12-жылдық білім беру мазмұны және интеграция мәселері

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарғы дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты.

2.Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулер.

3.Интеграциялық бағдарламалар.

4.Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру мазмұны және интеграция мәселері туралы мағлұмат беру.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1.Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарғы дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты — білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың түрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамьпудеп көрсетілген.

Білім берудегі қазіргі қалыптасып келе жаткан құзыреттілік тұрғыдан білім берудің мақсаты мен мазмұнын, нәтижесін айқындауда жетекші парадигмаға айналып отыр. Бұған сәйкес білім берудің (және сәйкес оқьпу технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық дамуына, әлеуметке тезірек бейімделуіне мүмкіндік беретіндей (бизнес әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты өмір салтын ұстанатын т.б.), яғни білім берудің нәтижесі интеграцияланған тұлға ретінде анықтайтын жаңа парадигмасы қалыптасуда.

Ғылыми айналымға жаңа ұғым енгізілгендіктен, оның мәніне терең бойлап, оған теориялық -әдіснамалык негіздеме беру қажеттігі туындады. Жалпы алғанда білім саласындағы құзыреттілік тұрғыдан (басқа да қызмет саласындағыдай) мүлдем жаңа тұжырымдама болып саналмайды. Оның негізін білім берудің теориялық-әдіснамалық базасын құрайтын әлемдік педагогикалық білім қорынан қарастыруды қажет етеді.

Педагогика ғылымында білім беруді ұйымдастыруға кұзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыру бойынша нақты іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге бағытталған жұмыстар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бірақ, бұл тұрғыдан көзқарас кәсіби білім берудің мақсатын, мазмұнын, әдістерін анықтауда көптеген жылдар бойы басты орын алмай келді. Құзыреттілік тұрғының теориялық базасын жасау (Н.В.Кузьмина, И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов және т.б.) жөніндегі мұғалім қызметінің тұжырымдамасы мен моделін (Е.А.Климов, А.К.Маркова, Л.М.Митина, Е.И.Рогов, В.А.Сластенин және т.б.), жоғарғы білім беру деңгейіндегі кәсіптік құзыреттілікті белсенді зерттеу (Ю.Г.Татур, В.А.Адольф, Л.А.Петровская жане т.б.), жалпы білім беру саласына кұзыреттілік тұрғыдан келуді зерттеу (ИА.Зимняя, НА.Гришанова, А.И.Савинков т.б.) зерттеу еңбектерінен басталғаны белгілі.

Білім берудегі кұзыреттілік тұрғыдан әртүрлі құзыреттілік түрлерінің жиынтығы арқылы күтілетін нәтижені қалыптастыруды көздейді. Тек аталмыш тұрғыдан келу арқылы ғана кәсіби салада өнімді өзбетіндік және жауапты іс-әрекетке дайын маман даярлауға болады. Педагогтың құзыреттілігін жеке тұлға қасиеттерінің интеграциясы ретінде қарастыра отырып, кәсіби педагогикалық құзыреттіліктер моделін анықтау қажет. Ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектерінде педагогтың құзыреттілігі келесі бағыттарда қарастырылған: кәсіби еңбек нәтижелілігін анықтайтын білім мен біліктердің жиынтығы (Е.П.Тонконогая); жеке тұлғалык сапалар мен қасиеттердің үйлесімі (Л.М.Митина); кәсіби және жалпы мәдени көрсеткіштердің бірлігі (Т.Г.Браже, Е.А.Соколовская).

Білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында олардың білімін интеграциялау қабілетін дамыту мәселесін зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр. Интеграциялық қабілет құзыреттілік тұрғыдан келуде адамның жетістікті әрекетінін қажетті шарты болып табылады. Өйткені құзыреттілік тұлғаның мета білімін яғни интеграцияланған білімін талап етеді. Сондықтан, білімді интеграциялау, синтездеу және талдауды білім алушылардың білім мазмұнын меңгеру процесіндегі ең манызды мәселелердщ бірі ретінде қарастыру көзделіп отыр. Бірнеше кәсіптерді меңгерген адамның жаңа білімді игеруі, бұрын алған білімдері мен жаңа білімдер арасында байланыс орнатуы, кәсіби әрекетте интеграцияланған білімдерін қолдануы және соның нәтижесінде кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы өзекті мәселелер болып табылады.

Ғылыми, соның ішінде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде интеграция проблемасын зерттеудің белгілі бір дәрежеде тәжірибесі жинақталған. Ол — білім беру теориясы мен практикасын дамытудың жетекші зандылығына айналғандығының куәсі болып табылады.

Дегенмен, интегративтік-педагогикалық зерттеуге шетелдік және Ресейлік зерттеушілер аса көңіл бөліп отырғанды ғана қарамастан Қазақстандық педагогика ғылымында бұл сала әлі жеткілікті дамымай отырғандығын айтуымызға болады.

2.Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулер.

Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын гылыми зерттеулерге тоқталатын болсақ, мысалы Г.Д.Гачев интеграцияны рухани мәдениеттің бірлігін сақтауға, тұтастық бейнесін беруге қабілетті маңызды фактор деп есептейді. П.Н.Федосеев «жаңа адамды» қалыптастыру процесіндегі ғылымдардың өзара әсер етуінің жағымды рөлі туралы пікірді негіздейді. Ал интеграцияның тәрбие процесіндегі зор мәні жөнінде В.П.Кузьмин мазмұнындағы, соның ішіндегі кәсіби білім берудегі интегративтік кұбылысты есепке алудың қажеттілігін көрсетеді.

Қазіргі ҒТП ғылымдар аймағында іргелі даярлық алған мамандарды талап етеді соған байланысты мамандар даярлауда ғылымдар синтезін есепке алудың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты ерекше маңызды мынадай қарама-қайшылық байқалады: бүкіл білім берудің мазмұны түгелімен және толықтай ғылымдардың функционалдығы мен бөлінуі принципіне құрылған, бірақ сол мезгілде ғылыми білім кұрылымының дамуында оның интеграциялану тенденциясы басты болып табылады.

Интеграцияның педагогикалық қыры қарастырылатын еңбектерде жоғары мектеп және қоғамның дамуына ортақ интеграциялық тенденциялар анықтала отырып, сонымен қатар жоғары оқу орнындағы интеграциялық процестердің пайда болу ерекшеліктері қарастырылады. Онда оқу процесіндегі кейбір сапалық өзгерістерді жобалауға деген ұмтылыс бар.

Бүгінгі күні интеграция қоғамның, ғылым мен білімнің дамуындағы жетекші тенденция ретінде қарастырыла отырып, білім берудегі интеграцияның барынша жетістікпен жүруіне қажетті шарттарды анықтаудың зор маңызын, оның жоғары мектептегі мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға тигізетін әсерін атап өтуге болады. Жоғары мектептегі интеграциялық процестердің өзіндік ерекшелігін айтатын болсақ, білімнің синтезі мен кооперациясының жоғары мектеп жағдайы үшін мамандар даярлауы мен ғылыми зерттеулерін жетілдірудің маңызды факторы ретінде негіздеуге арналған теориялық талдаудың қажеттілігі туындап отыр.

3.Интеграциялық бағдарламалар.

Шетелдік педагогикалық әдебиеттерде практикалық синтез проблемасына үлкен көңіл бөлінеді. Оларда мазмұндық интеграция мәселесіне де көп орын беріледі. А.Блюм оқыту мазмұны интеграциясының әртүрлі дәрежелерін қарастыра келіп, координацияланған процесс және бағдарламалар бойынша бір аймақтан алынған білім басқа аймақтан алынған білімге негіздеп құрады. Бұл тұрғыда әртүрлі сипаттағы аралас бағдарламалар тиімді болып келеді. а) кеңейтілген пәнаралық бағдарлама; ә) «байланыстырушы бағдарлама»; б) бірізді бағдарлама. Мұның алғашқысы — бірнеше пәннің бір пәнге құрастырудың нәтижесі. Оған мысал ретінде «Әлеуметтік пәндер» пәнін алуға болады. Оған тарих, география, экономика, социология, құкықтану, антропология кіреді. «Байланыстырушы бағдарлама» бірнеше пәннің бір пәнге қосылуын көздейді, бірақ бір жүйе құраушы пән негізінде құрылады.

Бағдарлама бойынша логикалық тұрғыдан келу басым: онда бір тақырып бірінен кейін екіншісі бірізді беріледі. Мысалы қала тарихын өту процесінде алдымен экономикалық мәселелер туындайды. Одан соң — географиялық, экологиялық және т.б. «Бірізді бағдарламаны» жүзеге асыру формасының бір түрі — интегративті оқу күні деп аталады. Шетелде «ірі блоктық» кұрастырылған бағдарламалар пәнаралық тақырыптар негізінде жасалады.

Интеграцияның амальгамдық бағдарламалары жоғары дәрежеде қолданыс тапқан. Оларда білім салаларының координациясы немесе құрастырылуы емес, нақты өмір жағдайларын барынша жақындатылған жобалар негізге алынған. Мысалы: ойын алаңының жобасы, азаматтық қоғамды дамыту т.б. жобалары. Жобаға (проект) идея сапасында қазіргі өмірдің оң мағыналы әлеуметтік проблемасы ретінде — жатсыну алынуы мүмкін. Бұл жағдайда оны екі есептік нүктеден, яғни баспа беттерінде жазылатын әлеуметтік құндылықтар және көркем әдебиетте ұсынылатын көзқарастарды салыстыру тұрғысынан қарастыру маңызды.

Аталған бағдарламалардың түрлері ғылымның, техниканың, мәдениеттің, әртүрлі аймақтарының өзара бір-біріне кірігуінің тереңдігін сипаттайтын интеграция дәрежесін көрсетеді. Интеграциялық бағдарламаларында төмендегілерді біріктіру көзделген.

  • қиылысатын пәндерді: химия және физиканы физикалық химияға; тіл мен тарихты тіл тарихына т.б.
  • әртүрлі жаратылыс ғылымдарын;
  • іргелі және қоғамдық ғылымдарды;
  • жаратылыс ғылымдары мен философия;
  • жаратылыс және қоғамдық ғылымдар;
  • шет тілдері және олардың мәдени ортасы.

Олай болса интеграцияның шегі жоқ екен. Оған шет елдердегі интегративтік курстар, проектілер интеграциялық курсы жобасында, өз «өзегіне» физика, жаратылыс ғылымдарын ала отырып тарихпен, философиямен, өнер және әдебиетпен интеграцияланады. Сондай-ақ университеттің ғылыми жобасы астрономия, физика, химия, биология, геологияны біріктіреді және осы пәндер үшін ортақ (жалпы) категорияларды әртүрлі позициялар қарастырылатын категорияларды меңгеру мақсатын қояды. Бір қызығы, аталған курс дедуктивтік интеграция аталған пәндердің мәліметтерін өзіне біріктіретін, жалпы тақырыптардан тұратын, кұрастырушы тәсілмен қалыптасады.

Ал, екінші бөліміне негізінен жүйелеу тән, яғни олардың әрқайсысының ерекшелігіне көңіл бөлудің қажеттілігін дәлелдейді. Бірақ көрсетілген айырмашылыктар жалпы міндеттерді орындауға кеселдік келтірмейді. Ол міндеттер: а) қоршаған дүниенің белгілі бір құбылыстарын бөліп алып көрсету іскерлігі және оған ғылыми түсінік беруге үйрету; ә) білім алушыларға құбылыстарды өз бетімен талдауға мүмкіндік беретін жалпы ұғымдар жүйесін үйрету; в) дүниені эксперименттік тану әдістерін және проблемаларды өз бетімен шешу жолдарын іздестіруге; ғылыми дүниетанымның мәдени құндылыктарын түсінуге үйрету. Интеграцияның мүмкіндіктерін жеке пәндердің басқа пәндермен интеграциясынан да көруге болады.

4.Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.

Педагогикалық интеграцияның жекелеген қырлары көптеген елдер ғалымдарын қызықтыратындығы байқалады. Неміс зерттеушілері Л.Клинберг дидактика мен техниканың интеграциясы проблемасын, К.Г.Томашевский тәрбие мен білім берудің бірлігінің органикалық тұтастық табиғатын ашып көрсетеді. Ғылыми-педагогикалық интеграция мәселесін француз зерттеушісі Ф.Бест қарастырады.

Білімдік интеграцияның жаһандық жағы венгер ғалымдарының еңбектерінде ашылады. Мысалы, Л.Кеммен педагогтар даярлаудағы интеграцияның мүмкіндігін қарастырған. Оқыту және тәрбиелеу процесіндегі интеграция проблемасына болгарлық педагогтардың еңбектері де арналған. Югаславия ғалымдары кәсіптік педагогиканың интегративті қызметін анықтай отырып, кәсіби білім берудегі интеграция мәселесін шешеді.

Батыс елдеріндегі қазіргі интегративтік-педагогикалық идеяларының бірі — кооперативті оқыту принципі болып табылады. Оның негізінде білім алушылардың ойлау әрекетінің ұжымдық ұйымдастыру тәсілі алынады. Мұнда «ынтымақтастық миссияға, «оқыту үрдісінде» өзара қолдау және өзара түсіністікке ерекше көңіл бөлінуі бұл тұжырымдаманың ізгіліктік бағдарының айқын куәсі.

Шетелдік еңбектерде педагогикадағы кооперативтік төңкеріс және америкалық мектептердегі оқытудың кооперативтік принциптері деген сөздер жиі кездеседі. Оқу процесінің тиімділігін арттыруда білім алушылар, оқытушылар, білім беру мекемесі әкімшілігі, ата-аналардың бірлесіп қатысуы, компенсаторлық оқытуды жүзеге асыруы, сабақтарда шығармашылық ахуал, интегративтік формаларды қолдануы «қазіргі ең кең таралған педагогикалық идеялар болып табылады» деп жазады М.Н.Зофеева өзінің «Шетелдік әдебиеттердегі интеграция проблемасы» деген еңбегінде.

Шетелдік педагогтар білім берудегі интеграцияның тікелей технологиялық қырларын да қарастыра отырып интеграциялық әдістердің, жобалау-интеграция кұралдарын қолданудың формалары мәселелері шешімін тапқан. Бұған оқу процесіндегі ынтымактастық әдістері, интегративтік семинарлар т.б. Бұған АҚШ колледждеріндегі құрастырылған курстар мен интегративтік семинарлар, американдық мектептер мен елдің іскерлік әлемінің серіктестік

қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткенді жөн:

  • сабаққа педагогикалық талдау жасау;
  • дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
  • сабақты ұйымдастырудың педагогикалық — психологиялық негіздері;
  • мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі-сабақ болып табылады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды, сабаққа талдау жасау, оның ішкі кұрылымының бірізділік, логикалық байланысы жағынан көптеген сұрақтарға жауап таба аламыз.

Сабаққа талдау жасаудағы негізгі мақсат-жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, жетістіктерді жетілдіріп, кемшіліктерді жою жөнінде ой тұжырымын жасау. Әрбір мұғалім «Мен сабақтың негізгі мақсат-міндеттерін анықтай отырып, өзіме жауапты істі шешуге деген құштарлыққа ие боламын» деген қағиданы бойына сіңіріп, жүрегімен ұғынуы тиіс.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты — окушылардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен оқуға үйрету.

Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылығымен қарау нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.

Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге кез келген күтпеген жағдайды сабақты сабақ етіп, аспай-саспай жүзеге асыруға, жұмыс формасын бұзбауға көмектеседі.

Жастардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар өз ұстанымын осы мақсатты іске асыруға пайдаланса, онда еліміздің бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ қашан да қанатын жайып тұратыны сөзсіз.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарғы дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты.

2.Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулер.

3.Интеграциялық бағдарламалар.

4.Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.