Жоспар:
- Абай шығармаларын насихаттаушылардың бірі – Зейнелғабиден ибн Әміре
- «Насихат — Қазақия» еңбегінің мәні
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
- Абай қайтыс болғаннан кейін оның әдеби мұрасын халықтық тұрғыдан бағалап, қолдан келгенше аянбай әрекет еткен қала қайраткерлері де болды. Абай мұрасын тануда, бағалауда өіне тән үлес қосқан: Бөкейханов, Зейнелғабден ибн Әміре, әл-Жауһари әл-Омскауи, Кәкітай Ысқақов, С.Торайғыров, С. Әбішұлы сияқты ревоюцияға дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интелгенттер тобы еді.
Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушылардың бірі-Зейнелғабиден. Ол Абайдың бір топ өлеңдер топтамасын Кәкітайдан бұрын жариялап, Абай жөнінде арнайы пікір көтеріп, ақын мұрасымен туысқан татар халқын таныстыруға әрекет етті. Оның “Насихат- Қазақия” деген еңбегі Кәкітай бастырған Абай шығармаларының алғашқы жинағынан бұрынырақ жарияланып, Абайды дұрыс тұрғыдан бағалаумен ерекшеленеді.
Зейнелғабиден туған халқын мәденеті жоғары халықтар қатарына қосудың бірден-бір жолы оқу-білімді меңгеру, отырықшылыққа көшу, орыс тілін білуде жатыр деп қарады. Оның “Насихат-Қазақиясындағы” жаңашыл ой-пікірдің ұшқынын сол кездегі қазақ қауымының тұрмысы мен ой- санасындағы өзгерістердің негізінен туып отырған өмір талабының көрінісі демеске болмайды.
- Зейнелғабиден де Қазақстанның Ресейге қосылуын Шоқан, Ыбырай, Абай тұрғысынан бағалап, халықты мәдениетке тартудың жолы ағартушылық деп білгендіктен: “Адам баласы үшін қадірлі, қымбат нәрсе ақыл болып, сол ақылды жоғары басқышқа шығаратын нәрсе ғылым, өнер, мағруф болса керек”,- деп бар өмірін хаттаумен өтті.
Әдеби тілдің тазалығы туралы прнципті күресті қазақ әдебиеті тарихында Абай бастады. Бұл күрестің арғы төркінін Абай қастерлеп өткен Жүсіп Баласағұн, Қ. А. Йассауи, ұлы Әлішер Науаида жатыр.
Әдеби тілдің тазалығы үшін күрескен Абай дәстүрі Зейнелғабиден, Торайғыров еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Зейнелғабиден түркі тілді халықтар ішінде таза сақталғаны “араласып көп өзгерсіке ұшырағаны қазақ тілі деп айтуға жарайды”,-деп қараған.
Зейнелғабиден ақындықты үлкен өнер деп танып, оның ұлылығымен қасиеттілігіне орыстың ұлы ақыны Пушкинді үлгі ете сөйлейді. Өйткені “орыстардың Пушкині қызметке шейін халық тілінде сөйлеп, тарихқа жазылуы”, сол сөз өнерінің құдіретіне байланысты деп біледі. Абайға да осы тұрғыдан қарап, оның ақындық өнерін аса жоғары бағалайды. Зейнелғабиден қазақтың тіл өнерін татар халқына таныстыруды мақсат еткенде, Абай шығармаларын қазақ поэзиясының үлгісі ретінде ұсынып, оны қазақ поэзиясының ұшар шыңы ретінде таныды. Поэзияны Абай қойған талап тұрғысынан бағалауға тырысады.
1908 жылы “Уақыт” газетінің 388 санында жарияланған “Абай Құнанбаев” деген мақаланы біз Зейнелғабидендікі деп ойлаймыз.
Мақала авторы Абайды тек ұлы ақын ретінде ғана танымай, оны қазақ халқының ойшылы, білімді кемеңгері ретінде бағалап; Абай туған халқының рухани дүниесімен ғана шектелмей, Батыс пен Шығыстың рухани дүниесінен де терең сусындағанын атап өтеді, Абайдың географиямен, әсіресе, тарихпен кең тұрғыдан таныс, өрісі зор білімді кісі болғаны туралы алғаш мәлімет беріледі. Бұл айтылған пікірлерде Абай мұрасының нәр алған үш саласы жайлы М. Әуезов қалыптастырған ғылым терең танымның алғашқы нысаны жатқанын да көреміз.