Өндірістің интеллектуалды меншігінің объектісін тәжірибеге енгізу және ғылыми-зерттеулердің экономикалық факторлары

Жоспары:

1.Интелектуалды меншіктегі объектілерге патент алу

2.Идеяның материалды түрде көріну

3.Ғылыми жұмыстың техника экономикалық негіздемесі

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

  1. Альтшуллер Г.С.Найти идею.Введение в теорию решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.

Лекция мәтіні :

1.Жаңа техникалық идеяны жасаудың соңғы мақсаты оны тәжірибеде пайдалану, яғни белгілі бір тиімділікке жеткен соң, оны енгізу және пайдалану, мысалы, экономикада.

Дегенмен, барлық жасалымдар өмірге ене бермейді. Себебі технологияның тиімділігін арттыру мақсатынан басқа, жасаушылардың нақты коммерциялық мүддесі де бар. Интелектуалды меншіктегі объектілерге патент алу — оларды пайдаланғаннан табыс түсіру мақсатын ұмытпау керек. Жаңа идеяны сенімді де сауатты қорғау үшін техникалық міндеттемені шешетін барлық идеялар кәдімгі патент қорғаудан өтеді. Бұл шешімдердің біреуі тиімді, біреуі тиімсіз болғанымен, патент қорғау барлығына бірдей. Тәжірибеге әдетте ең тәуір, тапсырушының талабына сай келетін идея ғана енгізіледі. Басқа идеялардың патенті енгізілмей «патент шатырын» құрайды. Ол бәсекелестердің жұмысын қауіпсіздендіреді, ұқсас өндеуді пайдаланып, тәріздес өнімді шығаруға рұқсат бермейді. Сонымен қатар, бүгінгі күні қайсыбір идея нашар көрінгенімен, болашақта ғылым мен техника дамуымен жақсы боп көрінеді де, тәжірибеге енгізіледі.

Енгізу үрдісі өте күрделі және көлемді еңбекті талап етеді. Ең күрделі, бірақ максималды тиімділігі бар, жасалымдар енгізу үрдісі саналады. Жасалым өзінің негізінде әлемдік жаңалық элементіне ие болып, интеллектуалды меншіктің объектісі ретінде кабылданады. Әрбір жаңа шешім күдік туғызады, оны тәжірибеге енгізу барысында есептеу мен жобалаудан күтілген нәтижелерді ала алмау қауіпі бар.

Өзінің турашылдығын дәлелдеу ушін, өнертапқыш жаңа құрылғының тәжірибелік үлгісін жасау керек немесе тәжірибелік стенд құрастыру керек, сонда ол жаңа технологияны көрсете алады немесе жаңа заттың тәжірибелік партиясын жасайды. Яғни өзінің идеясын материалды түрде тәжірибелік үлгі арқылы сынақ өткізіп, өзінің теориялық қорытындыларының дұрыстығын жаңа идеяның тиімділігін дәлелдейді.

Мұндай іс — шараны өткізудің негізгі мәселесі — осыған қаражат табу. Ол қаражат алудың екі көзі бар;

1)нақты ғылыми жұмысты қолдау үшінбөлінетін мемлекеттік қаражат;

2)осы жұмысқа мүдделі жекеменшік компаниялар мен фирмалардың инвестициясы;»

3)өнертапқыштың жеке басының табысы.

Үшінші түрі өте сирек кездеседі, себебі өнер тапқыш кісілер әдетте байлығы жоқ, кедейлеу бол келеді. Сондықтан 1 және 2 көзді жиі пайдаланады. Қаражат қолдауын табу үшін өз идеясын техникалық енгізу деңгейіне жеткізу керек, яғни жұмыс жобасы мен шығын сметасын жасайды. Инвестор ешқашанда жалаң идеяға, техникалық есептеу, сызу, калькуляция, т.б құжаттармен дәлелденбесе өз ақшасын бермейді. Кейбір аңқау өнер тапқыштар өз жасалымына патент алысымын, оны енгізуге дайын тұрған қаражат иелері табылады деп ойлайды. Ондай өте сирек кездеседі. Патент алу жұмысы жаңа идеяны енігізудің ең алғашқы, маңызды кезеңі ғана.

2.Идея материалды түрде көріну үшін екі бағытта жұмыс жүргізіледі.

  1. 1. Мәселенің техникалық өндеушін жасау. Жаңа құрылғы, технология, затты жобалау қажет. Мысалға, кұрылғы құрастыруын есептеуін, барлық бөлшектердің көлемін олардың орнын, қосақтану сипатын, дайындайтын материалын, өңдеу жазығын анықтауын, құрылғы жетегін таңдауын, т.б өткізуді талап етеді. Бұл ,ақпараттың барлығы жасаушы зауытқа түсетін жұмыс жобасында болу керек.

2.Мәселені экономикалық жағынан қарастыру. Бұл бөлімде жаңа идеяның тиімділігін дәлелдейтін экономикалық есетеу жүргізіледі. Құрылғы үшін бұл тәжірибелік үлгіні жасауға және пайдалануға жіберілетін қаражат, жаңа құрылғыны пайдалану рентабельдігін анықтайдыу жаңа құрылғы мен бар үлгілердің экомомикалық параметрлерін салыстырады. Инвесторды техникалық және экономикалық ақпарат негізінде сауатты да дәлелдемелі үгіттеу ушін жаңа идеяны енгізудің бизнес — жоспары жасалады. Онда қысқаша түрде объективті сенімді ақпарат негізінде мәліметтер беріліп, ұсынылып отырған шешімнің коммерциялық қисындылығы туралы қорытынды жасалады.

Тәжірибелік үлгі жасалғаннан кейін оны сынақтан өткізудің негізделген жоспары құрастырылады. Онда жаңа құрылғының тәуір көрсеткіштерін толығырақ анықтап, жақсы жақтарын көрсетеді.

3.Экономикалық фактор міндетті түрде іргелі ғылымнан басқа ғылыми-зерттеулерде ескерілу керек. Қазіргі уақытта ғылым өндірістің зор қозғаушысы ретінде өзі де өндірістік күшіне айналды. Ғылымы көлемді келген өндірістің табысы мен кірісі көп болады. Қайсыбір ғылыми тақырыпты зерттеу алдында, оның экономикалық пайдалылығын, енгізу барысындағы пайдасын анықтау кажет. Пайда дегеніміз, ол таза экономикалық емес, әлеуметтік сипатында да болуы мүмкін, мысалға, жарақаттануды төмендету, жұмыс қауіпсіздігін арттыру, т.б кез-келген тиімділікті қандай сипатта болмасын ақшалай түрінде өрнектеуте болады, яғни экономикалық тиімділігіне әкелеміз.

Ғалымдар өз бетінше, өндіріс өз бетінше жүрген заман өтіп кетті. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет есебінен жүргізілетін ғылыми тақырыптар өте аз, кебінесе іргелі бағыттар бойынша ғана қаржыланады. Өз жұмысына қаражат алу үшін ғалым басынан міндетті түрде жұмыс нәтижелерін кім қолданатынын, кімге қажет, кім оған мүдделі, тұтынушыға не беретінін анықтауы керек. Ғалым экономикадан жақсы білімі бар, маркетинг зерттеулерін жүргізетін, жұмысы бойынша қаражат серіктерін таба білетін, өз зерттеулерінің нәтижесін сата білуі керек. Ең қызықты, тиімді, жоғары денгейде өткізілген, кемеліне жеткізілген зерттеу түкке де тұрмайды, егер ол өзінің тұтынушысын таппаса, енгізу туралы әнгімеге тиек болатын пайда әкелмесе.

Кез-келген ғылыми жұмыстың соңғы кезеңі болып, оны практикалық іс — әрекетке енгізіп, өз орнын белгілеу. Зерттеу басталарда көзделген пайда өмірде жұмыс жасауы керек. Әрбір зерттеуші белгілі ғылыми тақырып бойынша жұмыс жүргізер алдында жуықталған түрде болсын жұмыс қорытындысы нақты тұтынушыларға не беретінін білуі қажет. Ол өзіне анық есеп беру керек, осы құрылғының қай параметрін, қаншалықты жақсартатынын, басқа параметрлер қандай болады, олардың жақсартылуы бола ма, әлде өзгермей ме, тіпті нашарлай ма деген сұраққа дайын болу керек. Мұндай анық есеп берусіз не алады, жұмыстың мақсаты не — оң нәтижелерді күтуге болмайды.

Басталған ғылыми жұмысын объективті бағалауға алдын ала жасалған техника — экономикалық негіздеме түрінде жұмыс мақсатының экономикалық есептеулері жүргізіледі немесе көзделіп отырған жұмыстардың бизнес — жоспары жасалады. Екі құжаттың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ, екеуі де есептеу түсіндірме хат боп табылады. Онда нақты есеп, түсіндіру, сенімді көздерден алынғанақпарат арқылы ғылыми жұмыстың экономикалық пайдалылығы дәлелденеді, ұсынылған жұмыстың нәтижесі, оны кім пайдаланады, қандай және қашан экономикалық тиімділікке жеткізетіні туралы баяндалады. Төменде ғылыми жұмыстың техника экономикалық негіздеме (бизнес — жоспар) құрастыруда қандай сұрақтарды баяндауды талап ететін үлгісін ұсынамыз.

I Ұйым аты

П жобанын қысқаша сипаты

2.1 жобаның аты

2.2 қай сала

2.3 жобаны енгізу орны

2.4 жобаның қысқаша мазмұны

2.5 жоба ерекшеліктері

2.6 жоба құны

2.7 меншік құралдар

2.8 жобаны орындау мерзімі

2.9 жобаныңелдің,нақтытұтынушыныңқажетіне сәйкестілігі.

III Техникалық бөлім

3.1 негізгі мақсаттар

3.2 техникалық шешімін таңдау негіздемесі

3.3 қазіргі кезде бар варианттардың, бәсекелестердің зерттеулерін салыстырмалы бағалау

3.4 шығарылатын өнімнің сапасы

3.5 объект орнын таңдау негіздемесі

3.6 патент тазалығы

ІV Экономикалық бөлім

V Ұйымдастыру бөлімі

5.1 жобаға қатысушылар туралы мәлімет, олардың біліктігі мен ғылыми деңгейі

5.2 жұмыс кезеңдері

5.3 даму перспективасы.

VIҚаражат — экономикалық бөлім. Жобаны іске асырудан түсетін пайда.