Құрсақтағы ас қорыту мүшелері Ас қорыту жүйесінің үлкен бездері

Жоспар:

  1. Қарынның құрылысы
  2. Жіңішкеішек пен тоқ ішек

3.Ас қорыту жүйесінің үлкен бездері

Лекция мәтіні

Қарын-ас қорыту жолының ең кеңейген бөлігі. Қарынның шыға беріс сүйірленген бөлігін таз қарын,жоғары бөлігін денесі деп атайды. Қарынның кілегейлі қабатында шұңқырлар мен алаңдар, қатпарлар дәне бездер болады. . Қарынның бұлшық еттіқабаты ұзына бойы,сақиналы,ішкі қиғаш қабаттардан тұрады. . Қарынның сыйымдылығы 3 литр.ұзындығы 25-30 см ,ені 12-14 см

Жіңішке ішек қарыннан басталып тоқ ішектің бүйен бөлігімен шектеледі,ол асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі.Тірі кезде ұзындығы 2,2-4,4 ,мәйітте 5-6 метрге дейін жетеді. Жіңішке ішек ұлтабар,аш ішек және мықын ішек деп аталатын бөліктерден тұрады.

Тоқ ішектер — асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі.Ол мықын ішектің қосылған жерінен басталып,тік ішектің артқы тесігімен аяқталады. Тоқ ішектер буылтықтанып тұрады және үш бөлімге: бүйен ішек,жиек ішек,тік ішекке бөлінеді. Бүйен ішек тоқ ішектің қалталанған бөлімі,оның түбінде ұзындығы2-12 см құрт тәрізді өсінді немесе соқыр ішек болады. Жиек ішек өрлеме,көлденең,төмендеу,қима бөліктерден тұрады.

Ұйқы безі салмағы 70-80 г,ұзындығы20 см келетін ірі без.Ол бас, дене ,құйрық бөлімдерден құралған. Ұйқы безі тәулігіне 2 литрдей сөл бөлелі.

Бауыр-адам денесіндегі ең үлкен без.Ұзындығы 26-30 см,ені 20-25 см,қалыңдығы 6-9 см.Ол оң және сол бөліктерден құралған. Бауыр сегіз сегменттен тұрады және оң,солөт жолдарының, өт қабының жолымен қосылып ,өт қабымен байланысады.

Өт қабының түбі ,денесі,мойны бар,пішіні алмұрт тәрізді болады.

Адамның ішкі мүшелері ішперде .байламдар,қатпарлар, шашырақай, шарбылар арқылы әр түрлі тірек –қимыл мүшелеріне бекініп тұрады.