Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерінің ішіндегі ас қорыту жүйесінің бездеріні атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.
Сабақтың мазмұны: Ас қорыту жүйесінің бездері Ас қорыту жүйесінің бездері: үлкен және кіші сілекей бездері,бауыр ,ұйқы безі. Сіекей бездері кіші(ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы) және алкен:құлаққасы,тіласты,жақасты.Ортақ құрылыс жоспары шеткісекреторлы бөліктері,өзектер жүйесі Құллаққасы безі топографиясы, құрылысы,капсула,бөліктері. Тласты және жақасты бездері құрылысы, капсула, секреторлы бөліктері
Бауыр: топографиясы, вентралды және дорсалды шеттері,көкеттік және висцералдық бестері мен ойындылары,глиссон капсуласы,орақ тәрізді жәнежұмыр байламдары, сагитталды және көлденең сайлары;оң, теше,құйрықты және солбөліктері, бауыр қақпасы.Строма және паренхимаСектор және сегмент жөнінде түсінік: Бауырдың құрылымдық –функционалдық бірлігі-ацинус, құрылысы , піші ні
Өт қабы; топографиясы, бөліктері,түбі Денесі ,мойны,құйрығы,жоғарғы және төменгі шеттері., вентралды және дорсалды беттері, алвеолярлы типті құрылысы. Капсула,трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы.Шығару өзектерінің жүйесі.
Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту бездерін атап есте сақтау керек. Студент тер ас қорыту жүйесінің бездерінің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек. Бауырдың құрылысын қарастырғанда мұндағы қақпа венасымен қатар қақпа артериясы да кіретіндігін еске сақтап гепатоциттер ар алас қан мен жуылатындығын ұмытпау керек.Үлкен сілекей бездерінің құрылысмын талдап ,олардың ауыз қуысы сілемейлі қабатының туындылары екендігін есте ұстаған жөн. Студент тер бездердің клеткалық құрамына назар аудару керек.Сонымен қатар өт қабының қызметі өтті концентрлеу екендігін есте ұстаған абзал.
Бақылау сұрақтары:
Ас қорыту жүйесінің бездері
Үлкен және кіші сілекей бездері
Ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы бездері
Құлаққасы,тіласты,жақасты бездері
Бауырдың жалпы құрылысы.
Бауыр қақпасы
Ұйқы безі
Өт қабы
Капсула,трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы
Негізгі және қосымша түсініктер: : Ас қорыту жүйесінің бездері, сілекей бездері, Құллаққасы безі, тіласты,жақасты бездері, Ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы бездері бауыр ,ұйқы безі Строма және паренхима. Сектор және сегмент, ацинус. Өт қабы, трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы