Жоспар:
- «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңіндегі дін мәселесі
- Абайдың 27, 38 қара сөздерінде айтылған пікірлер
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
- М.Әуезов Абайдың исламиятқа қатысын анықтауда бүкіл абайтану саласындағы зерттеу жұмыстарында айтылар ой желістерінде негіз етіп ұстанар екінші тезисі: Абайдың діні – “ақылдың, адамгершіліктің діні”, — деген ойға тіреледі. Осы жайлы айтылған ой толғаныстардың өзекті желістерін, әсіресе, Абай өмірінің соңғы шағында жазылып, терең ойға құрық салған әр түрлі күрделі мәселелертөңірегінде сөз қозғайтын “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” өлеңін талдау үстінде берген.
- Осы ойлар желісін таратуда Абайдың 27, 38 – сөздерінде айтылған пікірлерінде де М. Әуезов көп көңіл бөлген. Осы аталған шығармаларында Абай үстірт қараған кісіге дігшіл ақын сияқты әсер де қалдырады. Бірақ үңіре зерттей қараса, Абай исламияттың кейбір түбірлі ұғымдарын сыншыл ақыл сынына салып, оны өзіндіктаным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзіндік гуманистік ойларын көбінесе дін ұғымдармен жанастыра отырып таратады. Абайда айтылатын гуманистік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин сөздердіңмол болуы, әрине, оны қоршаған әлеуметтік орта ментыңдаушылар құрамына байланысты. Исламияттық ұғым, діни сөздер молырақ қолданған шығармаларының өзінде де Абай адамшылық жайлы асыл мұраттыойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып отырады. М. Әуезов : “Абай діні — адамгершіліктің діні” деген танымынөз зерттеулерінде, көбінесе, бір ой желісін қуа талдамай, топшылап береді де, оның өзі ары қарай талдай түсуге, мәнін жан- жақты аша түсуге бейімдей құрады. Мұнда зерттеуші ақын ойының табиғатын дәл танып,оқырманды өзекті мәселеге тура бастап отырады. Қай зерттеушіге болса да өзі ұсынған ой қазығы бағыт — бағдар берумен қатар, оны ары қарай тереңірек қазып ашуға кең өріс те қалдырады.