Сегіз сері Баhрамұлы Шақшақов (1818-1854)

Жоспары:

  1. Өмірі туралы мәлімет.
  2. Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері.
  3. Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды суреттеуі.
  4. Дастандары.

ХІХ ғасырдағы қазақтың әйгілі сері, әнші , ақын, композитор сегіз сері- Мұхаммед-Қанафия Баhрамұлы Шақшақов туралы соңғы жиырма жылдай уақыт көлемінде аз айтылған жоқ. Ән мұрасы, шығармашылық ғұмырбаяны халқымыздың өнерпаздық тарихынан ұзақ жылдар бойы түрлі себептермен қағаберіс қалып келген Сегіз жайлы ғалым Төлеш Сүлейменов, жазушы Нәбиден Әбутәлиевтер жеке жинақтар шығарды. Белгілі өнер зерттеушілері, әдебиет мамандары, тарихшы, ақын-жазушылар І. Жақанов, Б. Тоғысбаев, Е. Жақыпов, Қ. Биғожин, Р. Отарбаев, И. Кенжалин т.б. Сегіз сері өміріне байланысты түрлі байламдар айтты.Сегіз сері 1818 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты „Благовещенский” кеңшарының жеріндегі Гүлтөбе-Маманайда Баhрам батырдың отбасында дүниеге келген. Шежіре арқылы жеткен деректерге сүйенсек, Мұхаммед-Қанафияның (Сегіз серінің шын аты-жөні) Сегіз сері аталуының өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, мұхаммед-Қанафия сегіз жасында әкесі, ағасы Шағырай салмен және Жанат серімен бірге аңға шыққанда тайға мініп ере шығып, сол арада ағасы оқтап берген шиті мылтықпен алдарынан қашқан бір киікті атып құлатады. Содан сегіз жасында киік атып алды, мұңын аты Сегіз болсын,- деп , ел-жұрт солай атап кетеді. Екіншіден, Мұхаммед-Қанафия жас кезінен-ақ сегіз қырлы, бір сырлы өте өнерпаз жігіт болып өседі. Әнші , ақын, күйшілігімен қоса палуан, саятшы, атбегі және он саусағынан өнер тамған шебер болады. Осындай өнерпаздығына тәнті болған ел оны Сегіз сері атап кетеді.Әке-шешесінен жастайынан айрылған Мұхаммед-Қанафия атасы Шақшақ пен әкесінің інісі Жанат серінің тәрбиесінде болып, қомқорлығын көреді. Жас кезінде ауыл медрасесінде оқып хат таныған Сегіз серінің ұстаздары Имамғабит сері мен өз ағасы Көрпеш Бұхара шаhарында білім алған ғұлама молда, әрі белгілі әнші, ақындар еді. Ұстаздарынан ескіше хат танып араб, парсы, шағатай тілін, әдебиетін үйренумен бірге әншілік пен ақындықтың да үлкен мектебінен өтеді.

Атасы Шақшақ Көжекұлы немересінің болашағын болжап, 1828 жылы Омбы қаласындағы Сібір қазақ орыс әскери училищесіне беріп, онда алты жыл оқытады.Мұндада ол мұсылман оқытушыларынан қазақ, шығыс әдебиетінің үлгілерімен және қиссадастандармен тереңірек танысуға мүмкіндік алады. Сегіз серінің халық арасындағы беделін патша шешенуніктері өз мақсаттарына пайдаланғысы келеді. Бірақ олардың арам ойын , теріс пиғылын сезген Сегіз сері мұндай қызметтен үзілді-кесілді бас тартып, өз халқының алдындағы абыройын шен-шекпенге айырбастамайды. Ел аузындағы ескі әңгімелерді, аңыздарды, тарихи оқиғаларды негізге ала отырып, Сегіз сері „Қыз Жібек”, „Айман-Шолпан”, „Ер Тарғын”, „Шора батыр”, „Ер Сайын” секілді ұзақ қисса-дастандардың өзіндік нұсқасын жасағаны, жырлағаны бұл күнде тарихи деректерден белгілі болып отыр.

Сегіз серінің шығармашылық ғұмырнамасының диапазоны өте ауқымды және халыққа жақын. Мәселен, Көтібар батырды жоқтауынан, Исатай-Махамбет көтерілісін қолдап, бірге болуынан, дем беруінен серінің қайда жүрсе де қарапайым халықпен бірге болғандығын аңғарамыз. Исатай мен Махамбетті өзіне аға тұтып қадір қадірлеп, ерліктерін жырға қосқан.

„Еділ-Жайық берекелі жер екен ғой,

Байұлы бақыт қонған ел екен ғой.

Алтынның қолда барда қадірі жоқ,

Исатай асқар таудай ер екен ғой”,

-дейтін жолдар Сегіз серінің құлашы кең, ауқымды „Исатай-Махамбет” дастанының бір үзіндісі ғана. Сегіз сері Исатай мен Махамбетке арнап „Қос қыран” атты күй де шығарған.

Сегіз серінің әншілік, ақындық ғұмырнамасы ұзақ жылдар бойы зерттелмей келгені шындық жайт еді.

Бір өңірдің ғана емес бүкіл қазақ халқының майталмен әнші-ақыны, сал-серісі, қол бастайтын батыры, сөз бастайтын шешені Сегіз серінің мұрасы бүгінде жинақталып, зерттелу үстінде. Бұл игілікті іске азды-көпті өз үлестерін қосып келе жатқан әдебиетшілер Қ. Мұқамеджановтың, Ж. Бектұровтың, З. Қоспақовтың, А. Сатаевтың, Е.Жақыповтың,М.Жарқұмедовтың, И. Кенжалиевтың, Н: Әбутәлиевтің, Қ. Биғожиннің, Қ.Мәдібайдың еңбектері айғақтай түседі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақтың айтулы әнші-ақыны, сал-серісі, сазгері, палуаны Сегіз серінің әдеби мұрасының бүгінгі, келер ұрпақ үшінгі тәрбиелік мәні зор болып қала бермек.

Әдебиеттер

1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. — À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. — À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. — À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. — À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. — À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

7.Айтыс.3-томдық.-А.,1965-1991.

8.Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.-А.,1975.