Жоспар:
- Абай өлеңдері — ақын биографиясы жайлы деректер көзі
- Абай өмірбаянының нұсқалары
- Абай өмірбаянының архив деректерімен толықтырылуы
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
1.Биограф Абай өмірбаянын жазу жолында әрбір нұсқасын қайта-қайта өңдеп толықтыру үстінде ақынмұрасын тереңірек тану арқылы көп қырларының сырын жаңадан ашу, деректердің молығып сұрыпталуына байланысты көзқарастар болған өзгерістерге сай көптеген сонылықтар ендірген.
Абай өлеңдерінде ақын биографиясы жайлы нақты деректер өте аз көрініс береді, тіпті Абаймен тікелей араласып әр түрлі әлеуметтік қатынастарда түрлі байланыста болған жеке кісілер жөніндегі нақтылы деректердің өзі де уақыт өткен сайын көмескіленіп, өшіп кетуге айналған көптеген деректердің соңына түсіп, іздеу салу, тапқандарын жан-жақты салыстырып, зерттеу нәтижесінде автор бастапқы қалпына келтіреді. Әсіресе, Абайдың арнау өлеңдерін жинастырып,олардың кімдерге арналғанын анықтау ісіне зор еңбек етті. Осы арқылы ақын өмірінің кейбір беймәлім жақтарын тыңнан ашып, ол жазған кейбір өлеңдердің дүниеге келу, жазылу себептерін де қоса анықтап берді. Бұларды әрине ақын өмірінің кей жақтарын зерттеп білу арқылы анықтап отырды. Мысалы ретінде алсақ, “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңінің жазылу тарихы ондағы балаларға қатысты көрініс өмірде болып өткен, Абай өзі куә болған тікелей шындыққа негізделгені М. Әуезовтің ғылыми – зерттеу еңбектерінде, әсіресе, “Абай жолында” барынша терең ашылған. Абай өмірбаянының әр нұсқасын жазуға оралған сайын көптеген өзгерістер ендіріп отырған. Бұрын керегі бар деп ендірген деректерді ол жайлы өз танымына сынмен қарап тастап отырса, жаңадан табылған соны деректерді жаңа таным тұрғысынан барынша екшеп, елеп алады. Биограф танымыныңтереңдеуіне байланысты бұл өзгерістердің бәрі де Абай көзқарасының қалыптасу, даму жолындағы өмір процестерімен, ақын өлеңдеріндегі әлеуметтік сарындармен сабақтастыра көрсетуді мақсат етті.
Абай өмірін көрсетуге лайықты деректерді жаңа таным тұрғысынан талдап алудағы осы жолды лайықтап ұстанған биограф соңыра Абай өмірбаянын жазуға ұмтылған С. Мұқанов, Ә. Жиреншин, Ә. Ысқақов еңбектеріне жазған арнайы кейбір деректерді таңдап алудағы кемшілік жайларын көрсеткен.
2.Абай өмірбаянының бірінші, екінші нұсқаларында ақын өмірін не шығармаларын танып білуге, тереңірек түсінуге қатысы жоқ, тек жанама деректерде кейбір оқиғалараға байланысты аты аталатын көптеген кісілер ұшырасады. Соңғы нұсқаларада осыларға үлкен сұрыптау жүргізіп, Абай өмірі мен шығармаларына тікелей қатысы барлары ғана іріктеліп алынады.Мысалы, бірінші нұсқада 106 адам аты аталса, екінші нұсқада оның 45-і қысқартылған, ал, үшінші нұсқада 56, төртінші нұсқада 47 адам аты түсіріліп отырған.
Абай өмірбаянының алғашқы нұсқаларында ақынның орыс достары Михаэлис, Долгополов, Гросс, Леонтьев т.б. атқарған қызметін, ақын дүниетанымына әсерін бағалаудағы алғашқы танымдарына батыл түзетулер ендіре бастады. Абайдың идеялық — мәдени іздену жолында қол артқан тірегінің негізі орыс классиктері мен революционер-демократтар тобының озық идеясы болғандығына, әсіресе, төртінші нұсқасын жазу үстінде ерекше тоқталады.
Биограф Абай өмірбаянын жазуға даярлау жолында оған қажетті материал атаулының бәрін де ауызша сөйлесу, әңгімелесу, естеліктер жазып алу, жаздыру жолымен жиналуы себепті Абай өмірінде орын алған елеулі де өзекті кейбір оқиғалардың шын болмысын, болған уақытын анықтау үшін үздіксіз ізденген.
3.Алматы, Семей архивтерін жағалай қарастырып, Абайдың Қоңыр Көкшеге болыс болған жылдарын нақтылы архив деректерімен анықтайды. Абайды ірі тергеуге ұрындырған арыздарды және 1877-1878 жылғы орыс-түрік соғысына байланысты Семей уезі болыстарының архивтен табылған үндеу хатына, әрі онда Абай Қоңыр Көкше болысы атынан қол қойған деректерге сүйенеді. Осы арқылы Абайдың Семейде ірі 12 іспен тергеліп, ақталып шыққан жылы — 1877- 1878 жылдары болғанын Абай өмірбаянының ең соңғы төртінші нұсқасын жазу үстінде түпкілікті анықтайды.
Осындай аса ірі принципті мәні бар мәселенің біріне Абайдың өзі өз өлеңдерін топтастыруды тапсырған жылын анықтау жататын – ды. Өмірбаянның алғаш нұсқасында ол мерзім 1898 жыл еді деп көрсетілген. Бірақ соңғы жылдарда табылған деректер мен ел аузынан жиылған естеліктерді салыстыру, Абай шәкірттеріне естеліктер жаздыру, әңгімелесу нәтижесінде ұзақ жылдар бойы салыстырып талдау арқылы ол мерзімді 1896 жылы екенін түпкілікті анықтап береді.
М. Әуезов абайтану саласында зор орны бар Абай өмірбаянын жазуға ерте кезден-ақ айрықша мән бере қарады. Ақын өмірбаяны жайлы естеліктер жиып, әңгімелесу арқылы ел аузынан сарыққан нақтылы деректерді талдап, тану жолында әрі тарихшы ретінде жұмыс жасады.