Жоспары:
- 12-жылдық білім берудің максаты мен міндеттері
- Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы
- 12-жылдық білім берудегі басымдылық
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беруде қолданылатын құзіреттіліктер жайлы мәлімет беру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім берудің мақсаты мен міндеттері
- жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті
- өзін-өзі дамытуға; ‘
- өз ойын еркін айта білуге;
. өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін керсете білетін жан-жақты білімді;
- ұлттық тілді;
- тарихты жетік меңгерген;
- отандық және әлемдік мәдениетгі бойында қалыптастырған;
- шығармашылығы;
- ой-өрісі дамыған: интеллектуалды, зиялы, мәдениетті, парасатты, елжанды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Жоғарыдағы мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:
- тәрбиелеу және дамытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру;
- құзіреттілікті қалыптастыру және дамыту;
- оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
- оның ішкі мүмкіншілігі,бейімділігі мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»,-деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар, Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпаратгық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да айтылады. Құзырлылық білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-кұлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қалыптастыру құзырлылық маңызын аша алады.
«Құзыреттілік-дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.
Тұжырымдамада көрсетілгендей, құзыреттіліктің өзі бірінен-бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды талдай отырып жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады. Өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі; өзінің қызметін бағалай білуі; түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі; өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі; өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі; түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.
12-жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын калыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырыудың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тэрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана болатындығы белгілі.
- 12-жылдық білім берудегі басымдылық.
12-жылдық білім берудегі басымдылық-оқушының «қоғамдық субъекті» ретінде өзіндік іс-әрекетін дамытуға бағытталады да, оның еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті Тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Білім беру мазмұнын жобалауда оқу бағдарламасын білім берудегі құзіреттілікті жүзеге асыруға, түйінді құзіреттіліктер ретіндегі білім алушылардың яғни, оқушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуіне бағдарлау керек. Бұл оқушылардың игерілген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дайындығынан көрініс табады.
Бақылау сұрақтары:
1.12-жылдық білім берудің максаты
2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы
3.12-жылдық білім берудегі басымдылық