Дүниетануды оқыту әдістері мен тәсілдері

Жоспары:

1.Оқыту әдістері және оларға қойылатын талаптар.

2.Оқыту тәсілдері.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелікнұсқау. Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета, 1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение, 1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение, 1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

Оқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-әрекеттері — деп айтуға болады.Екі жақты бір-біріне тығыз байланысты және бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.Оқыту,білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады. “Дүниетануды” пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқандығы белгілі, және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.

  1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-әрекеттің сипаты.
  2. Мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің сипаты.
  3. Білім алу көзі.

Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негізгі болып табылады.Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі.Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі, олар сөздік әдіс,көрнекілік және практикалық әдістер.Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістерді де оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.Оқыту әдістері ғылыми- таным әдістеріне байланысты,өйткені оқытуда ең басты оқушылардың танымдық іс-әрекеті.

Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды.Бұл ережелер:оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практикамен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады.Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

“Әдіс”пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы,сондықтан оның шекарасын анықтау өте қиын.Өйткені,әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:

1.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.

2.Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып,тақырып бойынша нақты білім алса,онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.

3.Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады.

4.Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.