Сабақтың жоспары:
- Тараулар бойынша сюжеттік талдау.
- Абай ақындық жолының қалыптасу сатысы.
М. Әуезов Абай жайлы романдарын жазу барысында ұлы ақынның әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы мәселеге оралып, көпжылдар бойы зерттеу үстінде жинақталған ойларын, өзінше екшеп алған танымдарын көрсетуді мақсат етеді. Осыған байланысты ол 1944 жылы қараша айында Абайдың ақындық мектебі туралы тақырыпқа арналған 9 бөліктен тұратын тезис жазады. М. Әуезовтің бұл тезисті жазудағы мақсаты болашақ эпопеяның сюжеттік желісіне арқау боп өрілер Абайдың әдеби ортасы мен Абай маңына топтасқан өнерлі жастардың озық өкілдері ретінде ақын шәкірттер бейнесін жасауды жоспарлау еді.Абайдың ақындық мектебі туралы М.Әуезовтің ғылыми ой-пікірлерінің негізгі бағыттары осы тезистен айқын көрінеді.
М.Әуезовтің осы тезистегі ғылыми ой тұжырымдарын көркем шығармаларында қалай жүзеге асырғандығы жөнінде М. Мырзахметов: «… Бұрынғы зерттеулерінде көбірек қарастырып, ойға түйген Абай ақындығының айналасы жайлы ойлар төркіні соңыра эпопея желісіне әр қилы көркемдік тәсілдер арқылы сіңісе бастады. Әсіресе Абай мектебі немесе ақын шәкірттері жайлы ой тұжырымдары әуелі «Ақын аға» романында мол көрінді».
Ғалымның осы пікірлері кең түрде таратып айтуды қажет етеді. Шындығында Абай ақындығының айналасы жайлы мәселе М. Әуезовтің көркем шығармаларның желісінде орын алған .
Төрт томдық эпопеяны оқытудың (санаулы сағаттар ішінде ) ерекше маңызды әрі, қиын мәселе екендігі түсінікті. Сондықтан суденттерге, ең алдымен, эпопеяны өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.
Үлгі:
«Абай жолы» — І кітап
Бөлімдер : «Қайтқанда ». Басты оқиғалар:
а) Абай Семейден елге оралады.
ә) Қодар мен Қамқа өлімі
б) Абайдың ауырып қалуы, ақын Байтастардың Ұлжан мен Зереде қонақта болуы.
Негізгі кейіпкерлер: Абай, Ұлжан, Зере , Құнанбай, Қодар, Қамқа, Майбасар, Бөжей, Сүйіндік.
Эпопеяны қалай талдау керек. Эпопеяны талдау барысында кейіпкерлерді жеке дара қарастырмай, бас кейіпкер, эпопеяның алтын тұғыры-Абай мен оның заманы-феодалдық қоғаммен байланыстыра талдау шығарманың негізгі мәні, қасиеті, құдіретін сақтай отырып, түсіндіруге жол ашады. Талдауға былай келуідің басты себебі, эпопеяда сөз болатын барлық мәселелер Абайға келіп тіреледі, барлығы Абай айналасында, олар өмір сүріп отырған замана қайнауында жүріп жатады:
- Абай жолының қалыптасу сатысы.
- Абай, феодалдық қоғам және Құнанбайлар.
- Абай , феодалдық қоғам және Дәркембайлар, т.с.с., деп жүргізудің, білімділік, танымдық жағынан болса да, маңызы зор болмақ.Себебі не ? Біріншіден, «Абай»- тарихи роман. Бас кейіпкер- тарихи тұлға . Оның сомдалуы, ұлы ақын, демократ, гуманист, ағартушы дәрежесіне жетуі сол өзі өмір сүрген қоғаммен, оның өкілдерімен күресте қалыптасады, күресте толысады.
Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып пайдаланудың тиімді жағын : төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әсіресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.
М. Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:
Бөлімдер | Негізгі оқиғалар | Абайдың іс-әрекеті |
«Абай аға» | 1.Абай жастар арасында
2.Еңлік-Кебек қабірінің басында |
Абай-ұстаз , тәрбиеші, ақылшы. Замана шындығынан сыр шертіп, дала тағыларының сұмдығын жастар алдына ашып тастайды. |
Жалғасы.Абай бейнесі (ІІІ-ІҮ кітаптар бойынша)
Бөлімі | Басты оқиғалары |
“Тайғақта” | 1.Құнанбайдың Меккеге аттануы.
2.Дәрменді ертіп келіп, Дәркембайдың бала қарызын талап етуі. 3.Абайдың Дәркембайды арашалауы,т.с.с. |
Ескерту: үзінді ғана көрсетіліп отыр.
Осындай сюжеттік талдау,кейіпкерлерді мәтін арқылы дәлелдей отырып талдау, әрі оқырманғада осындай талап қою да таптырмайтын құрал. Бұл тәсіл оқушыларды тәжірбиеде өте жиі кезігетін құрғақ баяндау, құрғақ мінездеулерден сақтандырады, негізгі оқиғалар, оған байланысты кейіпкер іс-әрекеті арқылы дәлелді талдау жасалады, мәтінмен, кітаппен жұмыс бірінші кезекке қойылады.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995
7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995
8.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
9.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968
- Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-
áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988
11.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,
“Ñàíàò”,1977
12.Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997