Жоспар:
- Адам анатомиясы пәні .
- Анатомия ғылымының зерттеу әдістері
3.Анатомия ғылымының салалары.
Лекция мәтіні
Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өйткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметіне тығыз байланысты. Адамдардың пайда болуы туралы идеалистер діни былай дейді – адам құдай құдіреті мен жаратылған, ал материалистер – ғылыми деректерге сүйеніп, адам тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуынан пайда болған деп дәлелдейді.
Анатомия гректің — “anatome” – кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп- сою анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады. Адам анатомиясының негізгі міндеті адам ағзасының көзге көрінетін және көрінбейтін мүшелерінің даму заңдылықтарын ашумен бірге, мүшелердің қалыпты жағдайын патологиялық күйінен ажыратуға көмектесу болып табылады. Сондықтанда анатомия пәні – медицина ғылымының негізгі бір саласы. Анатомия ғылымы адам денесін жан- жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді :
- Жүйелік немесе жалпы анатомия – ағзаның тірек –қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек- тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.
- Топографиялық анатомия – адам денесіндегі мүшелерінің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді.
- Мүсіндік анатомия – адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын үйретеді
Бұл аталған анатомия салаларының практикалық маңызына келетін болсақ, егер жүйелік анатомия элементтері жалпы физиология ілімін меңгеруге негіз салса, топографиялық анатомия медициналық ілімге негіз қалайды,ал мүсіндік анатомия суретшілер,скульпторлар үшін міндетті қажетті пән болып табылады.
Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын – функционалдық әдіс деп атауға болады.
Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады:
А) осып-кесу әдісі-ең кең таралған әдіс
Ә)борсыту әдісі
Б)лықыту әдісі
В)ағарту әдісі
Г)бүлдіру әдісі
Ғ)микроскоптық әдіс
Функционалдық немесе қызметтік әдістерге мыналар жатады:
Д) рентгеноскопиялық әдіс
Е) рентгенографиялық әдіс
Ж) ауторадиографиялық әдіс
З) сынама-тәжірибелік әдіс
Бұлардан басқа антропометриялық,суретке,киноға түсіру,мүшелердің суретін салу әдістері де бар.
Анатомия көптеген ғылымдармен байланысты және оның өзі де бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы адамның дене құрылысын зерттегенде, жай көзбен көріп, оның бейнесін, пішінін сипаттауда қалыпты анатомия деп, дене құрылысын микроскоппен зерттейтін ғылымды микроскоптық анатомия деп атайды. Ағзаның қызмет атқару жүйелеріне сәйкес, қалыпты анатомияның өзі бірнеше тарауға бөлінеді :
- Остеология – сүйектер және олардың байланыстары туралы ілім;
- Синдесмология – сүйектің, буын байланыстары туралы ілім;
- Миология – бұлшық еттер туралы ілім;
- Спланхнология – ішкі органдар туралы;
- Ангиология – қан тамыр, жүрек туралы;
- Неврология – ми, жұлын, жүйке жүйесі туралы;
- Эстезиология – сезім мүшелері туралы;
- Эндокринология — ішкі секретция бездері туралы ілім.