Сабақтың мақсаты: «адамгершілік» ұғымын ашу, студенттердің мәңгілік адамзаттық құндылықтар, адамның жоғары рухани құндылықтарды меңгеруде өмір мақсаттары туралы ой пікірлерін кеңейту; «мәдени мұра» ұғымын нақтылау және оған деген құндылықты қарым — қатынасын орнату.
Әдістері мен формалары: дәріс — әңгімелесу, талқылау, «даналық» сабақтары, жаттығулар, ойындар, өзіндік талдаулар.
Материалдар:хрестоматия, студент дәптері, аудиоматериалдар.
Дәріс — әңгімелесу.
Адам болып өмірге келгеннен соң,
Адам болып өлу арманым!
А. Құнанбаев
Оқытушы. «Өзін өзі тану» бағдарламасының негізі дәстүрлі қазақ мәдениетінің гуманистік жарқын өкілі ретінде Абайдың шығармашылық мұралары мен халық педагогикасынның таза көздері болып табылады.
Абай мұраларына үңілген сайын адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай лаззат алады.
Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жиған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа тәрбиелейді. Сондықтан да өзі сөз еткен мұсылман дінінің құндылықтары да дарынды ақынның сөз шеберлігі, парасаттылығы арқасында ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Іс әрекетте ішкі рухани дүние — «иман жүзің сай болу керек» дегенді айтады.
Абай адамды ақыл мен жаны бар жеке тұлға ретінде түсінеді. Абай үшін «Адам әлемді жасаушы». Адамның бастауын анықтайтын руханилық – адамның бойына кітаптар және халық даналығы, өнер және рухани тәжірибе арқылы сіңеді. Абайдың шығармашылығы адам мен қоғамды жетілдіру арналған, өзге елдің өнегелі мәдениеті мен шығармашылығын өнеге құралы ретінде қарастырған. Әлем . мәдениетін меңгере отырып, адам қандай болмасын басқа идеаларды, түрлі өзге тілдер мен мінез құлық нормаларын қабылдайды. Қазақ халқының өте құпия ой пікірлерін ашып көрсеткен, гуманист, ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбаев үшін ең маңыздысы — бұл адамгершілік қасиеті, адамның өміріндегі құндылықтары, өзінің өмірдегі орнын табу.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та бар қалан! деп ұлы Абай тегін жырламаса керек.
Абай адамның тұлғалық құрылымындағы өзіндік сананың рөлін жоғары бағалай келе, қазақ халқының менталитеттік экзистенциалдық мәні мен жалпы адамзаттық ұмтылысты көрсетіп берді. Абайдың айтуы бойынша адамгершілік «Адам болып қалу» формуласы болып табылады. Адамның жасын, оның көзқарасын мынандай негізгі үш нәрсе анықтайды: ақылы, жүрек, ерік күш жігері. Халықтың және қоғамның тірегі осындай қасиеттерді бойын жинаған, толық меңгерген тұлға болуы тиіс. Нағыз елінің патриоты бола білген Абай өзінің болашақта халқының білімді, сауатты болғанын, өнері білімі мен ғылымы дамыған, алған бетінен қайтпайтын және жасампаз еңбек ете алатын деп көре білді. Ол «Кімнің білімі көп, махаббаты мол, шыншыл болса – сол адам ақылды, ғалым, бүкіл әлемді билейді» деген. Ұлы ойшыл өзінің халқын бір орында тұрмауға, үнемі дамуға, өзін өзі жетілдіруге, өзінің рухани дүниесін байытуға, белсенді болуға шақырды.
Абай өзінің «….. кітабында» қазақ халқының сауатын ашу үшін әлемдік мәдениет пен ғылымның маңызы туралы ой толғайды. Қазіргі Қазақстанда ұлы Абайдың барлық әлемде достықты нығайта отырып, достарыңның санын көбейту, өзіңнің жеке бейнеңді, ұлттық және адамдық намысыңды сақтай отырып, басқа халықтардан үйрену керек деген үндеуі қазіргі Қазақстандағы әлемдік жаһандануға өтуде өте өзекті.
Педагог: студенттерге сұрақ
- Сіздер үшін адам болу дегеніміз не?
Студенттер сұрақтарға жауап береді, өздерінің ой-пікірлерін айтады, Абай шығармаларындағы даналық, қанатты сөздердің бүгінгі күндегі өзектілігіне талдау жасайды.
Оқытушы. Адам болу дегеніміз – адами тұрғыдан даму, іс әрекет жасау. Абай ескіше өмір сүруді сынға ала отырып, адамның өміріндегі маңызды қасиет – адамгершілікті,дәстүрлі әлемдік көзқарастарды, жаңа этникалық қағидаларды қалыптастыру қажеттігін дәлелдейді.
Жаңа адам – бұл шығармашылықтың адамы. Абай концепциясы – бұл еңбексүйгіш, белсенді, сауатты, өмірде өзінің білімі мен күшіне сенетін адамның концепциясы. Еңбексүйгіштік, сауаттылық, мейірімділік, борыш — міне бұл оның негізгі адами принциптері болып табылады. «Адамдардың ішіндегі ең жаманы- бұл ұмтылысы жоқ адам. Әрбір адамның ұмтылысы бар, бірақ оны дамыту қажет!». Осымен бірге, адам өте мейірімді, қайырымды болуы керек. Мейірімді бол, басқа адамдарды бауырым деп сана, өзіңе не тілесең өзгеге де соны тіле. Мінекей жүрегің үшін өзіңе шыншыл жүректі тәрбиелеуге арналған жақсы ережелер. Ерік жігер, ақыл және жүрегің дауласқанда, жүрегіңді тыңда: «Адам іруақытта жүрегін тыңдай білуі керек. Егер жүрегің таза және шыншыл болса, онда адамдардың арасында реніш, мұң болмайды. .. Барлық қайырымдылық, қарапайымдылық, әділдік, мейірімділік — барлығы осы жүректен шығады». Бұл ұғымдар адамның адамгершілігінің негізін құрайды.
Адам болам десеңіз бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол!
…Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз… деп жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге шақырады. Өлеңдеріндегі осындай терең гуманистік, жоғары эстетикалық философияға құрылған ой жүйелері Абайдың биік танымын аңғарта түседі.
Абайдың қазынасы мұрасы қазақ халқының ғана емес, бүкіладамзаттың таусылмас қазынасы десек те болады. Оның даналығы — үлкен философиялық мәселелерді шешуге барлық мұсылман атаулыға тән ислам дінінің қағидаларын арқау етуі. Сөйтіп жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары образды сомдауда, соның алғышарттаррын көрсетуде алдына жан салмас шеберлікке қол жеткізуі.
Абай өмір жолын тануды білімге, ғылымға негіздеу керек дейтін қағиданы ұстанады:
…Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз,
Ақыл сенбей, сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз…
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т.б. бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз.
Абайдың әр туындысы, мейлі көңіл мен жүрек лүпілінен шыққан өлең болсын, өмірлік пайымдаудан, көргенін-білгенін саралаудан жжинақталған. Ғұлама ақын аса қиын болмыстық мәселелерді шешуге бара отырып, қазақ даласының бар этнографиялық, әлеуметттік әрі рухани ерекшелігін, халықтығын танытар өзгешелігін ескереді. Абай даналығы — қазақ халқының даралығын ескере отырып, барлық адамзатқа ектән өркениетті, мәнді мәселелерді қозғайды.
Абай – ең алдымен өз ортасының, өз заманындағы қоғамдық, ұлттық, халықтық, одан әрі ірі-ірі адамзаттық мәселелерді сөз етеді.
Абайдың ұлылығы сонда, қомақты өмір қайшылықтарын, кеңістік пен уақыт алдында өзгермейтін азаматтық құндылықтарды, адами қасиеттерді талап етіп, сынға алатындығында жатыр.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Қаракет қылсаң, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Абай осы өлеңнің екінші шумағында әр заманның өз ереже-тәртібі, қағидалары болатындығын айтады. Дегенмен, әр заманның тәлкегіне түспейтін, адамзат санасында бекіген заңдылықтар мен азаматтық құндылықтар барын да жоққа шығармайды.
…Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі, — деген өлең жолдары әр кез құндылығын жоғалтпайтын адамдық қасиеттерді жырлайды. Рух, жан мәселесіне тоқталған ақын адам санасынан жоғары тұрған құдіретті күштерді, сыры терең тылсым құпияларды шешуге, түсінуге, ашуға тырысады. Сол себепті Абай мұралары-рухани дүние. Абай оның кілті есебінде Ислам әлемін, ондағы адамгершілік, азаматтық құндылықтар мен рухани биік талғамын таңдаған.
Ұлт болашағы үшін, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, ұрпаққа жасынан оқу оқыту, ғылымды игерту, имандылыққа, адамдыққа, өнерлі болуға тәрбилеуде Абай мұралары мәдени құндылықтарымыздың биік тұғырында қала берері хақ.
Адамгершілік – адамдар қарым — қатынасының жолы. Этимологиялық сөздікте «адамгершілік» сөзі — адамның эмоциялық психологиялық мінездемесі деп көрсетілген. Ол кейде қызбалыққа салынуы мүмкін, кейде тұйық, қатігез, қайырымды және т.б. Мұндай айырмашылықтар адамның іс әрекеті адами тұрғыда бағаланғанда (өзінің ар-намысына қарай іс әрекет жасаса) адамгершілік тұрғысында емес, яғни қоғам ережелеріне қарсы болғанда ғана сақталады.Сондықтан діни мәдениетте осы жолды таңдап алуы тегін емес.Рух, адам рухы – сананың іс әрекеті мен белсенділігінің әлдеқайда терең антологиялық негізін құрайды.
Американдық психолог Г.Олпорт: «Мінекей, көресіздер, мен құндылықтардың объективті философиялық мәнін емес, оның психологиялық мәнін айтып отырмын. Құндылықтар менің түсінігімде бұл әркімнің жеке ойы. Кішкентай болса да оның ойы үшін принципті маңызы болған жағдайда құндылықтар әркез сезіледі». А.Н. Уайтхердтің анықтамасы бойынша «Құндылық – білім категориясы емес, ол мәнділік категориясы» деген.
Тән, рух және сана — біріккен үш рухани құрылым. Тұлғаның руханилығы жөнінде: талғамы, қызығушылығы, қарым-қатынасы, сөйлеу, өзін — өзі ұстай білу мәнері мен мінез –құлқы болып табылады делінген. Жалпы алғанда адам туралы — оның тұлғалық ерекшелігін табу. Оның тіл жетпейтін құпиясы логикалық талдауға қарағанда, тартымлылығы көбінесе көркем шығармаға ұқсас. Осылардың барлығы тұлғаның жалпы мәдениет деңгейі, мәдени мұрамыздың кішкене бөлшегі екенін білеміз, түсінеміз. Ертеден –ақ адамдар мәдениет ұғымымен қолөнері құндылықтары туралы ой пікірлермен байланыстырған. Ежелден — ақ адамның табиғат әлемінде тектен-текке өмір сүрмегені, ол қандай да бір нәрсені ойлап, жасағаны анық. Саз балшық, тас, ағаш немесе сүйек – табиғи материалдарды қайта өңдеді, өзін де өзгертті, яғни өзінің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіріп, қабілетін, алғырлығын, қиялын, ойлауын дамытты, рухани жағынан баии түсті. Өздерінің ие болған барлық осы қасиеттері мәдениеттілікке жатады. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды адам қолымен жасаған материалдар бұл сыртқы мәдениеті емес, керісінше адамның бірінен бірін бөліп қарауға болмайтын адамның рухани байлығы мен жетістіктері оның ішкі рухани мәдениеті болып табылады. Әрине бұлардың барлығы ғасырдан ғасырға мәңгі адамзат құндылықтары деп түсінілетін: махаббат, құрмет, қайырымдылық, мақсатқа ұмтылушылық, мейірімділік, ерлік, достық, шыншылдық, энтузиазм, сенім, бақыт, шыдамдылық, жауапкершілік, денсаулық түсініктерін жоғары деңгейге көтереді.
Студенттерге сұрақ: «Мәңгілік адамзат құндылықтары мен мәдени мұраны қалай байланыстыруға болады?».
Педагог студенттерге мәдени мұра адамзат тәжірибесінде құрылады, олар мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтардан тұрады. Сондай-ақ, мәдени мұраларды жасаушы қозғалыс күші адам жанының тазалығы болып табылады.
«Менің құндылықтарым» жаттығуы.
Оқытушы студенттерге шеңбер құрып, онда еркін, көзін жұмып отыруларын және де педагогтың дауыс ырғағына мән беруін сұрайды.
- Біз жер әлемін тастап кетіп бара жатырмыз. Өзімізбен бірге он маңызды, қажетті нәрселерді, ұғымдарды сыйқырлы қапшыққа салып алып кете аламыз. (Ойлануға 0,5 минут беріледі).
Оқытушы: «Жағдай өзгерді, үш түрлі затты, ұғымды алып кетуіміз керек! Не алдыңыздар». Студенттер көздерін ашады. Әрбір студент қандай үш маңызды затты, ұғымды алғаны туралы айтады.
Бұл жаттығу өмірлік жағдайларда өте маңызды болып табылатын адам өміріндегі маңызды болып табылатын құндылықтарды саналы түрде ұғынуға бағыытталған.
Оқытушы (дәріс-әңгімелесудің жалғасы).
Неміс философы және мәдениеттанушысы О. Шперглер мәдениеттің қалыптасуындағы маңызды сәт «жан дүниесінің оянуы» дегені, өзінің жеке белгілі мәдени негізін жасайтын ішкі және сыртқы күштерден өзін қорғай алуға қабілетті адамзат қоғамының білімін алға тартатын ментальді және ұйымдастыруы болып табылады. Мәдениеттімізді дамытушы Ұлы тұлғалардың барлығы адамгершілік идеалдарына руханилыққа ұмтылушылар болып табылады.
«Даналық сабағы».
Оқытушы. Қанекей, жан дүниенің оянуы процесі туралы эстон емшісі Виилма Луум қалай талдайтыны туралы тыңдаймыз: «Адам — өз мінез құлқының айнасы. Әрбір адамда тұлғалық қасиеттер болғанымен, олардың барлығын тұлға деп санай алмаймыз. Тұлға боламын деген тілектен тұлға болмайды. Тұлға болу үшін әркім өзімен өзі болу қажеттілігін сезінуі керек. Кімде- кім өзінің алдына қойған мақсаты үшін күресетін болса, сол адам шын мәніндегі емес, танымал тұлға бола алады. Ол өзін тұлға ретінде, ал оның поклонниктері оны тұлға деп атауы мүмкін. Шындық кейіннен ашылады. Адам өзінің қателескенін білген кезде, оның өмірінде тазару басталады. Тұлғалық жетілдіру – жаңа даму басталады. Сол кезде адам өзінің адам екенін түсінеді. Жәй ғана адам. Өмір адамға өзін — өзі тану үшін үнемі рухани, ішкі және материалдық сабақтардан өтеді. Кімде-кім өзінің сезімдерін, оның мәнін бағалай білуді үйренсе, сол адам сезіммен, махаббатпен ойлай білуді үйренеді. Махаббат туралы шын сезіммен, махаббатпен ойлауға қабілеттілік адамды бақытқа бөлейді».
Біздің әңгімеміз бүгін көтерілген мәселердің нақты анықтамасын табуға деген біздің тілегімізді қанағаттандыратын бірден терең шындықты тауып, оған жауап берумен шектелмейді. Бірақ, шындықты іздеу процесінің өзі — адамда танудың және өзін-өзі тануды қайта жасауға алып барушы күшпен, жоғарыда келтірілген жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес таңдап алынатын стратегияларды қалыптастыру қабілеттілігіне ие болады және осы сұраққа жауап табады.
Талдау. Талқылауға арналған сұрақтар:
- Адамзат құндылықтарына нені жатқызамыз?
- Мәдени мұра дегеніміз не?
- Бұл түсініктерді қалай байланыстыруға болады?
- Сіз өзіңіз мәдени мұраға қандай үлесіңізді қосқыңыз келеді?
«Мірдің оғындай…» аңыз-әңгіме (Пезешкиан Н. 1996)
Ерте заманда бір хан өмір, өмір сүру туралы көп ойланады. Оны өмірдегі қайырымдылық және қатігездік қызықтыратын болғандықтан, ол өз нөкеріне адам мүшелерінің (органдары) ішіндегі ең бағалы және әдемісін, жақсысын алып келуге бұйырады.
Нөкері аңның жүрегі мен тілін әкеліп береді. Хан органдарға қарап отырады да, олардың мәні туралы ойланып қалады, сөйтіп қызметшісін ең жаман, нашар органдарды алып келуге жұмсайды.
Ол қайтадан жүрек пен тілді алып келеді. Хан өзінің қызметшісіне таңқалып қарайды да: «Сен жүректі, тілді ең жақсы орган деп алып келдің, кейін ең жаман орган деп тағы да жүректі, тілді алып келдің. Неге?». Сонда қызметші сенімді түрде былай деп жауап беріпті: «Егер адам ойлағаны мен сезімі туралы шын жүрегімен шықса, онда оны тіл де тек шындықты айтады. Бұл жағдайда жүрек пен тілге жетер бағалы орган жоқ. Мұндай органдары бар адам өзін денісау және бақытты сезінеді. Егер адамның жүрегі жабық және өзінің сезімдерін жасыратын болса, ол кезде тіл өтірікті, әділетсіздікті айтады, мұндай жағдайда бұл екі органда адам үшін нағыз жаза болып табылады. Олар тудырған жағымсыз жағдайлар оны жегідей жейді, сөйтіп бақыт пен денсаулық ол адамнан теріс айналады».
Талқылау.
Студенттерден нені жоғары бағалайтынын сұрайды
- өзінде
- достарында
- адамдарында
- өмірде
Оқытушы. Бүгін сіздермен адам өміріндегі маңызды құндылықтың бірі – шыққан тегі, гениологиялық дамуы, жеті атасы туралы әңгімелесеміз. Қазақтарда мұны шежіре деп атайды.
Шежіреде ұлы тұлғалардың өмірбаяны, қазақ халқының ерліктері жайлы, гениологиялық шығу тегінің тарихы, этногенетикалық ауызба ауыз жеткізілген аңыздар мен діни мифтер (рауяттар, хикаялар және т.б.) түріндеге әр түрлі хронологиялық пласттар бойынша тарихи мәліметтер жазылған. Шежіренің шынайы тарихы көбінесе шындыққа сәйкессіз (ирреалды) бейнеленсе, ал әлемді мифология мен дін арқылы таныған; Шежіре Евразияның ертедегі тарихы жайлы шежіреде түріктердің өздерінің шығу тегі туралы аңызы түріндегі мәліметтер арқылы жеткізілген, ал ислам дінін қабылдағаннан кейін шежіренің ежелгі тарихы адамзаттың пайда болуы туралы көбінесе мұсылман мифтеріне құрылады, ал қазақ халқының ата-бабасының Мухаммед пайғамбарымыздан тарағаны туралы осындай гениологиялық тектің даму сипаты болып табылады; Шежіренің дәстүрлі көзі болып табылатын биліктің мықты(божественной) маңыздылығы, тұлғаның скральностиі, территориясы, ғасырлар, дәстүрлері туралы көптеген мәліметтерден тұрады.Шежіре материалдарының мазмұны тектілік, қазақтардың шығу тегі мен қасиеттерінің жүйелілігін сипаттайтын ақпараттар, қазақтың тегі мен руы және субэтникалық топтардағы, сондай-ақ халықтың тарихи, атақты тұлғалары туралы мәліметтер әңгіме, тізім, сызбаларбен берілген.
Қазақтың гениологиялық дәстүрінің ерекшелігі еркек тарапынан шығу тегі, руы мен атадан балаға беріліп отыратын есебі болып табылады, алайда, зерттеулер көрсеткендей гениологиялық аңыз әңгімелерде әйелдердің шығу тегіне аз мән берілген; қазақ шежіресі дәстүрлі институттардың өмір сүруіне қызметінде, мәдени өзіндік тұрмыстың сақталып қалуында нақты идеялық маңызға ие. Негізінен шежіреде адамның шығу тегі, тайпа, қоғамдастықтар (этникалық топтар, ру, тайпа); саяси биліктің маңызы туралы (қағанаттар, хандық, сұлтандар), рухани элита (қожа, сопы, бақсы ) және халықтық элита (би, батыр, ақсақал), құрылым (хандық, ру, ел, жұрт); дәстүрлер (культтар, сенімдер, обряды, қоғамдастық) жайлы мәліметтерден тұрады; Шежіре бізге тарихи сананың дәстүрлі формасын, әртүрлі тарихи дәуірлердің тарихи естеліктерінен үзінділерді жеткізеді. Жалпы алғанда шежіре мәліметтері субъективті, себебі шежірені оқып — үйренуде, зерттеуде көбінесе біз шежірені жазған адам, автордың ойымен, оқиғалар мен фактілерді оның жеке қорытындыларымен кездесеміз. Шежіре адекватты әдістерді интерпретациялауды жасаудың арнайы көзі ретінде ирреалдық табиғатқа ие феномендер ирреалды тәсілдермен жойылуы (постигнуты) мүмкін.
Оқытушы студенттерге: жеке өздерінің шежіресінің макетін орындауға, оны презентациялау керектігі жайында түсіндіріп, тапсырма береді
(СОӨЖ).
«Данышпандық сәт» шығармашылық тапсырмасы адамдағы және өнердегі сұлулықты сезіне білудегі өзін — өзі тану процесін саналы ұғынуға бағытталған.
Өзгені білген -ақылды,
Өзін білген- данышпан.
«Данышпандық сәт» — бұл адамзаттың мәдени мұраларына маңызды үлес қосқан өткен уақыттағы адамның есте сақтауының (естеліктерінің) актісі. «Данышпандық сәтті» өткізуге барлық мемлекет, әлем бірге атап өтетін кез келген ерекше тұлғаның туған күні, мерейтойы себеп бола алады. Бұл өзінің іс әрекетімен, ақылдылығымен, ерекшелігімен қайырымдылық, жаңа таным, жарық, махаббат нұрын шашатын, құрмет пенрапатқа лайықтымузыканттар, ғалымдар, ақындар, философтар, батырлар, әртістер, саяси қайраткерлер болуы мүмкін.Тапсырма ұраны етіп: «Ұлылыққа жақындау — рухани баюдың факторы» деп алуға болады.
Студенттерге СОӨЖ тапсырмасына ерекше ерен қайраткер, ең бастысы оның мәдени мұраға қосқан үлесі туралы шығармашылық жұмыс беріледі.
Қорытынды.
Сбақты талқылау: студенттермен сабақ бойынша алған әсерлерімен ой бөлісу. Оқытушы мынандай сұрақтар қоюы мүмкін:
- Бүгін өзіңіз үшін жаңа қандай нәрселер алдыңыз?
- Талқыланған сұрақтар сіздерге қалай әсер етті?
- Бәрінен бұрын Сізгдің есіңізде қалғаны мен ұнағаны?
Қоштасу рәсімі.
«Мен – адамзат сыйымын» жаттығуы.
- Оқытушы. Әрбір адам — өзінше бір ерекше тіршілік иесі. Әрқайсымыз өзіміздің қайталанбайтын ерекшелігімізге сенуіміз керек. Өзіңіздің ерекшелігіңіз, қайталанбайтындығыңыз неден тұрады, адамзат үшін сіз шын мәніндегі сыйлық екендігіңізді ойлаңыз. Өз ойыңызды дәлелдеңіз. Мысалы: «Мен адамзаттың сыйлағымын, себебі мен …».
Сабаққа қатысушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне бүгінгі күн үшін рахмет айтып, сабақты аяқтайды.