Биохимияның ғылым ретінде қалыптасуы
және дамуы .
2.Организмдердің химиялық құрамы.
Биологиялық химия, немесе биохимия – организмдердің химиялық құрамын және организмнің тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді.
Биохимия деген сөз гректің вios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы деген сөз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді : адам биохимиясы, медициналық биохимия, өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және клиникалық, эволюциялық, радиациялық т.б.
Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық зерттелетін заттардың химиялық табиғаты және қасиеттері жайында динамикалық заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың ақтық өнімдерінің шығуына дейінгі өзгерістері және функциональдық органдардың, ткандердің және клеткалардың, жалпы біртұтас организмнің физиологиялық әрекетінің химиялық негіздері жөнінде биохимияға бөлінеді.
Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химиямен молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты.
Биохимияның аса маңызды міндеті – студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалардың тіршілігін қамтамасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстыру.
Биохимия ғылым ретінде ХVI – XIX ғасырларда пайда болды. Алғашқы биохимиялық мағлұматтар адамзатқа өте көне заманнан таныс. Мысалы, адам баласы өте ерте кезден – ақ нан пісіруді, шарап, дәрі – дәрмек жасауда, тері илеуде және т.б. биохимиялық процестерді пайдаланған. Бірақ, бұл адам баласының тәжірибесіне ғана негізделген эмпиризндік білімдер еді.
Биохимияның ғылым ретінде қалыптасуында маңызды роль атқарған көптеген мәліметтер қайта өрлеу дәуірінде қорланды. Ұлы ғалым Леонардо да Винчи 1452- 1519 барлық тіршілік процестерінің оттегінің қатысуымен өтетіндігін дәлелдеді.
Биохимияның тарихы – материалистік және идиалистік екі көзқарастар күресінің тарихы. Өзінің дамуының алғашқы кезеңінде биохимия химиялық жаңылыс флогистон теориясымен соқтығысты. Бұл теория бойынша заттардың жиынтығы олардың құрамындағы “отты материяға” байланысты болды. Тіршілікке деген материалистік көзқарастың негізін салушы алғашқы ғалым М. В. Ломоносов, табиғатта ешқандай флогистон жоқ және болуы мүмкін еместігін дәлелдеді.
ХІХ ғасырдың басында дамып келе жатқан биохимия идеалистік витализм / лат vita — өмір, тіршілік теориясымен тартысқа түсті. Көп ұзамай виталистердің ілімін практика және химиялық тәжірибелер теріске шығарды. Ф. Велер бейорганикалық заттардан қымыздық қышқылын 1824ж және несеп нәрін алды. Орыс ғалымы Н.Н.Зинин, өсімдік шикізатынан өндірілетін анилинді 1842ж алды. 1845жылы неміс химигі А. Кольбе сірке қышқылын, француз ғалымы М. Бертло майларды, ал 1861ж А.М. Бутлеров тұңғыш рет синтетикалық қанты бар заттарды синтездеді.
Отандық биохимияның негізін салушы А. Я. Данилевский 1838- 1923ж болып есептеледі. Ол, Россияда физиолог – химиктердің алғашқы мектебін ашты. Мектеп көптеген белоктардың құрамын, қасиеттерін зерттеді.
1891ж Петербургте М.В. Ненцкий бірінші биохимиялық лабораторияны ашты. Гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобин мен хлорофиллдың ұқсастығын тапты.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында биохимияның жаңа салалары –адам биохимиясы, медициналық биохимия, жануар, өсімдік, микробтар және вирустар биохимиясы қалыптасты.
1925ж Харьковте А. В. Палладин бірінші биохимия инстетутын ашты. Адамзаттың қазіргі кезеңдегі назары биохимиялық ғылымдар алдына тіршілік құбылысының мәнін анықтау, органикалық дүние дамуының биологиялық заңдылықтарын ашу, тіршілік физикасы мен химиясын, зат алмасу, тұқым қуалаушылықты зерттеу жөнінде бірқатар басты- басты міндеттер қойып отыр.
Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасының 100 элементінің 27-сі тірі организмдер құрайтын элементтер болып табылады. Химиялық қосылыстардың ішінде организм үшін судың маңызы ерекше.
Химиялық таза су иіссіз, дәмсіз мөлдір сұйық болып келеді. Су молекуласында 11,19 % сутек және 88,81 % оттек бар. Судың молекулалық массасы 18, 016, қату нүктесі –00С, қайнау шегі –100 0С, судың тығыздығы +4 С0 –да
1г /см3 –ге тең.
Судың көптеген органикалық және минералдық заттардың өте жақсы еріткіші болуы, оның молекуласының құрылымымен байланысты. Су органдарда, тканьдерде, клеткаларда бос, гидраттық және иммобильдік күйде болады. Бос су көптеген биологиялық сұйықтықтардың / қан, лимфа/ негізін құрайды. Клетка құрамындағы биополимерлер ерітіндіде коллоидтық қасиет білдіреді. Олар судың біраз мөлшерін өздеріне тартып, оларды электростатикалық күшпен, немесе Н – байланыс арқылы ұстап тұрады. Судың бұл қабаты гидраттық деп аталады. Клетка ішінде гидраттық қабықшаның құрамына кірмейтін суды иммобильдық су деп атайды.
Минералдық заттарға Д. И. Менделеевтің периодтық кестесіндегі жүзден аса элементтер жатады. Осы кестедегі төрт элемент – сутек, көміртек, оттек және азот- органикалық элементтер деп аталып, бүкіл органикалық қосылыстарды түзеді. Көлемі жағынан ең көп кездесетін алғашқы жеті минералды элементті ғылымда макроэлементтер деп атайды. Ол гректің “макрос” – көп, үлкен деген сөзінен шыққан. Макроэлементтерге жататыны мыналар – Са, Мq, K, Na, P, Cl және т.б.