Ішкі секрециялық бездер. Тамырлар жүйесі.Қан жасушалары.

Жоспар:

  1. Ішкі секрециялық бездерге жалпы сипаттама

2.Нейрогенді,бронхиогенді,хроммафинді бездер топтары.

3.Энтодермалды және мезодермалды аралас бездер.

4.Тамырлар жүйесіне жалпы шолу.

5.Қан жасушалары.

Адам денесіндегі бездер сыртқы,ішкі болып екіге бөлінеді

Ішкі бездер өнімін ( секрет-өнім) тікелей қанға немесе жұлын сұйықтығына шығарады. Ішкі секреция бездерінің өнімдері гормон деп аталады. Ішкі бездердің көпшілігі өте кішкентай, барлығының салмағы 100 грамнан аспайды.Алайда олардың ағза үшін маңызы өте зор.Олар бөлетін гормондар ағзадағы зат алмасу, даму және өсу жыныстық жетілу, сияқты өзгерістерге әсер етеді

Эндокринді бездер шығу тегі мен орналасуына қарай мынадай бес топқа бөлінеді:

1.Нейрогенді бездер тобы :гипофиз,эпифиз

2.бронхиогенді бездер тобы:қалқанша,қалқанша маңы,айырша

3.хроммафинді бездер тобы:бүйрекбез және параганглий

4.Энтодермалды аралас бездер:ұйқыбез

  1. мезодермалды аралас бездер жыныс безі ,қуық түбі безі.

Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы сына сүйектегі түрік ері шұңқырында орналасады. Ұзындығы 8-10 мм,ені 12-15 мм, салмағы 0,3-0,7 г.Без үш бөлімнен : алдыңғы,ортаңғы және артқы бөлімдерден тұрады, алдыңғы,ортаңғы бөліктерін аденогипофиз, ал артқы бөлігін нейро гипофиз деп атайды. Аденогипофизде 20 шақты гормондар бөлінеді..Нейрогипофизде окситоцин және вазопрессин гормондары синтезделеді

Эпифиз немесе томпақ безаралық ми төмпегінің үстінде орналасады. Ұзындығы 1,2 мм,ені 5-8 мм, салмағы 0,25 г.Қызметі жете тексерілмеген,бірақ жыныс мұшелерінің дамуына кедергі келтіретін гормон бөледі деген жорамал бар.

Қалқанша без -ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең үлкен сыңар без.Оның түсі сарғыш-қызыл, жұмсақ болады. Ұзындығы 50 мм,ені 50-60 мм, салмағы 30-50г. Қалқанша без оң,сол және аралық үш бөліктентұрады.Гормондарытироксин,трийодтиронин,тирокальцитропин..Гиперсекреция жағдайында Базед ауруы,ал гипосекреция жағдайында миксидема ,кретинизм аурулары дамиды.

Қалқанша маңы безі -ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең кіші сыңар без.Ұзындығы 4-8 мм,ені 3-4 мм, салмағы 0,05-0,09 г.Гормоны паратгормон ағзадағы кальций ,фосфор алмасуына әсер етеді.

Айырша без төс сүйегі алқасының артында орналасады. Айырша без кәмелетке келгенше жасөспірімдердің жыныстық жетілуін тежеп тұрады. Айырша без оң және сол бөліктерден тұрады.

Бүйрекбез екі бүйректің үстінде орналасқан сарғыш түсті жұп мүше Ұзындығы 49-60 мм,ені 15-20 мм, салмағы 11-20 г.Бұл без адреналин т.б. зат алмасуға қатты әсер ететін гормондар бөледі.

Ұйқы безі күрделі көпіршікті аралас без.Бұны аралшық безі деп атайды .Гормоны-инсулин.

Жыныс бездері жыныс жасушаларынан басқа өздеріне тән жыныстық гормондар бөледі.Бұл гормондар екінші реттік жыныс белгілерінің дамуына ықпал етеді.

Тамырлар жүйелеріне қан және сарысу тамырлары,сонымен бірге қан жасайтын мүшелер: жілік майы,айырша без ,көкбауыр жатады. Тамырлар жүйелері ішінде қан немесе сарысу сұйықтықтары бір бағытта ғана ағатын бір-біріне ұласқан,іші қуыс түтіктерден тұрады.

Тамырлар жүйесі олардың морфологиялық құрылыстары мен қызметтеріне қарай 2-ге бөлінеді:

  1. Қан айналым жүйесі
  2. Сарысу жүйесі.

Тамырлардың іші қуыс болады,олар бір –бірімен байланысып тұйық жүйе құрайды.

Қан ағзаның сұйық ортасына жатады.Ол 2 бөліктен

  1. қан плазмасынан 55-60 процент
  2. қан жасушаларынан 40-45 процент тұрады

Қан плазмасы ашқылтым келген сұйық сарғылт зат 90-92 процент судан,8-10 процент құрғақ заттардан тұрады.

Қан жасушалары 3 топқа бөлінеді

1.эритроциттер

2.лейкоциттер

3.тромбоциттер

Эритроциттер-қанның қызыл түйіршіктері,ядросы жоқ екі жағынан ойыс келген жасушалар.Олар оттегі мен көмір қышқыл газын тасымалдау қызметін атқарады.Қанның 1 мл-інде еркектерде 5-5,5 млн, әйелдерде 4,5- 5,0 млн эритроциттер болады.

Л ейкоциттер -қанның ақ түйіршіктері,ядросы бар және цитоплазмадан тұратын жасушалар.Олар фагоцитоздық,қорғаныштық,залалсыздандыру қызметтерін атқарады. Лейкоциттер гранулоцит және агранулоцит болып 2 топқа бөлінеді.1 мл қанда 10-20000 ғана лейкоцит болады.

Тромбоциттер-қанның тақташалары,ядросыз пішіні жоқ қанның ұйуына қатысатын жасушалар..Қанның 1 мл-інде 150-300 тромбоциттер болады.

Ересек организмде 6-7 литр қан болады. Сарысу қанға ұқсас сұйық зат.Ол ұлпа сұйықтығынан пайда болып, қан жүйесіне қосылады.