Сабақтың мақсаты: Студенттерді қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету
Сабақтың мазмұны: Лимфоидты ұлпа және иммундық жауапты жасушалар туралы түсінік.Қан түзетін және иммундық жүйе мүшелері:орталық және шеткі.Орталық мүшелер:қызыл сүйек кемігі мен айырша без.Қызыл сүйек кемігі:орналасу ерекшеліктері,ретикулярлы ұлпа мен әр түрлі даму кезеңдеріндегі гемоцитопоэтикалық жасушалар.Бағаналы жасушалар туралы түсінік.
Айырша без:орналасуы,беттері,оң және сол бөліктері,олардың пішіні,сыртқы капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері.Қыртыс және милы заттары,олардың көлемінің қарым қатынасының жасқа байланысты өзгеруі. Қыртыс заты:лимфобластар. Милы заты:кіші лимфоциттар және тақталы денелер.
Шеткі мүшелері:лимфа түйіндері көкбауыр,миндалиналар,лимфатикалық фолликулдар.Лимфа түйіндері: пішіні,орналасуы,сыртқы капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері әкелуші,әкетуші тамырлар,қақпасы.Қыртыс заты: лимфатикалық фолликулдар.Т-тәуелді паракортикалды аймақ.Милық заты:жұмсақ баулар,лимфатикалық синустар. Көкбауыр: орналасуы,беттері,шеттері,пішіні, капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері.Ақ пульпа: лимфатикалық фолликулдар
Қызыл пульпа,қанның жасушалық элементтері.Миндалиналар:таңдай,түтікті,тілдік,жұтқыншақтық: топография,көлемі.Криптылар,лимфатикалық фолликулдар.Жұтқыншақтың,өңештің,қарынның аш және тоқ ішектердің өт қабы,көмейдің ,ірі бронхылардың ,қуықтың.зәрағар түтіктің қабырғаларындағы лимфатикалық фолликулдар
Оқу материалы: муляждар, кейбір мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,гистологиялық препараттар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді және гистологиялық таблицаларды пайдалана отырып осы жүйелердің мүшелерімен ,олардың құрылысымен таныс болу.Қызыл сүйек кемігінің мүше ретіндегі морфологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.Бағаналы жасушалар туралы түсінік болу керек,және де қанның формендік элементтерінің барлық жетілген түрлерінің аттарын білу керек.Сондай-ақ иммулды жауапты жасушалар лимфоциттердің де қанның құрам бөлігі болып табылатындығын да білген абзал.Айырша бездің құрылысын қарастырғанда,оның стромасының құрамында ретикулярлы ұлпадан бөлек эпителиалды элементтер-эпителиоретикулоциттер болатындығын олардың гормон бөлетіндігін білген жөн.Айырша бездің негізгі қызметі-Т-лимфоциттерді жасау және оларды іске кірістіру екендігін білу керек.Лимфа бездерін қарастырғанда олардың лимфа тамырларының жолында орналасқандығына көңіл бөлу керек ,себебі олардың қызметі лимфаны В-лимфоциттерімен байыту .Көкбауырдың қанның құрамын әсіресе.эритроциттерді қадағалайтын мүше екендігін ұмытпау керек.
Студенттер қан жасайтын және иммунды жүйенің негізгі заңдылықтарын білуге тиіс: олардың жұмысшы паренхимасы лимфоидты ұлпадапн құралған,органеллалары эмбриогенезде ерте қалыптасады,орталық мүшелері қорғалған жерлерде орналасады,шеткі мүшелерінің құрамында лимфатикалық фолликулдар болады және олар сырттан бөгде заттар енуі мүмкін жерлерде орналасады.
Бақылау сұрақтары:
Қан айналым және иммуногенез мүшелеріне жалпы сипаттама
Қызыл сүйек кемігінің құрылысы
Айырша бездің құрылысы
Лимфа түйінің құрылысы
Көкбауырдың құрылысы.Миндалиналардың құрылысы
Лимфатикалық фолликулдың құрылысы
Қан айналым және иммуногенез мүшелерінің ерекшеліктері
Негізгі және қосымша түсініктер: Қан жасау,иммуногенез,қызыл сүйек кемігі,сары сүйек кемігі,бағаналы жасуша,строма,паренхима,лимфоидты ұлпа,ретикулярлы ұлпа,миелоидты ұлпа,темоцитопоез,эритроцит, гранулоцит,базофилды лейкоцит,нейтрофилды лейкоцит,эозинофилды лейкоцит,агранулоцит,моноцит,қан тақташасы,лимфоцит,В- лимфоцит,Т- лимфоцит,жасушалық иммунитет,гуморалды иммунитет,тимоцит,эпителиоретмкулоцит,тимопоэтин,пдазмоцит,макрофаг,қыртыс заты,милы заты,капсула,трабекула,гематотимустық барьер,тақташалы дене,қақпа,лмифатикалық фолликул,мантия аймағы,герментативті орталық,Т-тәуелді аймақ,шеткі,қақпалық,аралық синустар;ақ пульпа,қызыл пульпа,деполау,реутилдеу,миндалина ,криптілер,сілемейлі қабат,көп қабатты жазық мүйізденбейтін эпителий,көп қабатты эпитедий,таңдай,түтікті,тіл,жұтқыншақ миндалиналары,солитарлы лимфатикалық фолликул.