Әріп Тәңірбергенов – ұлы Абайдың шәкірттерінің бірі, талантты ақын.

Сабақтың жоспары:

  1. Әріп-Абайға ой санасы жақын ақын.
  2. Абай мен Әріп шығармаларының сабақтастығы.

М.Әуезов 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында да Әріп есімін Абайдың ақын шәкірттерінің қатарында ауызға алады. Зерттеуші Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде сыналған ақындардың бірі осы Әріп екенін, оның бұған қатты намыс қылып кектеніп, Абайдан есесін қайтармақ болып, «Біржан – Сараның» айтысын шығарғандығын айтады. Бірақ арада он бес жыл уақыт өткеннен кейін М. Әуезов өзінің алғашында айтқан: «Біржан — Сара» айтысын шығарған Әріп. Біржан, Сара Әріпке әншейін ойдан шығарған геройлар есепті ғана керек…» — деген пікірінен қайтып қалады. Абайдың ақындық айналасын жетік білген Әуезовтің Әріп туралы әр кезде әр түрлі пікір айтуына не себеп болды деген сұрақ туады. «Жазушы мұндай өзгеріске саналы түрде барған сияқты, алғашқысы қалтықсыз көңілден шыққан шын ойы болса, екіншісін уақыт талабына, заман ауқымына қарай амалсыз жасалған жүріс деп білеміз».

Әріптің Семей уездік училишесінде оқып жүрген жылдары (1877-1881) Абайды көріп-біліп ұстаз ретінде таныған уақыты. Әр жыл сайын Семейге ұзақ уақытқа келіп, кітапханада болып, Михаэлис сияқты достарымен, қалада оқып жүрген қазақ шәкірттерімен Абайдың бас қосып мәжіліс құрып тұратан әдеті болғаны мәлім. Ұлы ақынның мұндай мәжілістерінің мән-жайы бізге Көкбай ақынның өлеңдерінен белгілі.

Әріп те Абайдың мәжілістеріне қатысып жүріп, оның тарих, әдебиет, өнер-білім жайында айтқандарын есітіп, біліп, ұққандарын көңіліне түйіп, ұлы ұстаздың тағылымымен өнер жолына мықтап түседі, өлең жазумен қатар оқиғалы шығармалар жаза бастайды. Абайдай өлең сөздің құдіретіне айналған тағылымы мол ұстаздан дер кезінде үлгі-өнеге көрген Әріп осы кезден бастап өмір бойы қолынан қаламын тастамай шығармашылықпен айналысады, артына мол, талантты дүниелер қалдырды.

Әріптің басқа ақын-шәкірттерге қарағанда өмірі де өзгешелеу болды. Ол Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, Мағауия сияқты үнемі Абай қасында бола алған жоқ. М. Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» (1934) деген мақаласында Әріптен басқа осы төртеуін атауы да сондықтан шығар.

Ақындық сапарын ерте бастаған Әріп шығармаларының тақырыбы да сан алуан.

Ақын шығармашылығындағы М. Әуезов назар аударған ғылым, еңбек, әйел халі және елге жуандық жасаушы содырлар туралы өлеңдеріне біраз тоқталмақпыз. Әріптің осы тақырыптағы шығармаларының дені оның ақындық шеберлігі толысып кемеліне келген кезі 1890 жылдары жазылған болатын. Бұл оның өлеңдерінің идеялық мазмұны тереңдей түскен, ұстаз ақынның әдебиеттегі реалистік дәстүріне жақын келген тұсы еді. Әріптің «Еңбек туралы» деген көлемді өлеңі айтар ойы, идеясы жағынан ұстазы Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Сегі аяқ» өлеңдерімен мазмұндас. Абайдың бұл өлеңдеріндегі елге қойған бір кінәсі «жақсы мен жаманды айырмадың» болып келсе, Әріпте:

Адалды – адал, арамды – арам демей,

Қара Жаһил надансың, қасқыр түсті.

Шындығында қазақты құртып келген бір кесел – жақсы мен жаманды, арам мен адалды айыра алмайтын надандық екені белгілі. Әріптің осы өлеңіндегі:

Күн ұзын ел қыдырып, сумен қағып,

Өтірік пен өсекке судай ағып,

Екі табақ ет жесең еліресің,

Жерден алтын тапқандай масаттанып.

Терлеп еңбек істерлік біреуің жоқ,

Бар әдетің бос жүрген пәле бағып, — деген шумақ Абайдың«Сабырсыз, арсыз еріншек»өлеңіндегі аңдығаны тек өсек пен өтірік, іздегені пәле, шаруаға қырсыз, даңғой, мақтан құмар адамдарды сынайтын шумақтарын еске түсіреді.

Әріп те ұстазы Абай сияқты еңбек етпей, елді алдап, ұрлық-өтірік, қулық-сұмдықпен күн көрушілерді батыл әшкерелейді. «Еңбек туралы» өлеңінен соң Әріп өз заманындағы әйел халін суреттейтін «Қалың мал туралы» өлеңін жазады. Әйел теңдігі ежелден халықтың көкейкесті арманы еді. Бұл мәселе халық поэзиясында да, XIX ғасырдағы Абай бастаған жазба әдебиетке де көрсетілген әлеуметтік тақырыптардың бірі болатын. Әріптің бұл өлеңі де Абайдың осы тақырыптағы «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңімен сарындас. Абай өз өлеңін жас қызды кәрі шалға беру тәрізді ел ішіндегі сорақылыққа қарсылық ретінде жазғаны белгілі.

М. Әуезов Әріпті Абайға жақындастыра түсетін оның елге зәбір көрсетуші озбырлар жайлы сыншыл, сатиралық өлеңдері деп атап көрсеткен болатын. Ақын «Қабанбайға», «Найман Серікбай қажыға», «Қалыбек биге айтқаны», «Байтоқаның қызына», «Тәуірбек болысқа», «Қапылдың тірлігі» және т.б. өлеңдерінде замандастарының жағымсыз қылықтарын үнемі әшкерелеп отырған, қаймықпай батыл сөйлеп, өзінің оларға деген көзқарасын үнемі ашық білдірген. Әріптің бұл өлеңдеріндегі мысқыл, әжуа Абайдың осы тақырыпта жазылған «Мәз болады болысың», «Болыс болдым мінекей», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдеріндегі уытты сатирамен ұштасып отырады. Әріп сатирасының бір өзгешелігі олар көлемі жағынан шағын, алғашқы шумақтар кекесін мен келемеж түрінде келеді де, олар соңғы шумақта өткір сатираға айналып, түйінді ой ашық айтылады. Әріп ақынның мұнан да басқа көркемдік, реалистік сипаты жөнінен ұстазы Абаймен үндесетін шығармалары мол. Жоғарыда сөз болған өлеңдер Абай шығармаларымен көбіне мазмұн жағынан ғана үйлесіп келсе, «Нәпсіге», «Дүние туралы», «Албырып өскен жігіттік» деген өлеңдері ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және т.б. өлеңдерін көркемдік қадір – қасиеті, сөз қолданысы, сыртқы, ішкі ұйқас, буын, бунақ, тармақ, дыбыс әуезділігі жөнінен де еске түсіреді.

Абай өлген соң, арттағы жас қауым ендігі жерде Әріп ақынды ұстаз тұтқан сияқты. 1924 жылы Әріп қайтыс болғанда, оның шәкірттері көптеген жоқтау өлеңдерін шығарып, ақын есімін құрметтеп еске алады. Әріптен тікелей дәріс алған Шұғыбан Қауметов:

Абайдың ізін басқан данышпаным,

Аянбай надандықпен алысқаным.

Орыс, қытай, араптың тілін біліп,

Ғылымның шыңына өрлей ғарыштадың, — деп жоқтаса, сол кезде жиырма жастан жаңа асқан жас ақын Шәкір Әбенов оны:

Ғылымнан он екі пән хабардар боп,

Кеудеңе түсіп еді күн дидары, — деп сипаттайды.

Абай дәстүрін жалғастыру ісі оның өз айналасынан осылай басталғанымен еш уақытта бұнымен толастамайды. Академик З. Ахметов айтқандай, ол «… одан кейінгі кезеңдермен, қазіргі әдеби процеспен ұласып жатыр». Біз бұл зерттеуде Абайға бірден-бір жақын тұрған, тікелей мирасқор болған ақын-шәкірттер – Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп шығармашылығы жайында М. Әуезов зерттеулері тұрғысынан ғана сөз қозғадық.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

  1. Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

7.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

8.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995

9.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968

  1. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

11.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

12Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.

(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987