Салыстырудың эвристикалық функциялары

Жоспары:

  1. Салыстыру.
  2. Таным.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

1.Салыстыру – қоршаған дүниені танудың негізгі тәсілдерінің бірі, ұғымды анықтау мүмкін емес немесе қажет болмаған жағдайда затты танудың тәсілдерінің бірі. Салыстыру обьектілерді олардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау мақсатында оларды өзара салыстырудан тұрады да өздігінше эвристикалық операция мен стратегияны білдіреді.

Оқушының оқу іс-әрекетінде салыстыру өте маңызды роль ойнайды. Мәселен, есімдік пен етістікті, көбейту мен бөлу операцияларын, есептіңкомпаненттерін (құрамдас бөліктерін, құрылымдық элементтерін), үшбұрыш пен тікбұрышты, орман, дала мен шөлді салыстыра отырып оқушы осы заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін терең тани бастайды.

Заттар мен құбылыстарды сәтті түрде салыстыру импликацияның (бір обьектілерді өзге обьектілермен тығыз байланыстыратын логикалық операция) негізінде жатыр және де ол қандай да бір сұраққа жауап беру үшін, белгілі бір көзқарас тұрғысынан мақсатқа бағытталуы тиіс. Ол заттар мен құбылыстардың ұқсастығын анықтауға (бұл операциялар тарихи-салыстырмалы әдістердің негізінде жатыр) немесе айырмашылықтарын анықтауға немесе екеуін де бірдей анықтауға қарай бағытталуы мүмкін. Мысалы, егер де үй жануарларын олардың адамға пайдалылыға жағынан зерттейтін болса, салыстыру олардың арасындағы ұқсас белгілерді анықтауға немесе оларды тұқым критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан әр түрлі номинациялар (номинация – тілдік элементтерді белгіленетін обьектілермен арақатынасын белгілеу процесі ретіндегі атау) бойынша бөлуге бағытталуы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, егер де салыстыру кезінде салыстырылатын өзгеше қосымша затты беретін болса, төменгі сыныптың оқушылары заттар арасындағы сәйкестікті жылдамырақ табатын болады. Оқушылар үй жануарлары сиыр мен қойдың бейнелерін салыстырып ұқсас белгілерін онша көп байқай бермейді. Егер де сиыр, қой және ит бейнеленген үш суретті көрсетер болсақ, онда оқушылар сиыр мен қойдың арасында ұқсас белгілерді көбірек табады.

2.Кез келген обьекті мен құбылысты тану біздің оны өзге обьектілерден ажыратуымыздан және оның өзіне жақын обьектілерге ұқсастығын анықтауымыздан басталады. Таным – бұл айырмашылық пен ұқсастық: бір-бірімен үздіксіз байланыста болатын процесс, сондықтан салыстыру барлық ойлау процесімен өзара байланыста қолданылады. Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытындыны алу мынадай бірқатар қажетті жағдайларды сақтауға байланысты:

1). Шындықтың біртекті обьектілерін немесе құбылыстарын бейнелейтін тек біртекті ұғымдарды ғана салыстырған жөн.

2). Заттарды олардың елеулі мәні бар белгілері бойынша салыстыру қажет.

Танымдық тұрғыдан стол мен векторды (белгілі бағыттағы тура сызықтың кесіндісі), үшбұрыш пен батылдықты салыстыру пайдасыз. Мұндай салыстырудың болашағының жоқ екендігі «пұтты аршынмен салыстырма» (ауырлықты ұзындықпен салыстырма) деген халық мәтелінде келтірілген.

Салыстырудың танымдағы және нақты ғылыми қызметтегі мәні өте үлкен. Мәселен салыстырудың көмегімен ғылыми мәтіннің шынайы жұмыс немесе компиляция (мәтінді өзгелердің зерттеулерінің немесе шығармаларының негізінде құру) екенін оңай ажыратуға болады. Алайда, салыстырудың өзі толыққанды білімді бере алмайтындығын ескеруіміз керек. Бірнәрсені тану – бұл тек ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табу ғана емес, мәнін де анықтау.

Салыстыруды танымның әдісі мен амалы ретінде адам әрекетінің барлық саласында: ғылымда, педагогикада, әдеби көркем шығармашылықтан табуға болады. Жалпылама түрде салыстыруды қоршаған дүние заттарының арасында болатын ұқсастық пен айырмашылықтың шынайы қатынастарының адам санасында бейнелену процесі ретінде анықтайды. Танымды салыстырудың негізінде зерттеу үшін қарапайым салыстыру ұғымын жиі енгізеді. Мұнда салыстыру талабына сәйкес келетін бір обьектіні өзге бір обьектімен қандай да бір қасиеті бойынша салыстыруды ұғынады.

Процесс ретіндегі салыстырудың қарапайым актісінің тқұрылымында келесі құрамдас бөліктерді бөліп тіктеуге болады:

  • салыстыруға ұшырайтын обьектілер
  • бірінші обьектпен салыстырылатын обьект
  • салыстырудың негізгі – обьектілерді салыстыратын қасиет
  • салыстырудан шығатын қорытынды

салыстыру процесінің танымдық құндылығы тек қана салыстыратын обьектілердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтың қатынасын анықтауда ғана емес, салыстырылатын обьектілердің бірінің өзге біреуіне қатысты сипаттамасында жатыр. Тек осы жағдайға байланысты салыстыру сыртқы заттарды (предметы) теңестіру мен ажырастырудың психикалық қасиетінен эвристикалық мәнге ие танымның логикалық амалына айналады.

Мұндай зерттеу оқудың белгілі бір кезеңінде эвристикалық сипатқа ие болады, себебі оның прцесінде салыстыру кейбір заңды қасиеттерге алып бара алады. Осы салыстырылатын заңдылықтың байқалуын, гипотезаның пайда болу сәтін, дамуы мен негіздерін көру – бұл елеулі эвристикалық рөлді салыстыру атқарған эвристикалық ізденісті жүзеге асыру.

Салыстырудың осы қарастырылған сапалары ұсынылған есепті бұрын шығарылған есеппен салыстыру процесінде

  • есептің компоненттерінің аналогиясы (ұқсастығы) мен олардың шешу стратегиясына ықтимал ықпалын айқындауға;
  • құрылымның жалпы элементтері мен құрылымдық байланысты айқындауға;
  • шешім статегиялары мен олардың элементтерінің мүмкін боларлық ұқсастығын анықтауға;
  • есептің компоненттік құрамында, құрылымында және олардың жалпы стратегияға ықпалында айырмашылық жүргізуге мүмкіндік береді.

Педагог – ғалымдар таным прцесіндегі салыстырмалы әдіске үлкен мән беріп отырды: «салыстыру кез келген ұғыну мен кез келген ойлаудың негізі. Біз дүниеде бәрін басқа емес, тек салыстыру арқылы білеміз… Сыртқы табиғаттың сырларын ұғынудың өзге жолы жоқ ». (Архонгельский С.И.Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы.М. 1980. С. 112-113).

Салыстыру обьектілерді немесе құбылыстарды салыстырмалы түрде сипаттаудан кейін жүзеге асырылатын жалпылаумен тығыз байланысты. Ұқсастығы бойынша қорытындылар кезінде де алдын ала жалпы мен ерекшеліктер айқындалады. Кейбір ғылыми салаларда салыстыру зерттеулердің іргелі әдістерінің негізі болып қаланды. Мәселен жоғарыда атап өтілген тариғи – салыстырмалы әдіс зерттеудің тәсілі ретінде қарыштап дамыды. Бұл жерде осы құбылыстардың формасы бойынша ұқсастықтарын анықтаудың негізінде олардың генетикалық туыстығы жайында қорытынды жасалады. Тарихи – салыстырмалы әдістің сипаты ерекшелігі сонда, оның бастапқы пункті ретінде материалдық мәдениет пен білімнің әр түрлі салалары үшін ортақ көне элементтерді қалпына келтіру мен салыстыру қызмет етеді; тарихта осыған байланысты кезеңдестіру жүргізіледі (кезең – қандай да бір аяқталған процеспен сәйкестендірілетін уақыт аралығы), яғни даму процестерін айқындалған заңдылықтарға сәйкес негізгі ерекше кезеңдерге бөлшектеу.