Ұйымдастырудың психологиялық факторлары

Жоспары:

1.Бастама және жігерсіздікті жеңе білу

2.Ғылыми іс- ірекеттегі сын

3.Жарияланымдар мен ғылыми хабарламалар

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні :

1.Ғылымның жемісті еңбегінің негізіне шығармашылық бап пен өнертапқыштық жатады. Шығармашылық процесінің нәтижесінде бір жаңалық, бұрын болмаған нәрсе жасалады. Ғалымда жаңарған көзқарас болуы керек. Күнделікте көп рет қайталанып тұратын, бәріне мәлім процесте бұрын ешкім байқамаған бір жаңа затты көре білу керек. Кейде Бұл жаңалық қасындағы кісілерге түсініксіз және ойға қонымсыз болып көрінеді, ал жаңа идеяны тіпті сандырақ деуі мүмкін. Бірақ уакыт өте, бұл ғалымның аты бүкіл әлемге тарап, тарихта қалады. Кезінде Колумбтың Индияға, шығысқа қарай емес, батысқа жүзіп бару идеясын замандастары қалыптан тыс санап, күлкіге айналдырған. Ғалым қиялдану қабілетін игереді, жаңа революциялық идея ұсынады, сөйтіп үйреншікті көрініс пен шектеу шеңберінен шығып кетуі керек.

Жаңа шешімдер осыған дейін беймәлім табиғат құбылыстарына негізделеді, жаңа күштер қатынасы мен заттың соны қасиетін, т.б. пайдаланады, басқа ғылым мен техника салаларында бұрыннан белгілі болғанымен, бұл бағытта қолданылмаған сырттан ауыса келген кірме шешімдерге арқа сүйеуі де мүмкін. Мұндай ой іс-әрекеттері шығармашылық баптың туындысы болады.

Осындай жағдайлардың барлығына да тең дәрежеде өнертапқыш немесе жаңашыл деген түсінік қолдануға болады. Қойылған мақсатқа жетудің жаңа әдіс-амалын ойластырып табу немесе басқа салалармен ауыстыра білу іскерлігі жөнінде сөз болып отыр. Ішінде шығармашылық элементі бар, қандай болмасын іс-әрекетте өнертапқыштық қажет. Ғалым жаңа идеяны неғұрлым табысты ұсынған сайын, оғүрлым көп әртүрлі шешімдер пайда болады, сондықтан көгі варианттың қатарынан ең жақсысын таңдап алу мүмкіндігі арта түседі де, мақсатқа максималды нәтижсмш жетуге болады.

Қазіргі уақытта техника құрылғылары аса күрделеніп, ал өндіріс жүйелері дамып келеді. Олардың табысты жұмысын дамыту, қызмет ету мен пайдалану сапасын көтеру кең ауқымды кәсіби білім мен білімдарлықты талап етеді. Алайда кәсіби білімнің бар болғандығы өз өзінше табысты өнертапқыштықты қамтамасыз етпейді, ғылыми мәселелерді жаңаша шешетін шығармашылық қабілетін де ұсына алмайды.

Шығармашылық жолында ең үлкен кедергі ретінде қалыптасқан үлгіден шықпау, бірінші кездейсоқ келген шешімді ең жақсы және дұрыс деп қабылдауды атауға болады. Адамның Бұл қасиеті «психология жігерсіздігі» деп аталады. Интеллектуальды іс-әрекетінде «мейлі бәрі бұрынғыша болсын, ешбір жаңалық қажет емес» догматика ұстанымы жігерсіздік боп саналады.

Психология жігерсіздігін жсңу үшін мына қарапайым қағида бар екенін көзден таса жібермсу керек: бірінші ойға келген шешімнен басқалары да бар, оларды тауып, ең жақсысын таңдау үшін барлық шешімдерді теғіс талдап шығу керек.

Шығармашылық есепті шығаруда әр түрлі ой-өңдеу варианттар санын көбейтуге қатысты бірнеше мәлім әдістер бар:

  1. Ұқсастық әдісі. Ұқсастық негізінде көп жаңа идея, соны шешімдер туындайды. Оны пайдалану қиын емес: қарастырылып отырған мәсслелер шешімі басқа ғылым және техника салаларында, табиғатта, т.б. кездесетін ұқсас жағдайларда жасырын түрде білдіртпей қолдануда. Мысалға, жаңа ғылым бионика бұрын табиғат жасаған идеяларды техника саласында кең қолданады.
  2. Инверсия әдісі. Бұл әдіс психология жігерсіздігін саналы түрде жеңуге үйретіп, жаңа шешім табуға мүмкіндік береді. Бейнелеп айтқанда, Бұл әдістің мәнісі «бәрін кері жасау», «роль ауыстыру», «бәрін түбінен жоғары төңкеру»сөз тіркестерінің ішінде жатыр. Мысалға, ғалымдар екі валды қосу үшін аса мықты муфтаны жасады. Валдарды айналдыру сәтіндегі алғашқы қозғалысында,күштерәсері есептелгеннен аса артық болғандықтан, муфта сынып кетеді. Жұмыс бағыты барған сайын муфтаны қатайту сипатында жүргізіледі. Бір кезде қарама-қайшы вариант ұсынылады: муфтада нашар элемент болу керек — «кесілетін саусақ». Енді кенет қозғалыс немесе жайдан тыс жағдай болса, саусақ кесіліп,муфтаныңөзісауқалады,алсаусақты ауыстырғаннан кейін қондырғы жұмысқа қайта дайын тұрады.
  3. Модификация әдісі. Бұл әдістің сипаты табылған шешімге бірте-бірте өзгеріс енгізіп, оны жаңа сипат пен параметрлері бар соны шешімге айналдыру. Бұл әдісті көбінесе техниканың(мысалға, компьютер мониторлары) қызмет параметрлерін өзгертуде пайдаланады.
  4. Қызметті кеңейту әдісі. Бұл әдісті іске қосу нәтижесінде бұрын басқа салада қолданылып көрмеген қондырғылар, технологиялық жабдықтарды пайдалану мүмкіндігін кеңейту. Ең қарапайым мысал ретінде екі, одан көп пайдалану қызметі бар әмбебап құрылғыларды келтіруге болады. Жүйелі бап тұспалдауы бойынша жаңа сапа мен қызмет кеңеюі алғашқы қасиеттердің жай ғана қосындысы емес, қайта бұрын байқалмаған мүмкіндіктерді пайдалану нәтижесінен шыққан деп қарау керек.
  5. Агрегаттау әдісі. Бұл әдіс алдыңғы әдіске қарама- қайшы болып келеді. Бұл әдістің, мәнісі жеке қызметті аткаратын дараланған блоктарды жүйеден жіктеп шығару. Бұл блоктардың жұмысы автономды түрде жасалу керек, сонда оларды бір- бірімен қоса отырып жаңа құрылғы жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс өндіріс роботтардың манипуляторларын құрастыруда пайдаланады. Манипулятор схемасы бірнеше блокқа белінеді — ұстау, жетектеу, айналдыру т.б., әрқайсысы жеке жасалынып, қажет болғанда құрастырылады.
  6. Комбинацияларды жүйелізерттеуәдісінемесе морфологиялық әдіс. Бұл әдіс жасалынған жүйенің барлық компоненттер мен мүмкіндіктер комбинациясын толық кешенді түрде зерттеуді көздейді.
  7. «Роль орындау » немесе «ену» әдісі. Бұл әдісте ғалым өзін зерделеніп жатқан заттың кейпінде көреді де, машинаның ішінен қарап, ол қалай жұмыс жасайтынын елестетеді.

Жемісті жұмыс жасау үшін бастама керек, алдына мақсат қойып, оған жетуге ұмтылу қажет. Алдына үлкен мақсат қойып ,оған жету міндеттерін жүктеуден қорықпау керек. Алғашқы әсер бойынша мұндай мақсат өте алыс және жету мүмкін емес болып көрінеді. Үлкен мақсатқа жету үшін арасындағы кішкене мәселелер мен міндеттерді айқындауды ойластыру керек, сонан соң бірте-бірте оларға жетуге қадам жасайтын тапсырмалар орындаудан таймау керек. Ақырында міндетті түрде сол үлкен мақсатыңа жететін күн туады, сіз ғылымда өз шыңыңызға шығасыз. Ол үшін өзіңе, өз біліміңе, арманыңа сеніп, логика мен табысты болуыңызға сену керек. Күн сайын сол қойылған мақсатқа жететін уақытты жылдамдату үшін, бір тапсырма орындау керек.

2,Негізгі түпнұсқа құрастырушы философия заңына сәйкес, кез келген алға қозғалудың міндетті де қажетті компонент ретінде қарама-қайшылықтар күресі мен олардың бірлігі болып келеді. Бұл факторсыз әрбір процесс бірте-бірте бәсеңси береді де, ақыр аяғында оның дамуы тоқтайды. Ғылымға өз жетістігін, идеялар мен зерттеулердің даму деңгейін объективті анықтауға көмектесетін қажетті қарама-қайшылық дәл сол сын болып келеді. Бірақ, бұл ереже обьектіні терең зерттеп,алынған мәліметтерді тексеріп,талдап, ғылыми кәсіби тұрғыдан негізделген нақты ескертпелерді жасаған объективті әрі конструктивті сынға ғана катысты.

Нағыз ғалым сыннан қорықпай, қайта өз ғылыми жұмысы көбірек талдансын, оның кемшіліктері мен мүкістері көрсетілсін деп ұмтылады. Бұл ғылыми жұмыс бағытын дұрыс анықтауға көмек беріп, зерттеуге қажетсіз кететін қымбат уақытты үнемдейді.

Егер зерттеуші сын көтермесе немесе одан сескенсе, бұл ғылыми іс-әрекеттің адал емес, саяз, жалған екендігінің көрсеткіші деп қарауға болады. Мұндай ғалымдар көбінесе кәсіби маман емес немесе дайындалмаған көпшілік алдында сөз алады, себебі олар оның «ғылыми жұмыстарына» еш баға бере алмайды. Жалған ғалымға тән қасиеттің тағы бірі — өз жетістіктеріне өзі баға беру. Өзінің зерттеу объектісін ол жаңалықтан кем емес деп есептейді, ал бірақ сол жетістіктерін салиқалы ғылыми басылымдар бетіне басып, кәсіби сыннан өтуден бас тартады.

Керісінше ғалымның басқа түрі де бар. Ол айтарлықтай бірегейлі нәтижелерге жеткен, бірақ өзінің ұяң, жасқаншақ мінезіне байланысты сыннан қорқады. Мұндай ғалым өзінің жетістіктерін елемейді, оларды маңызды деп есептемейді де, өз ролін тым төмендетіп жібереді. Ол өз жетістіктерін ғылыми баспа бетінде жарияламайтын себебі, айналадағыларға өзім ақылсыз болып көрінем бе, идеяларым жалған болар деп, т.б. қорқады. Бұл жағдайда ағылшын мақалы былай дейді: «Өлген итті ғана ұрмайды». Мұндай ғалымның жұмысына сырттан жоғары баға берілсе, оған жаңа күш-жігер қосады, ары қарай жемісті еңбектенуіне түрткі-серпін болады.

Осы жерде өзін өзі сынау, яғни ғалымның өзін өзі бағалауы деген түсінікті атап кету керек. Бұл мәселеде мүмкіндігінше объективті болып, өз жетістіктерін тура осындай ғылыми деңгейі бар басқа ғалымдардың жұмысымен салыстыра бағалау керек.

Сыңды қалай қабылдау керек? Егер сын дұрыс, конструктивті, кәсіби сипатында айтылса, оны ризашылықпен қабылдап, кейінгі жұмыстарда басшылық құрал ретінде пайдалана білу қажет. Мұндай сын егжей-тегжейіне дейін талданып әрі жүйеленіп, ең маңызды бөлігі іріктелінеді, келіспейтін ескертпелерді бөліп тастап, оларды есепке алмау керек. Ғылыми жұмыстың ірі кемшіліктері дер кезінде көрсетіліп, олар зерттеу барысында ескерілсе, онда алынған мәліметтердің жалғандығынан, уақыттың босқа кеткенінен, оларды түзетуден сақтандырады. Көп жағдайда салмақты сын ескертпелер арасында өте дұрыс ой айтылады. Оларды ақылмен қорытса, зерттеу жұмыстары ілгері басып, жаңа бағыт, соны қозғалыс пайда болады.

Жақсы достарыңның , таныстарыңның жұмысын сынаудан қорықпау керек. Жұмысында кемшіліктер байқап, оны ашып айтпау — олардың болашақ іс-әрекетіне үлкен зиян келтірумен бірдей, себебі алынған мәліметтер дұрыс болмай шығады.

Ғылыми жұмыстарды бағалау сыншының өзіне де көп пайда әкеледі. Ғылыми — зерттеуді бағалай отырып, сыншы өз білім қорын арта түседі, өз жұмысында кездесетін ірі-ұсақ сәтсіздіктерді ауыртпалықсыз қабылдау қабілетін нығайтады, үйлесімсіз сыннан өз жетістіктерін қорғауды үйренеді.

3.Ғылыми журнал мен жинақтардағы жарияланымдар зерттеушінің ғылыми ізденістері, оның ұзақ эксперименттері, қойылған міндеттердің жаңа шешім ізденісі, соны идея табудың логика қорытындысы болып қабылданады. Жарияланымда ғалымның мәселе шешудегі жаңа табыстары сауатты да түсінікті баяндалып, нәтижелері көрсетілуі қажет. Онда зерттеуші өзінің жетістіктерін баяндайды, тәжірибемен бөліседі, қателіктерден сақтандырады, ғылыми мәселені шешудің дұрыс жолын көрсетеді. Жарияланымдар зерттеушінің жұмыс тиімділігін бағалаудың бір критерийі болып, ғылыми ортада оған абырой жинайды немесе оның жалғандығын әшкерелейді. Жарияланым ғалымның белгілі бір мәселеде табысқа бірінші болып жеткенін тіркейді, оның приоритетін басып көрсетеді. Бұған қосатынымыз, мақала өз бетінше зерттеушінің ғылыми қисындылығының өлшемі емес, мақаланың негізгі көрсеткіші берілген ақпараттың сапасы. Сондықтан кейбір мемлекеттерде, мысалға АҚШ-та, ғалымның іс-әрекетінің бағалануы оның мақалалар мен баяндамаларын саны арқылы ғана емес, осы зерттеушіге басқалардың еңбектерінде келтірілген сілтеме жасау жиілігі арқылы есептелінеді. Егер басқа зерттеушілер ғалымның мақаласында берілген мәліметтерге сілтеме жасаса, онда алынған материалдардың құндылығы, нақтылығы, пайдалылығы анық екенін көрсетеді. Керісінше, ғалым мақаласына жасалған сілтемелер жоқтың қасы болса, онда жарияланымның сапасы төмен, жаңашылдық деңгейі пәс, тақырыбы жалған, жаңа идея жоқ деп нақты айтуға болады.

Кез келген ғылыми жарияланымда бұған дейін ешкім байқамаған бірегей сонылық нышаны болу керек, мейлі ол кішкене ғана, кезең аралық жетістік болсын, бірақ ол міндетті түрде зерттеушінің дара өзі немесе бір топ ғылымдар тапқан жаңа сипатта көрінуі қажет.

Жиі басылатын жарияланымдар арасынан ғылыми мақаланы атауға болады. Бұл шағын ғана, көлемі 5-8 бет машинкамен басылған кезең аралық нәтиже туралы хабарлама. Мақалада міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер болуы керек, себебі ол арқылы бұған дейін не болғанын және автор қандай жаңалық енгізгенін көрсетеді.