Жоспары:
1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.
2.Субъектаралық қатынастар шарттары.
3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру жағдайындағы педагог құзіреттілік түрлері жайлы мәлімет беру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.
12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығын ғалымдар Н.Коперниктің ашқан жаңалығына теңейді. Ал ол жаңалық бәрімізге мәлім: «Күн — астрономиялық орталық. Басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады». Олай болса, білім алушы тұлғасы да күн іспеттес орталыққа айналып, педагогикалық әрекеттер сол тұлғаға бағдарланып, оның айналасына шоғырландырыла жүргізілуі тиіс. Міне, осы тұста педагог алдында оның кұзыреттілігіне сын боларлық «қалай?» деген сұрақтың шешімін табу проблемасы тұрады. Ол педагогтің тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесінің ерекшеліктерін білу деңгеніне байланысты болмақ.
Тұлғаға бағдарланған оқытуда 12-жылдық педагог қызметінің тиімділігі «субъектаралық қатынастар», «ұжымдық-диалогтық қатынастар», «тұлғалық-рефлексиялық қатынастар» деп аталатын педагогикалық шарттардың орындалуына тікелей байланысты.
2.Субъектаралық қатынастар шарттары.
Субъектаралық қатынастар шарттары — білім берудегі оқушы мен мұғалімнің арақатынасына қажетті үдеріс. Педагогикалық үдерісте субъектаралық қатынастар шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып қалыптасады. Оның мәні: тұлғаның өзін құндылық ретінде қабылдауға негіз болатын субъектаралық қарым-қатынас орнату; тұлғалық ерекшеліктерін түсіну, оның ой-пікірімен, арман-мақсатымен, проблемаларымен санасу; оқушыны жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттау.
3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.
Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары қандай ұжым болса да ол құрамындағы субъектілердің арақатынасына — интерсубъектілікке негізделеді. Сондықтан белгілі бір әлеуметтік топтағы диалогтық қатынасқа түсу арқылы тұлғаның адамгершілік, рухани
дамытудың интеграциялық моделіне айналды. Авторлық бағдарлама қазірде де мектептерде ана тілін вариативтік жоспар бойынша тереңдете оқыту үшін пайдаланылуда.
«Интеграциялық ұстанымға негізделген оқулық: мазмұны мен құрылымы» атты монография болашақ мұғалімдерді, магистрларды 12-жылдық білім беру жүйесіне дайындауда тұлғаға бағдарланған оқытуға қажетті интеграция мен оқулық теорияларынан, дамыта оқытудың ғылыми негіздерінен, бастауышта оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінен мағлұматтар беру арқылы шығармашылықтарын дамытуда зор үлесі болуда. Студенттердің интеграция тақырыптарына дипломдық жұмыстар жазуына негіз болды.
Міне, осындай көп жылғы ғылыми-әдістемелік тәжірибеміз негізінде педагогикалық әрекеттерді өзіміз дайыңдап жатқан болашақ мұғалімдерге бағдарлай, теорияларды практикамен тығыз ұштастыра, олардың айналасына шоғырландыра білсек, ұстаз педагогтың өзінің субъектілік тәжірибесі арқылы құзыреттілігі дамуымен қатар өз шәкірттерінің де құзыреттілігін дамыта алады.
Бақылау сұрақтары:
1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.
2.Субъектаралық қатынастар шарттары.
3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.