Сабақтың мақсаты: азаматтық және патриотизм ұғымдарын ашу және бекіту, этникааралық келісімді конструктивті тұрғыда түсіну, жалпы ұлттық теңдікті түсіну, жалпы ортақ үй сезімін дамыту, отырып, ынтымақтастыққа жұмылдыруда транспаренттілікке тәрбиелеу және жағымды қарым — қатынас дағдыларын бекіту.
Әдістері мен формалары: дәріс — әңгімелесу, талқылау, жаттығу, коллаж, бой жазу ойыны.
Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, бояулар, маркерлер, ватман қағаздар, желім, газет жіне журналдардан қиып алынған суреттер, Р.Рымбаеваның орындауындағы «Алия» әнінің таспасы, «Сәлем саған туған ел» әні.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу рәсімі.
Студенттер бір-бірімен Қазақстан халықтарының әр түрлі тілдерінде сәлемдеседі (тапсырма алдын — ала беріледі).
Дәріс — әңгімелесу.
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, — деп, ер қайратыңа мін –дағы, өрге бас!
М.Әуезов
Оқытушы. Қазақстан — өзінің құрамы жағынан көптеген ұлттар өмір сүретін бай мемлекет. Біздің республикамыз130 — дан көп ұлттар мен ұлт өкілдері тұратын полиэтникалық мемлекет болып табылады. Олардың әрқайсысы суверинетті және егеменді тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына өздерінің үлесін қосып келеді.
Атақты Қазақстан ғылыми қайраткері былай деп жазады: «Қазақстан Республикасында ғалымдар халықтардың мәдени бірлігі мен этникааралық іс-әрекет мәселелеріне ерекше мән берілген. Бүгін біздің еліміздің ғалымдары мәні мен мағынасы жағынан жалпы адамзаттық құндылықтар құрамына, этникалық ерекшеліктерге жағымды түсіністікпен қарау мәселерін қарастыратын жобалар ұсынуда».
Қазақстанда өмір сүретін, қандай да бір әлеуметтік, этникалық топқа жататын әрбір адам мелекетіміздің жалпы жетістігінің негізі достық пен өзара түсіністік, бірлік, бейбіт өмір сүрудің маңыздылығын өте жақсы түсінеді. Бұл жағынан Қазақстан әлемдік аренада лайықты орын алады.
ЕҚЫҰ-на төрағалық қызметіне түсердің алдында Қазақсатан БҰҰ — ның қолдаған маңызды бастамаларды көтергенін баса айту керек. 29 — тамыз оның бастамасымен халықаралық ядролық жарылыстарды тексеруге қарсы күн деп жарияланды. Осы бір жігерлі әрекетінің нәтижесінде 2010 жылы Астанада Халықаралық мәдениет жылы болып жарияланды. Астанада қазақстандықтардың бастамасы негізінде дәстүрлі және әлемдік діни лидерлерінің съезі жүйелі түрде өткізуді мақұлдады.
ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалық етуінде «төрт Т» құрметпен қарап, ұран ретінде алуы тегін емес. Олар: Trust (бір біріне деген сенім), Tradition дәстүр (ЕҚЫҰ- ның негізгі құндылықтары мен ұстанымдарына құрметпен қарау),Transparensy (өзара іскерлікке ұмтылу және жоғары ашықтық) Toleranse (өзара өркениеттілікті және өзара мәдениет диалогын бекіту). Мұнда соңғы «Т» республикамыз үшін жаңа биіктікке көтерілудің негізгі артықшылығы болып табылады.
Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлап отырмыз. Бұл әрбір республикамыздың азаматы үшін тек жай мерейтой емес, бәрінен бұрын, Жер бетінде бейбітшілікті орнатуда қосқанжаһандық жетістік, үлес, қазақстандықтардың жетістігі. Осылардың барлығын бақылай отырып, әрбір Қазақстан азаматында біздің мемлекетіміз үшін ерекше мақтаныш сезімі туары анық.
Оқытушы студенттерге сұрақтар қояды:
- «Қазақстан — ортақ мекеніміз» деген сөз тағы да қандай ой — пікірлерді айтуға болады?
- Біздің ортақ үйімізді қорғауға біз қандай үлес қоса аламыз?
- Қалай ойлайсыздар, «азаматтық», «патриотизм» түсініктерінің мәні неде?
Студенттер сұрақтарға жауап береді. Ой- пікірлерімен бөліседі.
Оқытушы дәріс — әңгімелесуді студенттермен «азаматтық», «патриотизм» түсініктерінің мәнін қарастыра отырып, ары қарай жалғастырады.
Азаматтық категориясы түсіндірме сөздікте, ғылыми әдебиеттерде және ғылыми зерттеулерде нақты бір мемлеекттің азаматы ретінде және бекітілген нормативті актілеріне сәйкес олардың құқықтары мен міндеттеріне қарым- қатынасы арқылы іске асатын адам мен адамдардың құқықтық байланысының артықшылығы ретінде көрсететін «тұлғаның қабілеттілігіндегі интегралды қасиеті» деген анықтама беріледі.
Азаматтық категориясын мәдениеттану дискурсына толығымен жатқызуға болады. Мәдениеттің құндылығы ретінде қарастыратын болсақ, мұндай баға беру тектен текке айтылмаса керек. Немесе, барлығымызға белгілі болғандай «құндылық» — бұл жетістік, игілік, адам тұрмысының атрибуты, идеалды мәні болып табылады (И.Кант, Р.Г. Лотце). М.Шелер құндылықтардың қасиеттеріне қайырымдылық пен жауыздықтың арақатынасына байланысты анықтамаларды жатқызған. Құндылық өзіне сәйкес, қайырымды іс әрекеттерде ғана бар. Азаматтық өзінің алғашқы адам өмір сүруін сипаттайтын Платонның еңбектерінде азаматтық ізгілік, қайырымдылық ретінде айтылғанын есімізге алайықшы. Азаматтар арасындағы қайрымдылық қарым — қатынас – азаматтық қоғамның бөліп алып қарауға болмайтын сипаттамасы. Платонның азаматтық қайрымдылыққа өзін -өзі ұстай білуді талап ететін ерлік пен сабырлылықты бөліп көрсетуі бекер емес. Сондықтан, біз байқалған, көрінген азаматтық іс әрекетті, азаматтық ұстаным туралыосы мағынада айтамыз.
Адамгершілікті жетілдіру — жеке эгоизмін мүмкіндігі болғанша көрсетпей, байқатпай, өзінің сезімін басқаларға жеткізе білу қабілеттілігі.
Яғни, осы сөздер азаматтық сезімдеріміздің рухтануы, азаматтық қайырымдылықтар арқылы — азаматтық қоғамның орнауына жол салынған деп айтуға болады. Нағыз азамат өзінің рухани байлығынан, басқа азаматтармен бірігуі, оларға деген бақыт пен өсу тілегі арқылы рахаттанады, лаззат алады.
Атақты философ Д.Юм адамгершілік принциптерді қоғамды орнатуға қажет екенін түсіндірген. Осыған орай, жеке қызығушылықтардың болмауына алдын ала ескерту және сақтандыруды қамтамасыз ету үшін біз заңдарды шығарамыз, адамдар арасындағы қарым — қатынас жағымды және өкінішті, адамдық намыстың нәтижесінде туындайтын дау — дамайдың алдын алу үшін біз өнегелі тәрбие ережелерін жасаймыз.
Азаматтық ізгілікті құрметтеудің негізгі себебі, оның оптимистік дамуына қатыстылығында, өмір алдындағы оның рахымшылдығында, басқа адамды сезінудегі, оның дамуында оны меңгергендер үшін маңызды бола білу. Ол адамға тек жәй өмірге бейімделуді емес, сондай болуға қабілетті болуды міндеттейді. Ол оның дұрыс шешімдер қабылдауына көмектеседі, өмірді толығымен сезінуге алып барады, барлық қайырымдылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік жасайды. Ал қайырымдылық бізді басқаларға жағымды етіп көрсетеді, махаббат көзі, жақсылық тілеуші және құштарлық болып табылады. Бұл, Д.Юм бойынша дұрыс рухани ұйымдасуымыздың перцепциясы. Осылайша адамның суыққа, жылылыққа сезімін және қатынасын, сондай — ақ мәдени әдеттердің әсерімен басқа адамның сезімдерін сезінуін және қатынасын, оның өзінің көрсеткен сезімдік іс әрекетіне және жағдайлардағы әрекеті, қарым қатынасынан көрінеді. Адамгершілік ұстанымдарды сақтау оның құмарлықтары мен дұрыс рухани ұйымдасуының үстемдігіне масаттанып, өзін ұстай білуі тұрақтала түседі.
Осылардың барлығын қорытындылай келе, азаматтық қайырымдылық негізін қоғам мен адамның этикалық ресурстары, азаматтық категориясы құрайды екен, әрине бұған сөзсіз мәдени антропологиялық дискурс жатады. Осы дискурста азаматтардың өзін-өзі көрсетуіне қабілеттілігін сезінеді, уайымдайды, қоғамдық процестерде өзінің себебін түсінеді.
Бұл байланыста азаматтылықты тәрбиелеу адамның адамдармен тікелей қарым қатынасындағы адамилықты жетілдіруге, мәдениеттілік қабілеттілігін ашуға, «адамды өмірлік күштерді дұрыс пайдалана білуге» мүмкіндік беретін қабілеттіліктерін дамытуға бағытын болжайды.
Отан – адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адмы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаты, ең қасиеттісі, ең аяулысы — Анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Оның неге бұлай екені батыр ақын М.Шахановтың «Төрт ана» деген өлеңінде керемет сипатталған.
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта, мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамның өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері түп қазығы айбыны,
Туған тілі мәңгі өнеге айдыны,
Салт-дәстүрі қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр, әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер,
Төрт анасын менсінбеген халықтың,
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған!
Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес,
Күрестердің ұлысы!»
«Отан деген не?» — деп сұраққа жазушы Л.Н.Толстой былай деп жауап беріпті: «Ол — белгілі бір аумақта өзінің тарихи іс қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол – халықтың өткені, бүгіні және келешегі. Ол – оның өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез құлқы, ол — сол халық жасайтын революциялардың, тарихи секірістердің, оның тарихи желілерінің тізбегі».Отанға деген қарым-қатынас адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі. Отансыз адам болмайды.
Отан — белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы — ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида етіп күресіп келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар-қосағы, дос –жаран, ағайын туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Ежелгі заман ойшылы, әйгілі шешен Цицерон «… сүйіспеншілік туралы барлық түсініктеріміз «Отан» деген бір ғана сөзге біріккен», десе, С.Кеосский: «Адамның толық бақытты болуы үшін аяулы Отаны болуы керек» — дейді. Ал немістің ұлы ақыны Ф.Шиллердің ұғымынша, «Отаннан сүйкімді ештеңе болмақ емес», Отан соғысының атағы жер жарған қаһарманы әрі әйгілі қолбасшы, қазақ халқының дана да батыр перзенті Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс, — күйейсің!» деген әмір бұйрықтай нақыл сөзінің өмірдің өзінен алынып, жүректен шыққаны даусыз. Өзі үшін отқа түскен ерлерін қайырымды халқы, Отан-анасы да ұмытпай, мәңгілік даңққа бөлейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздары атамекенін, туған елін жауынан жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарған.
Патриотизм (грек тілінен аударғанда — отандас деген ұғымды білідіреді)- Отанға деген махаббаттан туатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім және Отанға деген қызығушылықтарын өзінің қызығушылықтарынан жоғары қоя білуге даярлығы.
Әр уақыттағы патриотизмнің көрінуі әрқалай болғанымен, оның мәні ешқашан өзгермейді.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Алия Молдағұлованың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Соғыс басталған кезде қазір сіздер қанша жаста болсаңыздар сонша жаста болды деп айтуға болады. Сіздер мектеп кезінен бастап Алия Молдағұлованың еліміз үшін өте ауыр кезеңдегі жоғары патриотизм көрсеткен ерлігі жайлы естіп өстіңіздер. Көптеген Қазақстан қалалары мен Ресейде оған арналып ескерткіштер қойылған.
Әндер тыңдау.
Студенттер Роза Рымбаеваның орындауында «Алия» әнін немесе үзінді тыңдайды.
Педагог Алияның өзінің әпкесі Сапура Молдағұловаға жазған хатынан үзінді оқиды: «Салем, қымбатты Сапура! Бәрінен бұрын өзіңнің денсаулығың, өмір барысы, көңіл күйің, жалпы туған республикамыздың өмірі қалай болып жатыр? Өзің және туған туыстар жайлы барлығын жаз. Сен білесің ғой, сенің олар туралы жазғандарың мені өте қатты қуантады, себебі біздің арамызды қаншама километрлер бөліп тұрса да, қанша қашық, алыс болса да, өзімнің Қазақстанымда, сендермен бірге қалай өмір сүргенімді көз алдыма елестетемін. Сендерді көріп, туған ауылымда бірге болғым келеді. Біз барлығымыз бірге – Отанымызға жеңіске жетіп, кездесуімізді тойлайтын боламыз!…».
Талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сіз үшін патроиот болу дегенімізді қалай түсінесіз?
- «Азаматтық» сөзінің қалай түсінесіз?
- Болашақ педагог ретінде өсіп келе жатқан жас буынның бойында патриотизм мен азаматтылықты қалай қалыптастыруға болады деп ойлайсыз?
Коллаж ( кіші топтармен жұмыс).
Студенттерге төменде берілген тақырыптар бойынша коллаж жасауға тапсырма беріледі:
- Қазақстан — ортақ мекеніміз.
2.Көпұлттылық мәдениет – Республикамыздың байлығы, мақтанышы.
- Мен, сен,ол — бәріміз ынтымағы жарасқан мемлекетпіз.
Студенттердің жұмысын презентациялау.
Қоштасу рәсімі.
Студенттер бір біріне рахметін айтып, әлемнің, Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлттардың тілінде қоштасады (тапсырма алдын- ала беріледі).