Оңтүстік Қазақстанның мақта алқаптарында трихограмманы тиімді пайдалану

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөнінен республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып табылады. Облыста түрлі дәнді-дақылдармен бірге, бау-бақша және мақта шаруашылығының барынша дамуына кең жол ашылған. Сондықтан да мақта оны өсіретін аудандардағы басты табыс көзі болып саналады.

Облыста суармалы жерлерді интенсивті түрде пайдалану көп жағдайда бұған дейін айналымға қосылған жер және су ресурстарын неғұрлым интенсивті түрде пайдалануға байланысты.

Біздің елде биологиялық күресу тәсілінің ең негізгі бір жетістігі аса қауіпті зиянкестердің бірқатарына, солардың ішінде кеміргіш қоңыр көбелектерге қарсы трихограмманы қолдану болып саналады.

Кеміргіш қоңыр көбелектердің паразиттерінің ішінде ең басты роль атқаратыны кәдімгі трихограмма. Трихограмма туысына жататьн түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс және орман ағаштарының бірқатар зиянкестерінің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік ететін насекомдар.

Трихограмма richogramma)— күздік, мақта, кіші жер және басқа көбелек түрлерінің жұмыртқа тоғышары. Оңтүстік Қазақстанның мақта алқаптарында трихограмманың төрт түрі кездеседі: Тrichogrатта ріпtоі Уоеg., Т. elegantum,, Т. margianum, Т. SugonjftviSor [1, 10-15-б].

Мақта егістіктерін көбелектерден қорғау үшін негізінен тарату мақсатында Т. ріпtо іпайдаланылады.

Трихограмманың дене пішіні дамитын егесіне, көбелек жұмыртқасының көлеміне байланысты 0,25 мм-ден 0,9 мм-ге дейін болады.

Аталықтары аналықтарынан кіші болады. Трихограмманың түстері бозғылт-сарыдан кара түске дейін өзгереді. Аналықтарының мұртшалары сирек қысқа қылшықтармен көмкеріліп, түйрегіш тәрізденіп аяқталады, ал аталықтарының мұртшалары қалың ұзын қылшықтарымен көмкеріліп, соңғы мүртшалары өзара біріккен болады [2,25-б].

Оңтүстік Қазақстан жағдайында ауа температурасының 30С°-тан жоғары және ылғалдылығы 30%-дан төмен болған кезеңдерде (шілде-тамыз айларында) трихограмма өсімталдылығының төмендейтіндігі анықталған.

Трихограмма өсімдікте өрмелеп, кысқа 1,5-2 м қашықтыкка дейін ұша алады. Көбелектің бір ұрпақ беру мерзімі аралығында ол 2-3 ұрпақ, ал бір маусым ішінде 14-15 ұрпақ беріп дами алады. Дернәсілдері көбелектің және басқа кабыршаққанаттылардың жұмыртқа ішінде егістік аралықтары мен жиектерінде қыстап щығады. Табиғатта ол аз кездеседі, сондықтанда оларды биофабрикалар мен биозертханаларда жаппай көбейту қолға алынған[3,34-б].

Кәдімгі трихограмманың пайдалы қасиеттері мыналар: ол тез дамиды және еркектерінен гөрі ұрғашыларының саны көп болады. Бұл қасиеттер олардың өсіп-өну қарқынының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Кәдімгі трихаграмма популяцияларының әдетте 75—90 проценті ұрғашыларының үлесіне тиеді. Барлық, түр аралық формаларының дамуының орташа көрсеткіштері мынадай: 30° температурада сегіз күн; 28°-та тоғыз күн; 11,5 градуста — 53 күн [4,48-б].

Трихограммаларды шығаруға қолайлы мерзімді анықтау үшін мақта көбелегін еліктіргіш-ұстағыш (феромон) пайдаланылады. Бұл ұстағыштар 2 гектарға 1 жиынтық есебінен қойылады. Трихограмма танапқа алғаш рет әрбір ұстағышқа бір түнде мақта көбелегінің (маусым) бірінші ұрпағының орта есеппен 2–3 көбелегі түскен соң 5–6 күннен кейін және тиісінше екінші (шілде) және үшінші (тамыз) ұрпағының 1,5–2 көбелегі түскен соң 3–4 күннен кейін шығарылады. Қуыршақтарын құмырсқалар жойып жібермес үшін трихограмма имаголарын шығару ұсынылады.

Трихограммалардан жоғары тиімділікке жету үшін оның шығарылуын міндетті түрде зиянкестің жұмыртқа салу кезеңінің басына орайластыру ке­рек. Оның үстіне олар өңделген танапта көбейеді және қысқа мерзімде да­муы­ның арқасында жаңа ұрпақ береді. Ал олардың әрекеті зиянкес жаппай жұ­мыртқа салған кезеңде және одан кейін де солардың жұмыртқаларын зақымдауға бағытталады. Трихограммаларды ертеңгілік немесе ыстық қайт­қаннан кейін-кешкілік шығару қажет. Олардың табиғатта орналасуына қарай ие жұмырт­қаларын іздеу қабілетінің әлсіздігін ескеріп танапқа анағұрлым біркелкі тарату үшін оларды мақта егістігінің 1 гектарында кемінде 100 нүк­теге әрбір 10 м жол сайын және жұмысшылар арасының қашықтығы сайын жіберген орынды [5,145-б].

Осы биологиялық ерекшеліктеріне қарай, трихограмма қолданудың барлық жүйесі құрылады. Мәселен, оның имаголарын ертеңгілік және кешкілік уақыттарда шығару, ол тоғышарлық еткен ситотрога жұмырт­қаларын кез-келген уақытта тарату ұсынылады. Бұл жұмысты зиянкестер көбелектері ұша бастағанда немесе 100 өсімдікте көбелектің 1–2 жұмыртқасы болғанда бастайды. Шығару әрбір 6–7 күн сайын қайталанады, көбелектердің ұшу мерзімі мен жұмыртқалауы созылып кеткенде жалпы норманың 10 пайызы мөлшерінде тағы да 2–3 рет қосымша шығарылады. Сәуір-мамыр айларында тоғышарлар арам шөпке, жоңышқаға, жүгеріге, томатқа, қызыл­шаға, мамырдың ІІІ онкүндігінен 1 қыркүйекке дейін мақтаға шығарылады

Трихограмма, көмегімен қорға­у шараларын жүргізген кезде зиянкестің (иенің) алғашқы тығыздығын және осал кезеңі мен мерзімін, жыртқыш: жемтік арақатынасын, өсімдіктің даму кезеңін, трихограмманы қолданудың нормалары мен реттілігін ескеріп, назар аудару қажет.

Мақта егістігін мақта көбелегінің жұмыртқалары мен жұлдыз­құрттарынан биологиялық қорғау үшін биофабрикаларда немесе биозерт­хана­ларда көбейтілген Trichogramma pintoi,пайдаланылады[6,47-б].

Энтомофаг деректерінің биологиялық тиімділігі (Э) мына формуламен анықталады:

, (21)

мұндағы:По – тәжірибе танабынан жиналған жұмыртқалардың немесе

жұлдызқұрттардың сан мөлшері;

Пк – бақылау танабынан жиналған жұмыртқалар мен жұлдызқұрттардың

сан мөлшері;

Мо – тәжірибе танабында залалданған жұмыртқалар мен жұлдызқұрттардың

сан мөлшері;

Мк – бақылау танабында залалданған жұмыртқалар мен жұлдызқұрттардың

сан мөлшері.

Мақта және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінде мақта тағы басқа көбелектердің трихограммалармен залалдану есебі бақылау нүктесінде (есептік алаңдар) жүргізіледі. Мақталықтан екі іргелес қатардың әрқайсысынан бес өсімдіктен 10 өсімдік алынады. Есептік алаңдар “қорғаныш жолағында” орналастырыдмайды. Жолақ ені дақылға және танап алаңына байланысты 5 метрден 20 метрге дейін болады. Есептік алаңдар танап бойынша шахматтық тәртіппен немесе екі диагоналмен біркелкі орналасады [7, 419-б].

Зиянкес жұмыртқалары сан мөлшерінің және олардың тоғышарлармен залалдануының алғашқы есебі трихограммаларды танапқа шығарар алдында немесе танапқа шығарған күні жүргізіледі.

Егіс есебін жүргізген кезде мынандай ережелерді басшылыққа алу қажет: бақылау нүктесінің (есептік алаңның) саны трихограммаланылған танап алаңына байланысты келеді.

Есепке алу кезінде екпе өсімдіктерден, арам шөптерден (шырмауық, қалуен т.б.), сондай-ақ құрғақ қалдықтардан табылған бүкіл жұмыртқа жиналып, есептеледі. Жиналып алынған салынған жұмыртқалар өсімдік бөліктерімен немесе құрғақ қалдықтарымен бірге жеке пробиркаға салынып, нөмірленеді және жапсырма (этикетка) жапсырылады.

Пробиркалар жұқа матамен оралып байланады да табиғи жағдайға жақын (сөрелерде, бастырма астында, ашық бөлмеде т.б.) жағдайда ұсталады, күн сайын әрбір пробиркадағы жұмыртқаның дамуы бақыланады. Тоғышар залалдаған жұмыртқалар (қарайған) оқшауланады. Жиналған залалданбаған жұмыртқалардан жұлдызқұрттар туылса, олар да бөлектенеді. Одан әрі залалданған және залалданбаған жұмыртқалардың сан мөлшері есептеліп, есепке алынған әрбір күнгі залалдану пайызы бөлек анықталады.

Резюме

Применение разновозрастной партии трихограммы, обеспечивающий постоянное присутствие энтомофага в поле,использование ловушек с половым феромоном хлопковой совки.

Summаry

The fact of trichogramma, permanent presence of entomofaga in the field, the use of traps with sex pheromone of the cotton.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Абашкин А.С. и др. Руководство по массовому разведению и применению трихограммы//-Москва. -1979.
  • Агасьева И.С., Исмаилов В.Я. Коллекции энтомоакарифагов и их значение в биологической защите растений // Информационный бюллетень ВПРС МОББ 42. – Санкт-Петербург. -2011.
  • Адашкевич Б.П., Умарова Г.М., Сорокина А.П. Виды энтомофага в Узбекистане.// Защита растений. -М. -1987. -№9.
  • ВНИИБМЗР. Применение трихограммы в борьбе с комплексом вредителей полевых культур // Рекомендации. М.: Агропромиздат. -1990.
  • Голышин Н.М., Гринберг Ш.М. Трихограмма в защите растений // Сб. научных трудов:Агропромиздат. -1988.
  • Гринберг Ш.М. и др. Применение трихограммы в борьбе с комплексом вредителей полевых культур (рекомендации)./ -Москва, ВО «Агропромиздат». -1990.-47 с.
  • Дуйсембеков Б.А., Исмухамбетов Ж.Д. Состояние и перспективы развития биологического метода защиты хлопчатника от основных вредителей в Южном Казахстане.// Труды Междунар. научно-практ. конференции «Казахстан в новом мире и проблемы национального образования», посвященная 10-летию ун-та «Сырдария», –Жетысай. -2008. -том III (Естественные науки).