Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының кешенді жүйесі

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен (СҒЗЖ) айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндік ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау және нәтижесін шығару. Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішінде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мұнда жұмыс айқындала түседі. Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Сондықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, институт қызметкерлерінің жетекшілігімен ҒЗЖ жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына қатысуы керек [1].

Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылар мен қызметкерлердің жетекшілігімен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау-конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақты міндеттер мен олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді [2].

Студенттер жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына, өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық және басқа да ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек.

Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды [3].

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады.

Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа да тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін.

Оқу орындарындағы білім берудің зерттеушілік ұстанымы студенттерді ғылым саласында қолданылатын зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді. Зерттеушілік принципті қолдану студенттердің танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өзбеттілігін арттыруға, танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу әлеуеті бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі –оқу орнына дейінгі және кәсіптік оқу орны кешендерінде жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы алға қойылған мақсаттардың бірі— білім беру интеллектуалдық белсенділігін арттыру, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуын жетілдіру.

Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек.

Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:

— мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру; Мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру;

— өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру;

— студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру;

— жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу.

Көптеген дереккөздерде ғылымның, ғылыми қызметтің белгілі бір құбылысты оған тән түрлерде сондай-ақ осы негізде оның қолданылуының болашақта тиімділігін алдын-ала көруге болады. Л.Клемент атап көрсеткендей, нәрселерді әдеттегідей түсініп, құбылыстардың ғылыми талдауына көшу зерттеушіге қиын болды. Сондықтан ғылым мақсаттарын қабылдау және меңгеру жеке зерттеуді тиімді ұйымдастырудың негізі болуы тиіс [4].

Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талапттарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. Студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайын сәуірде өткізілетін студенттердің конференциясында баяндалады. Үздік «студенттік» жұмыстар жоғары оқу орындары студенттерінің конференциясына ұсынылады, ал бұл кезеңнен үздік деп танылған жұмыс аймақтық, республикалық байқауларға жіберіледі.

Ғылыми зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды болашақ мамандарды дайындаудың іргетасы болып табылады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне:

-оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы;

-ғылыми зерттеу жұмыстарының кей мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу;

-ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар;

-оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары;

-ғылыми-зерттеу жұмыстарын іс-тәжірибелерге қосу;

-берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстары;

-студенттердің ғылыми үйірмелері;

-белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер.

-студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (оқу орнындагі, ЖОО-дағы, аймақтық, республикалық, халықаралық).

Мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар:

-Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер;

-Барлық оқу жоспарларына «Ғылыми зерттеулердің негізі» атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу;

-Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету;

-Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін нақты ережелер де қарастырылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекеті үдерісі және нәтижелері туралы теориялық білімін жүйелеу және дамыту кезеңі қандай да бір білім саласында зерттеу жүргізу әдіснамасы және әдістемесі мәселелері бойынша білімді қалыптастыруға бағытталды.

Жоғарыда талданып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын терең қамту мүмкін емес. Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін оқу орындарында қалыптастыру сияқты мәселенің айқындалған жақтары келешекте білім беретін оқу орны мен мамандықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып студенттердің, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысына дайындығын жүйелі жүзеге асыру, орта мектепте бейіндік оқытуда жоғары сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау бағытындағы мәселелерді зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Демченко, З.А.Научно-исследовательская школа студента исследователя/ З.А.Демченко // Высшее образование вРоссии, 2010.— №12.— С. 155–158.

2. ТруувялиЭ.Ю.В.Студенческая научная работа иее исследование.— материалы научно-методич. конференции «Проблемы педагогики высшей школы».— Тарту: ТГУ, 1972, с. 80–82.

3. БережноваЕ.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов: Учебник для студ. сред. пед. учеб. заведений / Е.В.Бережнова, В.В.Краевский.— М.: Издательский центр Академия, 2005.— 128с.

4. ПетроваС.А.Основы исследовательской деятельности: Учебное пособие / С.А.Петрова, И.А.Ясинская.— М.: ФОРУМ, 2010.— 208с.— (Профессиональное образование)

Ибадуллаева С. Ж. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының кешенді жүйесі [Текст] / С. Ж. Ибадуллаева, А. А. Нургалиева, Г. Жусипова // Молодой ученый. — 2015. — №7.1. — С. 45-47.