресіп, әдебиетке абайлық сара бағытты жете танып барып ұсынған. Сол себепті Абай-әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біз үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе, Абай үшін араб, парсы жолы да ашық еді. Өйткені Абай шығыстың әдебиеті мен мәдениетін Батыстан кем білмеген. Бірақ Абайдың орыс классикаық әдебиетінің реалистік бағытын ұстанып, бұл жолдың қазақ әдебиет тағдыры менболашағы үшін шешуші мәні бар жол екенін кәміл білді. Бұл пікір төңкеріске дейінгі қазақ қауымының ой-санасында Абайдың әдеби мұрасын таныту мен бағалауда сол мұраның бағыт-бағдарын жете танып білген жасампаз пікір болатын-ды.