Дүниетану пәнінің құрылымы

Жоспары:

  1. Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.
  2. Дүниетануды оқытудың әдістемелік негіздері

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение,
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні :

Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері ғылыми білімдерге сәйкестенділіп құрастырылған.Дүниетану кіріктірілген үш бөлімнен тұрады: адам, табиғат, қоғам. Жалпы дүниетану сабақтарында оқушылардың мектепке дейін айналамен танысуы арқылы алған білімдері тереңдетіледі, кеңейтіледі, дамытылады.

Бастауыш мектепте білім беру тұжырымдамасына сәйкес “Дүниетану” пәні төмендегідей мазмұнда теориялық негізгі білімдерді қамтиды.

Табиғат.Қоршаған орта, дүние туралы жалпы түсінік. Өлі және тірі табиғат заттары мен денелері. Табиғат құбылыстары, табиғаттың жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруі. Табиғат пен адамның қарым-қатынасы. Құрлық бетінің негізгі түрлері: жазықтар, та улар. Топырақтың құрамы мен қасиеттері. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы пайдасы. Ауа, он қасиеті. Ауа райы және оны болжау. Ауаның адам, жануар, өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Су, судың қасиеттері және маңызы. Қазақстанның өзендері мен көлдері. Ғарыш туралы жалпы түсінік. Күн мен Жер туралы түсінік. Өсімдіктер тіршілігінің маусымдық өзгерістері және өсімдіктердің табиғаттағы маңызы. Жануарлардың тіршілігі, көбеюі, бейімделуі және қоректенуі. Қазақстандағы “Қызыл кітабқа” енген жануарлар.

Адам. Адам – тірі табиғаттың бір бөлігі ретінде. Адамның айналадағы дүниені сезінуі, қабылдауы, бақылауы. Адамның қоршаған ортаға саналы қарым-қатынасы. Адам еңбегінің қоршаған дүниені қорғаудағы, өзінің дамып жетілуіндегі, ой-өрісінің кеңеюіндегі, мәдениеттің қалыптасуындағы және дүниені үнемді, ұқыпты пайдаланудағы маңызы. Адамның мәдени, тарифи, ғылыми мұраларды сақтауы.

Қоғам.Отбасы, ондағы адамдардың қарым-қатынасы. Мектеп– білім ордасы. Аул мен қала тұрмысы. Халықтың салт-дәстүрлері. Отан туралы түсінік. Қазақстанның ауылшаруашылығы. Қазақ халқы және Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасу тарихы.

Дүниетануды оқытудың әдістемелік негіздеріне дүниетануды оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері( сөздік, практикалық, көрнекілік т.б.), оқыту нысандары ( дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрлері, танымжорықтар, т.б.), сабақтан және сыныптан тыс жұмыстар жатады.