Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас миы және оның аралық және соңғы ми бөлімдерінің атын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге аралық және соңғы ми бөлімдерінің қалыптасуы туралы айта білуге үйрету.
Сабақтың мазмұны: Орталық жүйке жүйесі: аралық және соңғы ми. Аралық ми негізгі құрылымдары.Көру миы: таламус,эпиталамус,метаталамус. Эпиталамус:эпифиз жетектер,үшбұрыштар. Метаталамус :медиалды және латералды тізелі денелер.Гипоталамус :емізікті денешіктер,сұр төмпек,воронка гипофиз.Негізгі нейросекреторлы ядролық орталықтар. Гипоталамогипофизарлық жүйе 3-ші қарынша. Көру жүйкесінің ядросы.
Соңғы ми:ми жабындысы ,жолақты дене.Жарты шарлары: саңылаулары,полюстері,негізгі сайлары,бөліктері.Қыртыс:қабаттары,ауданы.,нейрон саны. Лимбиялық жүйе туралы түсінік.Соңғы мидың ақ заты:капсулалар және өткізгіш шоқтар.Бүйір қарыншалары,олардың мүйіздері.1-ші ми жүйкесінің орталығы.
Оқу материалы: Бас миының жасанды муляжы,бас миының фиксацияланған препараты, бас миының фиксацияланған кесіндісі,планшет тер, таблицалар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшеттердегі бас миының аралық және соңғы ми бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер көру миы деген түсінікті нақты елестете білу керек. Аралық және соңғы ми бөлімдерін қарастырғанда олардың шекараларын бас миының сагитталды кесіндісінде таба білу керек.Гипоталамустың нейросекреторлы ядролық орталықтарына ерекше көңіл аудару керек. Гипоталамогипофизарлық жүйені қарастырғанда оның жүйке және эндокринді жүйені байланыстырушы звено екендігіне көңіл бөлу керек.
Соңғы ми құрылымдарын қарастырғанда жарты шарларға ғана емес,ми жабындысына да ,жолақты денеге де көңіл бөлінуі керек
Бақылау сұрақтары:
Аралық мидың құрылысы
Көру миының құрылысы
Гипоталамустың құрылысы
Соңғы мидың жалпы сипаттамасы
Соңғы ми жарты шарларының құрылысы
Соңғы мидың базалды ядролары
Соңғы мидың ақ заты
Мидың қарыншалары олардың қабықтарының ерекшеліктері
Негізгі және қосымша түсініктер: Көру миы таламус,эпиталамус,метаталамус,гипоталамус ,емізікті денешіктер,сұр төмпек,воронка ,гипофиз,гипоталамогипофизарлық жүйе,ми жабындысы ,жолақты дене, лимбиялық жүйе,бүйір қарыншалары,гипокамп,палеокортекс, археокортекс,цитоархитектоника.