Жоспар:
- Абай өмірбаянының ғылыми негізде жазылуы
- М.Әуезов — биограф-ғалым
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
- Абайтанудың алғашқы негізі де М. Әуезов жазған абайдың ғылыми өмірбаянында жатқаны мәлім нәрсе. Абай өмірбаянын ғылыми негізде жаза отырып, М. Әуезов абайтану саласындағы бірнеше күрделі мәселелерді тұтастай қарастыруды бірден қолға алды. Бұлай етпейінше Аай өмірбаянын жазуға кірісудің өзі қиынға соғары мәлім еді. Себебі Абайдың жаңа типтегі ақын, қоғам қайраткері боп қалыптасу процесін көрсету үшін, сол дәуірдің тарихи шындығын, яғни жасаған әлеуметтік ортасы мен араласқан адамдарын, руларын билік атаулары мен жер аттарын, ақын шығармалары нәр алғанбұлақтарын, Абай мұрасындағы жаңа бағытты, соны көзқарасты тудырған әлеуметтік мотивтерді, әсіресе, Абай өлеңдерінің жазылу себептерін, т.б. көптеген қосалқы мәселелерді қамту қажет еді.
Абай өмірбаянын қалпына келтірудегі басты әдіс – ауызша сұрау, тірі архив иелерінің естеліктерін жинау, жариялау. Ең бастысы Абай өлеңдеріндегі негізгі әлеуметтік сарындарға сүйену арқылы биограф көп шындықтың сырын ашады. Осы арқылы М. Әуезов Абай мұрасының зерттелу жолына зор үлес қосты.
Абайдың ғылыми өмірбаянын ойдағыдай жазып шығару арқылы М.Әуезов келешекте абайтану саласында зор көлемде жүргізер зерттеу жұмыстары үшін табан тірер ғылыми негіздегі ірге тасын жасап алды. 1924 жылдың өзінде-ақ М. Әуезов Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын анықтап алуға ұмтылды. “Абай”, “Шолпан” журналындағы ақын жайлы пікірлері мен орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімінің Абайға арналған салтанатты кешіндегі “Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орны” деген баяндамасы – осы әрекеттің айғағы.
Абай мұрасын зерттеушілердің ішінде алғаш рет ұлы ақын шығармаларымен толық танысып, өмірі жайлы деректерді тікелей сол ортаның ішінде жүріп, тірі архив иелерінен алып қалған М. Әуезовке абайтанудың негізін салу сияқты аса абыройлы тұғырға көтерілу тағдыры да бұйырды.
Жалпы қазақ әдебиеті тарихында Абайдай алып тұлғалы ақынның артында архив қазынасы, түрлі жазба деректері қалмаса да, негізінен, тірі архив иесі болған ақын замандастары естелігіне сүйеніп, әуелі Абайдың ғылыми өмірбаянын қалпына келтіру соңыра осы ізденістерінің негізінде дүниежүзілік мәні бар зор көлемдегі көркем туынды жазу — әдебиет әлеміндегі қайталанбас бірегей құбылыс.
- М. Әуезов Абайдың тұңғыш толық шығармалар жинағын құрастырып, текстологиялық жұмыстар атқару мен Абай өмірбаянын жазу арқылы абайтану саласындағы болашақ зор көлемдегіғылыми зерттеулер жүргізуге айтарлықтай қор жасап алды. Бұған нақтылы, айғақты дәлел – көп жылғы ғылыми зерттеулерінің қорытындысы ретіндегі Абай мұрасы жайлы монографиясы мен “Абай жолы” эпопеясы арасында іштей байланысып жатқан сабақтастықты еске алсақ та жетіп жатыр. Осы тұрғыдан қарағанда төрт рет қайта жазылған Абай өмірбаянының барлық нұсқалары мен “Абай жолы” эпопеясындағы өзекті творчестволық ішкі байланыстардың сырын ашу үшін, арнайы кең көлемдегі ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді талап етеді. Биограф бірініші кезекте Абай дәуірінде қазақ елінің тұрмысына түскен ірі тарихи өзгерістердің негізі мен ақын шығармаларындағы басты әлеуметтік сарындарды тудырып отырған замана шындығына баса көңіл бөлген. Шоқан, Ыбырай, Абай іспеттес жаңа қоғамқайраткерлері мен күрескерлерін тудырған терең тамырлы тарихи себептерді танып білмей тұрып — Абай өмірі мен шығармаларындағы жаңалық пен есіклік арасындағы келімсіз күрестің тарих сахнасына шығу, пайда болу себептерін білудің өзі аса қиынға соғар еді. Биограф Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда, әсіресе, оның соңғы нұсқасында осы аталмыш мәселеге ерекше көңіл бөлген. Зерттеуші танымы бойынша ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы натуралы шаруашылықтың іргесі сөгіліп, ыдырауға бет алуының себебі анық капиталистік қатынастың шеңберінде тартылуында жатыр. Осы процесс негізінде туындаған әлеуметтік өмірдегі таптық жіктеліс күшейіп екі жақты езгіде қалған қазақ еліндеүстем тап пен езілуші таптың мүдделері шекараланып, айқындала бастады. Отаршылық өкімет пен үстем тап мүдделері бірігіп, қалың бұқараны арсыздықпен тағыларшаталауда ұрандасып кетті. Міне осындай терең әлеуметтік тарихи жағдайларды “… алдымен өздері аңғарып, халықтарға аңғартатын әр елден шыққан халық қамқоры болған халықшыл — демократтық озат ойдыңқайраткерлері туды…”, — деп атап көрсетеді.
М. Әуезов ақын өмірбаянын қайта-қайта өңдеп, толықтырып жазу үстінде Абай өмірі мен заманы жөнінде ел аузындағы естеліктерді жинап, ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оны Абай шығармаларындағы басты әлеуметтік сарындармен салыстыра отырып, басты тарихи арнаны табады.
Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда шешуші орын алған сұрастыру, әңгімелесу, естелік жию жолымен жинастырған көл-көсір деректерді талдап, талғай қорытып алған ой тұжырымдарының көбі эпопея желісіне ендірудегі қайталанбас суреткерлік өнер бірден танылып та тұрады. Жазушы өз ойында қорытып, танып білген тарихишындығын өлі дүниені қайта тірілткендей, жанды образ арқылы құлпырта берудегі творчестволық ерен еңбектің өзі – жазушы лабораториясыныңсырын ашуға арналған ғылыми зерттеуді тілейтін ерен тақырып.