Абайдың ақындық мектебі

  1. Сабақтың жоспары:

  1. Абайдың ақындық ортасы.
  2. Абайдың әдебиет мектебі.
  3. Абайдың өз тәрбиесінде болған шәкірттері.
  4. Абай өлеңдерінің үлгісінде жазған ақын-шәкірттері (Ә.Тәңірбергенов, т.б.)
  1. Теориялық мәліметтер

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ұлы ақынымыз – Шәкәрім. М. Әуезов өзінің 1934 жылы жарияланған «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында: «Біз Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен бірнеше ақын туралы ғана қысқаша айтып өтеміз. Мұндай ақын – төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия. Абайдың өз балалары. Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері», — деп жазды.

Абайдың өз тәрбиесінде болған және Абайдың ақылы мен сыны бойынша тақырыптар таңдап, арнаулы шығармалар жазған, анық шәкірт ақындары айтпақпыз.

Жалпы алғанда, Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасында арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен.

1909 жылы ақынның кітабы баспадан шыққан соң, Абайға еліктеп өлең жазушылар Қазақстанның қай өлкесінде болса да кездесетін болады.

Абайдың өз айналасында үнемі бірге болып, ұлы ақынның анық жақын шәкірті болған ақындардың шығармаларынан айқындай көріне түсетін Абайдың өзінің ерекшелігі болады.

Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине, олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға ақын мен іні ақындардың екі буыннан құралатын болса, ең алдымен сол әдебиеттік мектепте басшы ақынның бағыты, стилі, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық көркемдік жаңалықтары – қысқасынан айтқанда, барлық қасиеттері әралуан түрде бой көрсететін болады. Абай шәкірттерінің дәл осы жөніндегі табыс нәтижелерін айтқанда, олардың бірде бірі Абай жеткен дәрежеге жеткен жоқ. Ең алдымен Абайға таланты теңдес болған жоқ және әсіресе Абайдың ағартушылық, әлеуметтік, идеялық, көркемдік кең масштабы оларда болған жоқ дейміз.

Қазір біз бөліп алып тексеретін қазақ ақындары осы соңғы айтылған жайлардың кейбір жақтарынан ғана өз шамаларынша бағалы өзгешеліктер таныта алады. Сонысымен Абайдың бар жағы болмаса да, бір жағын, бір қырын айқындап дамыта түсті, осының өзімен Абай шәкірті дегізерлік мүмкіншілік берді дейміз.

  1. Бақылау сұрақтары:

  1. Ұлы жазушы мұрасын танып, бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі.
  2. Абайтану проблемалары.
  3. Абайдың ақындық ортасы.
  4. Абайдың әдебиет мектебі.
  5. Абайдың ақындық мектебі туралы.
  6. Абайдың ақын шәкірттері.

  1. Студенттің үй тапсырмасы

  1. Абайдың ақын шәкірттерін М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектері бойынша тану.
  2. «Абай ақындығының айналасы» мақаласының мәні.
  3. «Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» еңбегінің маңызы.
  4. «Абайдың ақындық мектебі туралы» тезисінің тарихи-ғылыми мәні
  5. Қ.Мұхаметхановтың Абай шәкірттері туралы еңбегін талдау.

  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Абайдың ақындық мектебі, әдеби ортасы, ақын шәкірттері туралы талдау жүргізу

— конспект жазу.

  1. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

— баяндама;

-реферат;

— тестілік сауалнама.

  1. Әдебиеттер тізімі

  1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995
  2. Сыздықов К. Мұхтартанудың беймәлім беттері. – А., 1997
  3. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991
  4. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000
  5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі – А., 1995
  6. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995
  7. Абай. Энциклопедия. -А., «Ата мұра» , 1995
  8. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997
  9. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998