Жоспары:
- Анализ және Синтез тәрізді есепті шешу жоспары.
2.Есепті шешу әдісі мен әрекеттің бағдарламасы.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.
2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980
8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.
9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.
10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.
Қосымша:
1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.
2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.
3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.
4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.
5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.
Лекция мәтіні:
1.Есепті шешудің басты мәселесі – жоспар. Яғни іс-әрекет кезеңдерінің схемасы болып табылады. Есепті шешудің жоспары – бұл шешу кезеңдерінің реттелген тізбегін эвристикалық стратегияның амалдардың шындыққа жақын пайымдаулардың және логиканың негізінде құру. Жалпы жағдайда жоспарды құру эвристикалық стратегияны табудан басталады.
Шешім – бұл бірден қол жеткізуге бола бермейтін мақсат. Сондықтан мақсатқа жету үшін мүмкін боларлық әрекеттердің жүйесі ретіндегі шындыққа сәйкес келетін жоспарды құрып алу қажет. өзіміз білетін іс-тәжірибе негізінде мақсат оған жетудің құралын көрсетіп беруге қабілетті. Бұл жерде пайымдаулардың мынадай тізбегі құрылуы мүмкін:
Бізге А-ны табу қажет. мұны В-ның көмегімен жасауға болады. Алайда В-ны егер С болса алуға болады. Мұндай тізбекті былайша бейнелеуге болады:
А егер В болса
В егер С болса
С егер D болса
D егер Е болса
Егер де соңғы шарт Е есептің берілгендерінде бар болса, онда тізбек үзіледі. Жалпы жағдайда оның тізбектерінің саны N, обьектілерінің саны N+1 болады. Қарапайым есептерді тізбек логикалық тұрғыдан байланысқан пайымдаулардың айқын тізбегі ретінде қатарласа тұрады. Мұнда кез келген өту (переход) бірмәнді анықталған. Стандартты емес есептеулерде өтулер таңдау мәселесін білдіреді. Олардың шешімі үшін эвристикалық пайымдаулар жүргізіледі. Осы пайымдаулардың негізінде есептер тізбегін құру жоспарды құру әрекетін білдіреді. E-ден D-ға, D-дан C-ға қарай әрекет ете отырып, жоспарды жүзеге асыратын боламыз. өйткені Е есеп шартында, яғни біздің қолымызда болады. Есепті шешу жоспарын іздеуде эвристикалық пайымдаулардан қорықпау керек. Бірақ бұл көзқарасты жоспарды жүзеге асыруға өте отырып өзгертуге міндеттіміз. Енді біз тек айқын, қатаң дәлелдерді ғана қолдануымыз тиіс. Жоспарды жүзеге асыруда әрбір қадамымызды қаншалықты мұқият қадағаласақ, оны құруда эвристикалық пайымдауларды соншалықты еркін пайдаланатын боламыз. Жоспарды құру және оны болашақта жүзеге асыру қарама-қарсы бағытта жүреді. Егер де А мақсатына жылжуды тура бағыт ретінде қарастыратын болсақ, онда жоспарды құруда қарама-қарсы бағытта жылжитын боламыз. Есептерді шешудің мұндай стратегиясын жоспарды кері бағытта құру немесе соңынан басына қарай жылжу деп аталады. Мұндай жоспарды анализ тәрізді есепті шешу жоспары деп аталады. Егер де біз Е-ден А-ға қарай кері бағытта жылжысақ, онда мұндай стратегияны жоспарды тура бағытта құру немесе басынан соңына қарай жылжу деп аталады. Бұл стратегияны синтез тәрізді есепті шешу жоспарын білдіреді. Осылайша шешімді эвристикалық іздеу анализ негізінде жүргізіледі. Егер мақсатқа жетуге қажетті әрекеттер тізбегі есепті шығарушыға белгілі болса, онда ол жоспарды синтездің негізінде тура бағытта құрады. Шешудің мұндай жолы алгоритмдік әрекеттердің жүйесінде жүзеге асырылады.
Анализ бен синтезді амалға асырудың ең көп қолданылатын ерекшеліктері мен әдістерін іс жүзінде қолданылуда қарастырып көрейік:
Анализ (грек-бөлшектеу) ғылыми зерттеу әдіс пен ойлау формасы. Оның арқасында зерттелетін обьект ойша немес іс жүзінде құрамдас бөліктерге бөлінеді. Олардың әрқайсысы жеке зерттеледі. Анализ барысында зерттелген элементтерді синтез (грек-біріктіру) көмегімен бастапқы обьект жайлы жаңа ілімдермен байытылған бітімге біріктіреді.
Анализ, синтез барысында себеп-салдарлық байланыстар да қасиет ретінде зерттеледі. Бұл жерде анализ салдардан себепке, ал синтез седептен салдарға өтуді білдіреді. Анализді қолданудың біркелкі еместігі анық эвристикалығы сонда, обьектіні сәтсіз бөлшектеуде оның елеулі құрылымдық байланыстары бұзылады. Бұл оның одан әрі қарай зерттелуін қиындатуы мүмкін.
Мәселен, кез келген элементар емес механизмді (іштен жану двигателі болсын) зерттеу анализ, синтезді бір мезгілде жүзеге асырғанда болады. Талдай отырып оның бөліктері мен сол бөліктерінің атқаратын қызметтерін зерттейді. Синтездей отырып, двигательді оның жалпы қызметін зерттейді. Жалпы қызметін зерттейді. Жалпы іс жүзінде анализ дегеніміз – ойлап табу. Синтез – орындау. Анализ – Синтез негізінде тура және кері жылжуды біріктіретін екі бағытты эвристикалық стратегия болуы мүмкін. Олардың әрбірінің үлесі есептің күрделілігіне, есепті шешудің тәжірибесіне және өзге де субъективті факторларға байланысты. Психологиялық тұрғыдан ең күрделісі – стратегияның бірінші түрі. Себебі ол мақсаттан алшақтауды талап етеді. Бірақ ол нақтылау стратегия – жоспар құруды белгісіздерден берілгендерге бағытында және оны жүзеге асыруда тура бағытта жылжу.
Екінші тип психологиялық тұрғыдан қиыншылық туғызбайды. Себебі, ол есеп шығарушылық жоспарды құруда өзіне мәлім идеялар мен әрекеттерді пайдалануына негізделген. Стратегияның мұндай жерін таңдау ұсынылған есептің ол үшін репродуктивті сипатқа ие болғандығына негізделген.
Қарастырылған стратегиялардың кез келгенін қолдану бірдей сәтті жоспар болып та, сәтсіз болып та ақталуы мүмкін. Соңынан басына қарай жүре отырып, шешуге шамамыз келмейтін көмекші есепке келуіміз мүмкін. Басынан соңына қарай жүре отырып, пайдасыз болуы мүмкін жаңа элементтерді берілгендерден табуымыз мүмкін. өйткені ол элементтерден белгісіздерді ала алмаймыз.
2.Жалпы қарастырылған стратегиялардың ешқайсысын бір-бірінен жоғары бағалай алмаймыз. Бұл алдымен өзіңді жоспар құрудан байлап қоймау керектігіне байланысты. Жақсы құрылған жоспар белгілі бір икемділікке, ойламаған қиыншылықтарға бейімделгіш қасиетке ие болуы керек. Классикалық жағдайларда стратегияның бірінші типі бойынша әрекет ету жоғары бағаланады.
Әдетте үзілісі жоқ соңғы жоспарды қалыптастыру қиын болады. Үзілісті жою үшін қажет кейбір идеяларды таппаймыз. Алайда қандай да бір жаңа идея пайда болып, соның көмегімен үзілісті жоямыз деген үмітпен жоспарды жүзеге асыруға кірісеміз. Осылайша жоспарды жүзеге асыруға жоспар толық болмаса да кірісу мүмкін. Қалғанын жүзеге асыру процесінде толықтырамыз. Сонда жоспарды құру және оны жүзеге асыру әрекеттерін бір мезгілде орындаймыз, бұл жаңа идеялардың пайда болуына септігін тигізуі мүмкін. Егер біз алдын ала қарастырған қадамдарымыздың жақсы ойластырылғанына және оның мақсатқа жетуді қамтамасыз ететініне көзіміз жетсе, онда жоспарды әрекеттер бағдарламасы және есепті шешу әдісі деп атау мүмкін.
Жоспар құру – бұл белгісіздер мен берілгендер арасындағы үзілісті жою. Олар арасындағы жақындастық қарапайым жағдайда бір-екі қадамда бір-екі әрекетпен жүзеге асуы мүмкін. Жалпы жағдайда жақындасуы үшін бірнеше қадам талап етіледі. Қате жоспардың өзі де мақсатқа жету үшін көмектеседі. Оны құру негізінде үйренуші өзінің «оятуы», жұмылдыруы және ұйымдастыруы керек. Қате жоспармен болса да қинала жұмыс істей отырып есепті шығарушы жоспарын күйде қалып кетуі мүмкін, сай келетін идеяны табуы мүмкін. Осылайша қате жоспар да кейде пайдалы болады. өйткені ол дұрыс жоспарға алып келуі мүмкін.