Шәкәрім Құдайбердиев- Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті.

Сабақтың жоспары:

  1. Шәкәрім-Абай мен болашақ ұрпақ алдындағы рухани пікірдің ролін атқарған қаламгер.
  2. Қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрына қосқан үлесі.
  3. Шәкәрім шығармаларының Абайға үндестігі.

Тәуелсіздікке барар жол халқымыздың ұлт ретінде рухани қайта түлеуімен, оянуымен тұстас келді. Тәуелсіздік қарсаңында есімдерін айтуға тыйым салынған, баспасөзде ұмыт қалып, бірен-саран ересектердің ғана жадында сақталған Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, Ж, Аймауытов сынды арыстарымыз Қазақстан үкіметінің қаулыларымен арағап 50-60 жылдай уақыт салып, туған елімен қайта табысты, мәңгілік өлмес өмірге қадам басты.

Қазақ әдебиетінің көгінде сол қайта жанған жұлдыздардың бірі, ұлы Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаушы Ш. Құдайбердиев екендігін барша қауым танып отыр. Оның ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы ретінде артына мол мұра қалдырған жан-жақты қаламгер болуына, ең әуелі, ұлы Абай поэзиясы айтарлықтай әсер еткені даусыз. Сондықтан ,алдымен, М. Әуезовтің Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі әрі жасы жөнінен де үлкені, ұзақ жасағаны Шәкәрім туралы қысқа пікірінің өзін таратып айтып көрейік. Ақынның қазақ тарихынан жазған салт жырлары “Қалқаман –Мамыр” мен “Еңлік – Кебекті” зерттеушінің тақырыбы жөнінен өзгеше шығармалар деп қарауында үлкен мән бар.

Шындығында, ұлттық өлең жанрында өзіндік із қалдырған Ш. Құдайбердиевтің қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрын дамытуға да көп үлес қосқандығы қазір баршаға белгілі болып отыр.

“Қалқаман – Мамыр”, “Еңлік -Кебек”, “Ләйлі – Мәжнүн” поэмаларында оның ақындық дарыны айрықша көрінеді. Сондай-ақ Шәкәрімнің 1929 жылы жазылған бізге қолжазба қалпында жеткен “Нартайлақ – Айсұлу” поэмасы да бар.

Сырттай қарағанда, Шәкәрпім поэмаларының тақырыптары ұқсас биік махаббатты жырлау болып көрінгенімен, оның әрқайсысында әр заманның тынысы, ондағы қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатнастар астары бар.

Зерттеуші ғалым М. Мағауин ақын поэмаларының тақырыбы мен жанры туралы былай дейді: “Шәкәрімнің үш поэмасы да (“Қалқаман – Мамыр”, “Еңлік -Кебек”, “Нартайлақ — Айсұлу”) ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих – фон ғана, автордың назар аударғаны — әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы.. Жанрлық тұрғыдан алғанда “Қалқаман — Мамыр” лиро-эпикалық жырға бейім, “Еңлік – Кебек” әлуеметтік дастан, ал, “Нартайлақ — Айсұлу” махаббат драмасы дер едік”.

Шәкәрім өмірінің алғашқы жартысын Абайдай кемеңгер ағаның, ұлы ақынның қасында өткізссе, оның рухани бесігінде тербеліп өсіп, оның тәлім-тәрбиесін алса, өмірінің кейінгі кезеңінде өзі де М. Әуезов сынды болашақ ұлы жазушыға, ғұлама ғалымға рухани аға, ұстаз бола білді.

Басқасын былай қойғанда, Шәкәрімнің “Еңлік — Кебекті” жырлауын, оны М. Әуезовтің алғаш болып сахналануын айтсақ та жеткілікті. Осы орайда көрнекті ғалымдар Ә. Тәжібаев пен Ш. Сәтбаеваның мына бір пікірлерін айта кеткен орынды.

“… Біз бүгінгі қауым адамдары да Еңлік пен Кебекке, оны жырлаған Шәкәрім ақынға қайран қаламыз, оларға қызыға, қызықтай қараймыз.

“Еңлік – Кебекті өзінің атақты драмасына айналдырған, сол арқылы тұңғыш драмашымыз болып танылған Мұхтар Әуезов те Шәкәрім рухына қарыздар екенін ұмытқан емес. Біз мұны бүгінгі жас қауым үшін айта кетуіміз керек”.

Абай мен болашақ ұрпақ алдындағы үлкен рухани көпірдің ролін атқарған Шәкәрімнің М. Әуезовке Абай жайлы, өзі жайлы ғылыми зерттеу еңбектері мен көркем шығармалар жазу үшін көп материалдар бермеуі мүмкін емес.

Қазіргі әдебиет зерттеушілері Шәкәрімнің “Еңлік — Кебек” дастанын оның шығармашылығындағы үлкен белес, қазақ әдебиеті тарихында да өзіндік орын алуға жарарлық шығармалардың бірі деп бағалап жүр.

Қазақ даласындағы тайпалардың өзара қарым-қатынастары бір-біріне дүрдараздығы, ру басшыларының қақтығыстары, олардың қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы Шәкәрім ұстазы Абай тәрізді көп толғанады. Сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеп, қайғылы оқиғаны поэмасына өзек етіп жазу арқылы, ондай озбырлықтың қайталанбауын тілек етіп , ел есіне салуды ойлады. Шәкәрім поэмасында да адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, ел билеушілердің әділетсіз әрекетіне наразылық, қос ғашықтың трагедиясы әсерлі баяндалады. Дүниеге ғашықтық пен ынтызарлық үшін жаралғандай жүректері шұғылалы, ниеттері аппақ, армандары раушан гүліндей таза, көктем көбелегіндей күнәсіз Еңлік пен Кебек батыр қатал заман, қатыгез үкім құрбаны болып, қайғылы қазаға ұшырайды.

Шәкәрім осы қайғылы оқығаны жазудағы мақсатын поэманың соңында:

Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?

Аларсың көп ғибрат байқағаның,-деп, оқырманына ой сала отырып, бітіреді.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10.°áäi¹àçèåâ Á. Àñûë àðíà. Àáàé ä¸ñò¾ði æ¸íå ظê¸ðiì. À., “²àçຠóíèâåðñèòåòi”,1992

11.ظê¸ðiì ²½äàéáåðäèåâ.Øû¹àðìàëàðû. À., “Æàçóøû”,1988