Сабақтың мақсаты:Студенттерді тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі жоғарғы тыныс жолдарына жататын мұрын қуысы,
көмекей сияқты мүшелерді атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.
Сабақтың мазмұны: Тыныс алу жүйесі:оның ауа алмасу, иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтері.Тыныс мүшелері: мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе.Тыныс алу жүйесінің бөлімдері: ауа өтетін жолдар және өкпенің альвеолары. Мұрын қуысының жоғарғы,төменгі және екі бүйір қабырғалары.
Мұрынның пердесі, оның сүйекті, шеміршекті бөліктері. Мұрынның кілегейлі қабаты.Мұрын қуысы: оның ауа жүретін жолдары:жоғарғы,ортаңғы,төменгі мұрын қолқандары. Мұрын қуысының тыныс және иіс сезу бөлімдері.Мұрынның артқы тесіктері.Көмекей-тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше . Көмекейдің қалқандық қыры.Көмекейдің шеміршектері.Тақ шеміршектері: қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы.Жұп шеміршектері:қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,сына тәрізді шеміршектер.
Көмекей қуысының бөліктері.Дыбыс сіңірлері.Дыбыс саңылауы Көмекейдің бұлшық еттері.Тұтасымен қимылдайтын бұлшық еттер.Дара қимылдайтын және меншікті бұлшық еттер,қақпақшаның бұлшық еттері, дыбыс аппараты бұлшық еттері. Дыбыс аппараты басқаратын бұлшық еттер:дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер,дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер,дыбыс байламдарын керетін бұлшық еттер,дыбыс байламдарын босататын бұлшық еттер.
Көмекейдің ішкі кілегейлі қабаты.Дыбыс байламы
Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “ тыныс алу жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалинге салынғантыныс алу мүшелерінің аттарын атап есте сақтау керек. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі мұрын қуысы,жұтқыншақ пен көмекейдің жалпы құрылыстарын көз алдарына нақты елестете білу керек.Көмекейдің құрылысын қарастырғанда оны құрайтын шеміршектерді ажырата біліп,олардың құрылыс ерекшеліктерін еске сақтап шеміршектердің бір бірімен қалай байланысатынын ұмытпау керек. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің клеткалық құрамына назар аудару керек.Сонымен қатар көмекейдің қызметі тыныс алумен қатар дыбыс шығару екендігін де есте ұстаған абзал.
Бақылау сұрақтары:
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесінің бөлімдері
Тыныс мүшелері
Мұрын қуысы,
Мұрынның пердесі, оның сүйекті, шеміршекті бөліктері
Көмекейдің құрылысы мен қызметі
Көмекейдің шеміршектері
Кеңірдектің құрылысы мен қызметі
Негізгі және қосымша түсініктер: Тыныс алу жүйесі.Тыныс мүшелері: мұрын қуысы,көмекей, ауа өтетін жолдар
Мұрынның пердесі, мұрын қолқандары. Көмекей. Көмекейдің қалқандық қыры.Көмекейдің шеміршектері:қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы,қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,сына тәрізді шеміршектер.Дыбыс сіңірлері.Дыбыс саңылауы.Қақпақшаның бұлшық еттері, дыбыс аппараты бұлшық еттері. Дыбыс аппараты .
Дыбыс байламы
Кеңірдек 6-шы мойын омыртқаның тұсынан сақина тәрізді шеміршектен басталып,4-ші көкірек омыртқа тұсында аяқталады.Осы жерден кеңірдек оң және сол бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің екіге бөлінген жерін кеңірдектің бифуркациясы дейді.
Кеңірдек 16-20-ға жуық гиалинді шеміршекті сақиналардан тұрады.ұзындығы 9-10 см,ені 1,5 см. Сақиналар сіңір байлам арқылы жалғанып тұрады. Кеңірдектің мұндай құрылысы ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды.
Сақиналы байлам басты бұру үшін созу үшін, кеңірдектің ұзаруына қысқаруына жағдай жасайды.
Бронхылар құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас.Оң жақ бронхы-қысқа әрі жуан,ұзындығы3см,6-8 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады. Сол жақ бронхы-ұзын әрі жіңішке,ұзындығы 4-5 см,-9-12 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады.
Өкпе –тыныс алу мүшесі.Адамның өкпесі екеу болады, кеуде қуысының екі жағына толып орналасады.Екі өкпені бронхылар қосып тұрады.Өкпе конус тәрізді болып келеді. Өкпенің бұғана сүйегі жағындағы жерін ұшы деп ,ал диафрагмаға тиіп тұратын етегін негізі деп атайды. Өкпенің қабырғаға жанасып тұрған беті дөңес,жүрекке жанасып тұрған беті –ойыс болады.Екі өкпенің арасын өкпе аралық қуыс дейді.Оң өкпе сол өкпеге қарағанда үлкендеу.
Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар ,артериялар кіретін және вена мен лимфа тамырлары шығатын жерін өкпе қақпасы деп аталады. Өкпенің терең сайлары болады .Олар өкпені бірнеше бөліктерге бөліп тұрады.Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы,ортаңғы төменгі бөлімдер деп атайды.
Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы, төменгі бөлімдер деп атайды. Бронхылар өкпеге кіретін жерінде бөлінеді.Оң бронхы 3 бұтаққа , сол бронхы 2 бұтаққа бөлініп ,өкпе бөліктеріне қарай барады. Бронхылар әрі қарай бұтақталған сайын тарамы жіңішкеріп, саны көбейе береді.
Осылайша үшінші рет пайда болған бронхыларды сегментарлы деп атаймыз.Бұдан кіші бронхыларды бронхиолалар деп атаймыз.
Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігіе –ацинус түзеді.Ацинустар жиынтығынан –бөлекшелер, бөлекшелерден сегменттер, сегменттерден –бөліктер ,ал бқліктерден тұтас өкпе құралады.Өкпенің ацинустық күмбездерінде ғана газдардың алмасуы жүреді.
Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Плевра өкпені
Сыртынан қаптап жатады.Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса ,өкпелік(висцералды),ал егер кеуденің қуысын астарлап жатса париеталды немесе қабыртқалық плевра деп атаймыз.Бұл екі плевра арасында плевра аралық қуысы болады.Плевра қуысында аздаған сұйықтық бар, сондықтан плевраның беті дымқыл болады.Өкпе қимылдағанда бір-біріне қажалмайды.
Өкпенің көкет жанынан да қосымша плевралық қуыс қойнаулары бар..Ол өкпенің етегінде қабыртқа плеврасы мен көкет плеврасының аралығында болады.Осы қуысқысымы сыртқы атмосфералық қысымнан төмен болады.