Жоспары:
- Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері.
- Олардың тақырыптық- мазмұндық сипаты.
- Абай қара сөздерінің тілі, стилі.
Ақын творчествосынан елеулі орын алатын шығармаларының бір саласы- оның поэмалары. Олар: „Ескендір”, „Масғұт және Әзім әңгімесі”. Бұл- ақынның лирикадан- оқиғалы, көлемді шығарма жазуға ойыса бастаған кезеңін танытатын маңызды еңбектер. Абай өзінің поэмаларында да жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік, адамгершілік идеяларын көтерді. Мысалы, өзінің „Ескендір” поэмасында Александр Македонскийдің озбырлыған, соғысқұмарлығын, дүниеқорлығын әшкерлейді.
Абайдың „Масғұт” поэмасы да- жаңа идеяға негізделген шығарма. Ақын өз поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамгершілік үшін күрескер етіп көрсетеді. Абайдың аяқталмай қалған „Әзімнің әңгімесінің” сюжеті бізге араб ертегісінен „Мың бір түн” қаhарманы Шахризада хикаяларының бірінен мәлім Хасан зергердің әңгімесіне ұқсайды. Ақын хикаяны түгел баяндамайды. Тек алданған жас зергердің оқиға тарихын беретін жайлары ғана алынады. Сондықтан Абай ертегінің сюжетін ғана қайта жырлап бермейді. Мұнда да ақын өзінің адамгершілік идеясынан туғанпікірлерін уағыздаумақсатын көздейді. Пушкиннің орыс әдебиетінде романтикалық мектептің негізін қалағаны сияқты Абай да өз айналасына тілектес ақындар топтады. Шәкәрім (1858-1931), Ақылбай (1868-1904), Мағауия (1870-1904), Әсет Найманбай ұлы (1864-1923) сияқты ақындарды тәрбиелеп шығарды.Бұл жас ақындар Абай бастаған романтикалық поэма жанрын ілгері дамытты. Қазақ әдебиетінде бұрын болмаған жаңа поэмалар туғызды.
Абайдың қара сөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмұндас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза, публицистика. Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы.
Абай қарасөзге бет бұруы ойламаған жерден ойға алған кездейсоқ емес, керекті, заңды бетбұрыс еді. Таланттың өзін туғызатын тарихи әлеуметтік жағдай, халықтың қалың ортасының керегі болса, оның творчестволық ізденістеріне бастау да сол.
Көңіліндегі көрікті ойдың өңін қашырмай халыққа жеткізу, өнеге қалдыру, ақыл айту, оны терең толғантты, қиялы қанағаттанып, шабыт биігіне көтерілді. «Ақыры ойладым,- дейді Абай,- осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішішен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын , «керегі жоқ» десе, өз сөзім өзімдікі». Осы ойға кіріскен Абай , өзінің көтерген мәселесін ұзақ желіге құрып, оқиғасын көркем бейне арқылы ашуды мақсат қылмайды. Ол өзінің айтпақ болған ойларын, өлеңдерінде көтерген мәселелерін көлемі шағын, мазмұны бай, сөзі орамды, тілі өткір қарасөздер арқылы қысқа ғана әңгімелеп береді.
Жанрлық іздену жолында ол шығыстың ғылыми трактат, тастих ретіндегі шағын үлгілерін, Жәмидің қарасөзді ғаклияларын есте ұстағаны даусыз.
Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек.Абайдың қарасөздерінде шағын прозаның мынадай түрлері бар:
- Өсиет ғақлияға Абайдың адамгершілік мораль, мінез-құлық туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни ғибрат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады. Олар: «Он үшінші», «Жиырмасыншы», «Жиырма сегізінші», «ОТыз сегізінші» сөздері деуге болады.
- Тастих (утверждение) немесе философиялық трактат. Бұған Абайдың философиялық ойларын, дүниеге көзқарастарын білдіретін ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады. Мысалы, «Жетінші сөз» «Он жетінші сөз », «Қырық үшінші сөз», «Қырық бесінші сөз».
- Нақыл тұспал сөз. Қарасөздердің ішінде „Отыз жетінші сөзде” афоризмдері көп.
- Әңгіме, кеңес ретіндегі диалог, монологтарында Абай кейде екі адамды не адам мүшелерін сөйлестіріп, кеңестіреді. Мысалы: „Төртінші”, „Бесінші”, „Сегізінші”, „Тоғызыншы”, „Онынышы”, „Он екінші”, „Он алтыншы”, „Он тоғызыншы”, „Жиырма бесінші”, „Жиырма жетінші”, „Отыз бірінші”, „Отыз екінші”, „Қырқыншы” сөздері.
- Публицистикалары: «Бірінші», «Екініші», «Үшінші», « Он төртінші», « Жиырма төртінші», «Жиырма алтыншы», « Жиырма тоғызыншы», « Отыз үшінші», « Отыз тоғызыншы», « Қырық бірінші», « Қырық екінші» сөздер және «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» мақаласы.
Абай қазақтың болыс, билерін, байларын келеке етті, елдегі қырсыздық, еңбексіздік, надандық, діншілдік тағы басқа жағымсыз істерді сынай сөйлеп, « Алтыншы», «Он бірінші», « Он төртінші», « Жиырма екінші», « Жиырма тоғызыншы», « Қырық бірінші» сөздерінде публицистиканың сын-сатира, эссе, очерк, мақала, памфлет жанрларын әдебиетке әкелді.
Қысқасы, бұл сөздер арқылы Абай өз заманының ірі бұқарашыл публицисі болды. Ол қазақ жазба әдебиетіндепублицистикалық прозаны бастады. Қазақ публицистиканың басы болды. Абай публицистикасы өз кезінің келелі мәселелерін көтереді. Феодалдық қоғамның кертартпа салт-санасына қарсы сын айтты. Өнер-білімге үндеді. Көрші орыс елінің мәдениетін үлгі етті.
Абайдың прозасы- қиял прозасы емес, өмір прозасы. Ол-обьективтік шындықтың шешендік қорытындысы, ғылымға негізделген терең ой тебіреністер, адам мінезін бейнелейтін әсерлі әңгіме, деректі эссе, көркем публицистика, насихатшыл дидактика.
Абайдың қарасөздері тек жанры- прозалығы жағынан ғана маңызды шығарма емес, сонымен бірге, ол өзінің тілі, стилі жағынан да аса маңызды еңбектер.
Абайдың қарасөздерінің қалың көпшілікке тән стильдік ерекшеліктерінің бірі-лаконизм (белгілі ойды қысқа, анық , нақты етіп айтып беретін қасиет).
Абайдың қарасөздеріндегі екінші бір стильдік ерекшелік, ол – нақыл сөзділік (афористичность). Тағы бір өзгешілігі, оның үгіт-өсиетшілдік мазмұнына лайық публицистикалық дидактизм. Абай шығармаларының негізгі стильдік өзгешеліктері- оның идеялық-мазмұнынан өрістейтін жаңалықтар.
Абай –музыкалық шығарма жазған композитор. Оның бізге жеткен көптеген әсем әндері бар. Ақынның музыка саласындағы өнерін А. Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдарында» (1963 жыл) кең талдап, танытқан болатын. Қазір Абайдың екі күйі де табылып отыр. Олар: «Май» және «Тор жорға» күйлері.
Әдебиеттер
1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó –îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. — À. 1991.
2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. — À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. — À. 1994.
4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. — À. 1992.
5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. — À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
7.Абай тағлымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. (Құрастырған Н.Ғабдуллин). А. 1986.
8.Абайды оқы, таңырқа…-А. 1993.
9.Абай тілі сөздігі. –А. 1968.