Сабақтың жоспары:
1.М. Әуезов-ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығарма жазған жазушы.
- «Татьянаның қырдағы әні» (1937) әңгімесі.
- «Абай» атты трагедиясы (1939)
- «Абай» операсының либреттосы (1944)
- «Абай» жырлары атты көркем суретті фильмнің сценарийі.
- «Абай жолы » эпопеясы.
Әдебиеттану ғылымында абайтану проблемалары бойынша талмай ізденіп, еңбек еткен, оның ғылым саласы ретінде қалыптасуына ат салысып, бірегей зерттеуші атанғанымен, М. Әуезов бұл салада бағымызға қарай жалғыз емес еді.
Оның алдында XX ғасыр басындағы ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілдері, ірі қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов бастаған оқымыстылар, зиялылар тұрды. Олар ұлы ақынның өмірі, шығармашылығы жөнінде арнайы монографиялық зерттеулер жазбағанымен, Абай жайлы аз да болса қалам тартып, келелі ой-пікірлер айтқан болатын. Әсіресе кейінгі кезеңде Абайды зерттеушілердің өзі жаңбырдан кейінгі дүркіреген көктей бір қауым ел болды. 1988 жылы «Ғылым»баспасынан М. Мырзахметовтың авторлығымен жарияланған «Абайтану» деп аталатын библиографиялық көрсеткіште шамамен 1889 – 1985 жылдарда жарық көрген жүздеген автордың мыңдаған еңбегінің аты аталады.
Ақын шығармалары тек әдебиеттану ғылымының ғана емес, сондай-ақ тіл білімі, тарих, философия, педагогика ғылымдарының да зерттеу объектісіне айналды.
Абайтану ғылым ретінде ғалымдардың жан-жақты зерттеуінің, қыруар еңбегінің жемісі болғанымен, ол Абайды, Абай өмір сүрген дәуірді, ол өскен ортаны халыққа таныту үшін жеткіліксіз болған болар еді. Өйткені онда ақынның жанды бейнесі жоқ, өмірлік деректер құрғақ баяндалады. Осы тұрғыдан қарағанда, ғылым көркем өнерімен бәсекеге түсе алмайды. Мыңнан тұлпар таланттарға ғана тән сөз өнерінің құдіретіне ешкім шек келтіре алмаса керек. М.Әуезовтің «Абай» романын тамсана отырып оқып шыққан неміс жазушы Альфред Курелланың: «Сіз сол (Абай өмір сүрген – С. Б.) дәуірді көзіңізбен көргендей айна-қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды…» — деген сөздерінің шындығына иланбасқа болмайды.
Ғылыми тұрғыдан Абайды әр қырынан танытушылар едәуір болғанымен, оның ұлы ақын, азамат, қайраткер ретіндегі жанды бейнесін көркемөнердің құдіреті арқылы туған халқына, шет жұрттықтарға таныту тек М. Әуезовтей сөз зергерінің еншісіне ғана тиген еді.
Өзінің терең білімдарлығымен, асқан ақындығымен дүниежүзілік мәдениеттегі Фирдоуси, Пушкин, Толстой, Гете, Байрон тәрізді ұлы классиктермен терезесі тең суреткер, кемеңгер ойшыл Абай тұлғасын көркем әдебиетте кемеліне келтіре суреттеп сомдау М. Әуезов үшін творчестволық жүгі ауыр, жауапты міндет болатын. Ол өзінің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын жазбас бұрын қыруар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар үлкен көркемдік ізденіс сатыларынан да өтті.
Егер М. Әуезовтің Абай жайлы тұңғыш ғылыми еңбегі 1918 жылы жазылып, «Абай» журналында жарияланса, оның ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығармасы «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі 1937 жылы жарық көрді. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің қаза болуының 100 жылдығы қарсаңында жазылған бұл әңгіме кейін Абай жайлы романдарының екінші томының соңғы тарауы болып ендіріледі.
1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп «Абай» атты трагедиясын, 1942 жылы «Абай» романының 1-кітабын, 1944 жылы «Абай» операсының либреттосын, 1945 жылы «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценариін жазды. 1947 жылы «Абай» романының екінші кітабы, 1950 жылы Абай жайлы романдарының үшінші кітабы «Ақын аға» деген атпен шықты да, 1952 жылы қайта басылымында «Абай жолы» деп өзгертілді, 1954 жылы осы атпен төртінші кітап жарық көрді. Үш түрлі атпен жарияланып келген бұл шығармалар 1961 жылы тұтас «Абай жолы» деген атпен жарияланды.
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, М. Әуезов өзінің ұлы ақын жайлы көркем шығармаларына, бас кітабы «Абай жолы» дәуірнамасына ширек ғасырдай өмірін арнаған екен. Сол ширек ғасырдағы жазушының инемен құдық қазғандай ұшан-теңіз еңбегі босқа кеткен жоқ. Роман-эпопея қазақ әдебиетінің шоқтығын көтеріп, даңқын дүние жүзіне шығарды.
Есімдері бүкіл әлемге әйгілі, айтулы қаламгер, оқымысты ғалымдар роман-эпопеяны аса үздік шығарма деп танып, жоғары баға берді. Мысалы, француз жазушысы Луи Арагон: «Эпикалық роман «Абай», менің ойынша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі… әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын». Камерун жазушысы Бенжамен Матип: «Шынында, бұл қазақтар неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!»
Шыңғыс Айтматов: «Өз халқына тән парасаттық, ғұрып пен рухтың кескін-кейпі ретінде «Абай», сөз жоқ, дүниежүзілік дәрежедегі ұлттық жеңістік. Әуезовтің қазақ халқына, оның әдебиетіне сіңірген орасан еңбегінің бірі осы деп білген жөн».
Альфред Курелла (неміс жазушысы): «Сіз әлі Абайды» оқыған жоқпыз?! Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандармен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі».
Зейнолла Қабдолов: «Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов,» — деген пікірлер айтты.
М. Әуезовтің ұзақ жылдар бойғы қажырлы да шабытты еңбегінің жемісі болған «Абай жолы» роман-эпопеясы «…көркемдіктің барша қасиетті сырын бойына жинаған XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс, тұрмысының бар қырынан жан-жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопедиялық» туынды болатын.
Осы шығармалар арқылы әдебиетте жарты ғасырлық қазақ
өмірінің көркем белгісі жасалды, халықтың ардақты перзенті данышпан ақын Абайдың өлмес те өшпес жарқын бейнесіне лайық саф алтыннан зәулім ескерткіш соғылды.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995
7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995
8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997
- Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-
áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988
10.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,
“Ñàíàò”,1977
11.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.
(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987
12.Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997