Жоспар:
- Бас бұлшық еттері, шайнау және ымдау бұлшық еттері
- Мойынның бұлшық еттері
- Қолдың бұлшық еттері: иық белдеуінің және еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық 2еттері.
- Аяқ бұлшық еттері :жамбас белдеуінің және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері.
Бас бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау және ымдау.
Ымдау бұлшық еттері тері астында орналасқан, сол себепті ет жапқыш шандырлары болмайды,және олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, бет терісіне бекиді. Ымдау бұлшық еттеріне: а) маңдай шүйде бұлшық еттері, сіңірлі жапқышпен жалғанған; б) құлақ еттері-үшке бөлінеді: алдыңғы, жоғарғы және төменгі, олар самай шандырынан басталып құлақ қалқанына бекиді. в) көздің дөңгелек еті- көз шарасында орналасқан.
Ымдау еттеріне үлкен және кіші бұлшық еттер, мұрын, ұрт, қас жиыру, ауыздың дөңгелек еті т.б. еттер жатады.шайнау бұлшық еттеріне: а) меншікті шайнау еті, бет сүйегінің доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекиді; б) самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан басталып,төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді; в) ішкі және сыртқықанаты ет сына сүйектен басталып, төменгі жақтың өсіндісіне бекиді.
Мойын бұлшық еттері
Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Артқы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады. Мойын бұлшық еттері орналасуына байланысты беткей және терең еттер болып бөлінеді. Беткей еттеріне а) төс-бұғана-емізікше еті жатады, ол төс және бұғанадан басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді; б) тері асты-адамда қалдық ет болып саналады, сүт қоректілерде жақсы жетілген. Ол үлкен көкірек еттерінің жоғарғы жағынан басталып, жақтың төменгі жерінен бекиді; в) жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзеді. Төменгі жақ сүйектен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Беткей еттеріне иек-тіл асты без-тіл асты т.б. еттер жатады. Терең еттер мойын омыртқаның алдынғы және бүйір жағында орналасқан. Бүйір еттерге алдынғы ортанғы және артқы сатылы еттер жатады, олар 3-4 мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, 1-2 қабырғаларға бекиді. Мойынның алдынғы терең еттеріне бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады, олар шүйде сүйегінен басталып, көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекиді.
Бас және мойын шандыры. Бас шандырының орналасуында ерекшелік бар, олардыңбеткей шандырлары жетілмеген, ал меншікті шандырлар самай және шайнау бұлшық еттерінің кейбір жерінде болады, негізі олар тек перимизиямен (дәнекер ұлпалы қабықшамен) қапталған. Мойын шандыры үш пластинка түзеді: беткей, омыртқа алды және кеңірдек алды. Беткей шандырлар көкірек және арқа шандырының жалғасы. Кеңірдік шандыр бұғана мен төс тұтқасынан басталып, тіл-асты бұлшық еттерге жапқыш болады. Омыртқа алды шандырлар бас сүйектің төменінен басталып омыртқа еттерін жабады.
Қолдың бұлшық еттері, оның шандыр қабықтары.
Қолдың бұлшық еттері орналасуына қарай иық белдеуінің және еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері деп екі топқа бөлінеді. Иық белдуінің бұлшық еттері буынмен қоршалған. Иық белдеуінің беткей еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді ет, ол иыққа пішін береді. Дельта тәрізді ет бұғананың сырт жақ бөлігінен, жауырынның иық өсіндісімен басталып тоқпан жіліктіңдельта бұдырына бекиді. Терең еттерге: жауырынның жал үсті және жал асты еті, кіші және үлкен жұмыр еттер жатады. Бұл еттер негізі жауырыннан басталып, тоқпан жілікке бекиді.
Еркін қозғалатын бұлшық еттер жатқан жағдайына қарай тоқпан жілік,білек,қол басы еттері деп бөлінеді.
Тоқпан жілік бұлшық етері орналасуына қарай алдынғы бүгетін екі басты, тоқпан жілік еті, құстұмсық-тоқпан жілік еті, артқы жазатын иықтың үшбасты еті, шынтақ еті жатады. Бұл екі жазушы және бүгуші ет топтарын шандырлы перде бөліп тұрады. Білек бұлшық еттеріде екі топқа бөлінеді. Алдыңғы топ еттеріне саусақты және бармақты бүгетін, тоқпан кәрі жілік еті, шынтақ және кәрі жіліктің білезік бүгетін еті, алақанның ұзын еті, шаршы және жұмыр пронатор жатады. Білектің арт жағындағы беткей еттеріне-білезік жазатын кәрі жіліктің ұзын және қысқа еттері, саусақтарды жазатын жалпы ет, т.б. жатады.
Терең еттеріне супинатор еті, бас бармақты жазатын, алшақтататынұзын бұлшық еттер т.б. жатады. Қол басының бұлшық еттері-негізгі майда сіңірлермен қапталған еттер. Олардың көбі басбармақтың дөңесін түзіп жатады. Олар бүгуші, жазушы, тартушы және қарама-қарсы қоюшы бұлшық еттерінен тұрады.
Қол еттері шандыры беткей және терең жапқыш деп бөлінеді. Терең жапқышы жұқа сүйекаралық еттерді жауып жатады,беткей жапқышы саусақтарды қаптап, ал орталық бөлімі сіңірленіп қалыңдап алақан апоневрозына айналады.
Аяқтың бұлшық еттері, оның шандыр қабықтары
Адамның аяқ бөлімі тіректік және және қимыл қызметтерінатқарады. Аяқ бұлшық еттерінің ішінде ең жақсы дамыған бөксенің үлкен еті-ол бөксеніжазып, денені тік ұстау қызметін орындайды. Санның төрт басты сирақтың жазып денені тік ұстау қызметін орындайды. Сирақтың үшбасты еті аяқ басын бүгетін еттерге жатады.
Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай жамбас белдеуінің және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері деп бөлінеді. Жамбас белдеуінің бұлшық еттері-екі топқа: ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі еттеріне-бел-мықын еті, алмұрт тәрізді, ішкі қлосұғар еті, құйымшақ еті, ал сыртқы еттеріне-бөксенің үлкен ортаңғы және кіші еттері, жоғарғы және төменгі егіз еттері, санның шаршы еттері құрайды.
Бөксе еттері-мықын , сегіз көз, құйымшақ сүйектерінің сыртқы бетінен басталып, ортан жіліктің бұдыр бетіне бекиді. Бұл еттер адам жүргенде дененің тепе-теңдігін сақтайды.Жоғарғы және төменгі егіз еттер шонданай сүйегінің ішкі жағынан басталып, ортан жіліктің ұршықаралық ойысына бекиді.
Сан-ортан жілік еттерін үш топқа бөледі:алдыңғы, ортан жілік бүгетін және сирақты жазатын:төрт басты тігінші еттер жатады. Артқы (ортан жілікті жазатын және сирақты бүгетін):санның екі басты, жартылпй сіңірлі, жартылай жарғақты еттер; Ішкі (медиальды) сан еттерінің ішке тартушы: қырлы, нәзік, ұзын, қысқа және үлкен ішке тартушы еттер. Сирақ бұлшық еттері тік жүруге және денені тік ұстауға қатысады. Білек еттеріндегі жіңішкереген ет бөлімі, сирақтың промаксимальды жағында, ал аяқ бас бағытындаол сіңрге өтеді. Сирақ бұлшық еттері де үш топқа бөлінеді: алдыңғы-аяқ басын бүгетін және жазатын, бармақ жазатын еттер , артқы-аяқ басын және саусақты бүгетін табар еттері, және сирақты бүгетін еттер, латериалды пронатор ішке айналдыру және аяқ басын бүгетін табан еттері. Алдыңғы еттер-асық жіліктің алдыңғы, бармақ және басбармақ жазатын ұзын еттер, бұлар асық жілікпен шыбықтың алдыңғы бетінен, басталып табан бақайшақтарға бекиді. Артқы еттер үшбасты табан еті тақымасты, аяқ бармақтарын бүгетін ұзын еттер , олар ортан жіліктің төменгі арт жағынан басталып негізгі өкше сүйек бұдырына бекиді. Латериальды еттер шыбықты ұзын және қысқа еттер – шыбық сүегінен басталып табан сүйегіне бекиді. аяқ басының еттері үш бөлікке бөлінеді:медиальды-басбармақты қозғалтатын еттер-аппаратын және әкелетін басбармақ еттері, аяқ бармақтарын жазатын қысқа еттер. Латериальды-аяқ бармақтарын бүгетін қысқа ет, табанның орта бөлігінің еттеріне-табанның шаршы еті, бармақтарды бүгетін қысқа еттер жатады.
Аяқ еттердің шандырлы жапқыштары ішкі, сыртқы деп бөлінеді. Кейбір шандырлар жапырақшалары біренеше еттерді жекелей орап жатады. Табан бетінде сіңірлі табан жапқышы болады.