Оңтүстік Қазақстан облысында мақта плантациясы кең дамыған Мақтарал ауданы, мақта өнімін өндіретін ең үлкен аймақ болып есептелінеді. Бұл аймақта шитті мақта өнімінің орташа өнімділігі кейінгі жылдары 21,0-23,0 центнерді құрап, елімізде өндірілетін барлық мақта өнімінің 60 пайызға жуығын құрап отыр.
Кейінгі жылдары бұл аймақта ауыспалы егіс кестелерінің сақталмауы және суармалы жерлерде мақта қозасының үлес жоғары салмағы болуынәтижесінде, бұл мақта дақылы монодақылға айналуы, сондай-ақ тік және горизантальды кәріздер істен шығып, жер асты суының деңгейі жылдам жер бетіне жақындауы салдарынан, суармалы алқаптардың экологиясы мен мелиоративтік жағдайы күрт төмендеп, бұл аймақтың жері әртүрлі дәрежеде сортаңданып отыр. Оның ішінде күшті сортаңданған жерлердің көлемі 17 мыңға жуық гектарды құрайды. Ашық сұр топырақ жағдайында, өте күшті сортаңданған жерлерде өнімділік 35-40% және одан жоғары пайызға төмендеп отыр.
Топырақтардың сорлануының негізгі себептері болып жер асты суларының деңгейі мүмкін болатын тереңдігінен жоғары көтерілуі, және олардың үдемелі булануы, соның салдарынан, тұз қорларының қайта үлестірілуі олардың топырақтардың жоғарғы қабаттарында жинақталуымен қатар өтеді. Тұздардың жинақталу және қайта үлестірілу жүрісінің үдемелігі жер асты суларының жату тереңдігіне және тұздылығына, сонымен бірге топырақтардың механикалық құрамына тікелей тәуелді. Тұздылығы қаншама көп болса, және олар топырақтың жоғарғы жағына жақынырақ болса, соғұрлым тұздану жүрісінің ағып бару үдемелігі жоғары болады.
Сондай-ақ, жер асты суларының деңгейі 1-2 м-дей және тұздылығы 2-4 г/дм3 болғанда, жылына 1 гектарға тұздардың жиналу қарқыны 4-7 тоннаны құрайды. Жақсы тегістелмеген танаптарда қыртыстар тұздардың жинақтаушысы болып келеді, солар арқылы, шырақтардың пілтесі сияқты, ылғалдың буланып ұшып кетеді, ал тұздар жиналады.
Әртүрлі сортаңданған жерлердің мелиоративтік жағдайларын жақсартуда тиімді агротехникалық әдістерді жасап шығу үшін Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Топырақтағы зиянды тұздармен күресу үшін әр түрлі агромелиоративті шаралар ғылыми тұрғыда қолданылып келеді, соның бірі тәжірибелік алқапта топырақтың сорын шаю іс-шаралары жүргізілді.
Әлсіз сортаңданған топырақта жүргізілген тәжірибе нәтижелеріне сүйенсек, онда үш 1300, 1500 және 1700 м3 арасынан сор шаюдағы ең тиімді сор шаю мөлшері, бұл 1500 м3/га сор шаю мөлшері екені айқындалды. Себебі топырақтың 0-30 см терең қабатында тұздық қалдықтың шайылуы 69,3 пайызды құраса, топырақтың 30-60 см терең қабатында бұл көрсеткіш 74,2 пайызды көрсетті. Ал осы топырақтың әлсіз сортаңдану дәрежесіндегі топырақтың 0-30 см терең қабатында хлор-ион құрамдарының шайылуы 47,0 пайызды көрсетсе, топырақтың 30-60 см терең қабатында хлор-ион құрамының шайылуы 54,5 пайызды көрсетті.
Осы зерттеу жұмысында, орташа сортаңданған топырақтағы талдаулар нәтижесіне сүйенсек, гектарына 2000-2300-2500 м3/га мөлшердегі нәтижеде, орташа сортаңданған топырақтағы ең тиімді сор шаю гектарына 2300 м3/га сор шаю мөлшері болып орнықтырылды. Мұнда, топырақтың 0-30 см терең қабатында тұздық қалдықтың шайылуы 68,3% пайызды құраса, топырақтың 30-60 см терең қабатында бұл көрсеткіш 67,7 пайызды құрады, топырақтың 0-30 см терең қабатында хлор-ион құрамдарының шайылуы 72,9 пайызды көрсетсе, топырақтың 30-60 см терең қабатында хлор-ионның шайылуы 77,4 пайызды көрсетті (кесте және сурет).
Кесте – Топырақтағы тұздық қалдық пен хлор-ион құрамдары, %
Астар | № | Сор
шаю мөлшері м3/га |
Қабат,
см |
Сор шаюға дейін | Сор шаюдан
кейін |
Тұздардың шайылуы, % | |||
Тұздық қалдық | хлор-иона | Тұздық қалдық | хлор-иона | Тұздық қалдық | хлор-иона | ||||
Әлсіз сортаң
топырақ
|
1 | 1300 | 0-30
30-60 |
0,490
0,591 |
0,013
0,021 |
0,235
0,249 |
0,009
0,010 |
52,0
57,8 |
30,7
52,3 |
2 | 1500 | 0-30
30-60 |
0,483
0,552 |
0,017
0,022 |
0,148
0,142 |
0,009
0,010 |
69,3
74,2 |
47,0
54,5 |
|
3 | 1700 | 0-30
30-60 |
0,410
0,502 |
0,015
0,021 |
0,140
0,131 |
0,010
0,012 |
65.8
73,9 |
33,3
42,8 |
|
Орташа
сортаң топырақ
|
4 | 2000 | 0-30
30-60 |
0,860
0,971 |
0,052
0,060 |
0,371
0,492 |
0,011
0,014 |
56,8
49,3 |
56,0
76,6 |
5 | 2300 | 0-30
30-60 |
0,853
0,961 |
0,048
0,062 |
0,270
0,310 |
0,013
0,014 |
68,3
67,7 |
72,9
77,4 |
|
6 | 2500 | 0-30
30-60 |
0,899
0,910 |
0,025
0,035 |
0,290
0,335 |
0,011
0,014 |
67,7
63,1 |
56,0
60,0 |
|
Күшті сортаң топырақ
|
7 | 3000 | 0-30
30-60 |
0,789
1,467 |
0,147
0,170 |
0,559
0,718 |
0,017
0,019 |
29,1
48,8 |
88,4
88,8 |
8 | 3500 | 0-30
30-60 |
1,437
1,449 |
0,153
0,178 |
0,575
0,722 |
0,016
0,019 |
39,9
49,7 |
89,5
89,3 |
|
9 | 4000 | 0-30
30-60 |
1,593
1,711 |
0,160
0,170 |
0,575
0,764 |
0,019
0,020 |
35,9
44,5 |
88,1
88,2 |
Топырақтың күшті сортаңдану дәрежесінде жүргізілген зерттеулерде, яғни гектарына 3000-3500-4000 м3/га әр түрлі сор шаю жұмыстарында, осы мөлшерлердің арасында ең тиімдісі болып гектарына 3500 м3/га сор шаю мөлшері орнықтырылды. Себебі, тұзды қалдықтардың шайылу көрсеткіші топырақтың 0-30 см терең қабатында 39,9%, хлор-ион құрамының шайылуы 89,5 пайызды құраса, топырақтың 30-60 см терең қабатында бұл көрсеткіш 44,5 – 88,2 пайызды құрады.
10 сурет – Топырақтың 0-30 см терең11- сурет — Топырақтың 0-30 см терең
қабатындағы тұздық қалдықтың шайылуы, %қабатындағы хлор-ион шйылуы, %
Ең тиімді сор шаю мөлшерлері болып әлсіз сортаң топырақта 1500 м3/га, орташа сортаң топырақта 2300 м3/га және күшті сортаң топырақта 3500 м3/га сор шаю мөлшерлері айқындалып орнықтырылды.
Жер асты суының деңгейінің көтерілуіне, көктем кезіндегі үлкен көлемде топырақтың сорын шаюға жіберілген сулар мен жауын-шашынның түсімі жоғары болғандары себеп болады.
Қорыта айтқанда, егістік жерлердегі жер асты суларын 2,5-3,0 м бір деңгейде ұстап тұратын, тұзданудан сақтау, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін салынған тік дренді қондырғылардың жұмыс істемеуінен жер асты суларының көтерілуі жерге қаншама зияндығын көрсетіп отырғаны айқындалып отыр.