Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.
Қазіргі қоғам талабына орай орта мектептердегі ағылшын тілінен білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Дегенмен, окушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін арттыруда оқыту процесінің, сондай-ақ ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялар арқылы қалыптастыру мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді. Мүғалімдер өз тәжірибесінде оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруда танымдық белсенділікті дамытудың тиімді жолдарын қолдануда өздерінің дайындығының төмен деңгейде екенін мойындайды.
Ағылшын тілі сабағының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, сабақта жаңа технологияларды пайдаланудың оқушылардың танымдық белсенділігін аттыруда мүмкіндігі зор. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі танымдық өзіндік жұмыстарын бақылаудан байқағанымыз, олар тапсырмалардың түріне байланысты белсенділіктің әр түрлі деңгейін көрсетті.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшын біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танымдық белсенділігі төмен оқушылар білімдерінің төмен екендігін көрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Мұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды.
Ағылшын тілі сабағында оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тура, тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес, біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орныдау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан бұндай тапсырмаларды орындауға оқушыларға үнемі көмек қажет.
Біздің зерттеуіміз бойынша ағылшын тілі сабағында танымдық белсенділігі жоғары оқушылар күрделі тапсырмаларды орындайды. Осыған байланысты оқушыларға берілетін тапсырмалар әр түрлі болып келеді. Мысалы: компьютерді қолдану арқылы өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалардың жинағы оқушылардың танымдық белсінділін қалыптастырудың неғұрлым тиімді әдісі болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерін, деңгейлерінің өзгеруін бағалау үшін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның нәтижелерін төмендегі кестелерден көре аласыздар.
Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің өсу қарқыны
№ | Аралық | Сыныптар | Саны | Бағалары | |||||||
Қанағат-танарлықсыз
% |
Қанағат-
танарлық |
Жақсы | Өте жақсы | ||||||||
1 | 1-ші аралық | а) бақылаушы
ә) эксперимент |
28
24 |
—
— |
—
— |
8
8 |
28,6
33,3 |
16
13 |
57,1
54,1 |
4
3 |
14,3
12,6
|
2 | 2-ші аралық | а) бақылаушы
ә) эксперимент |
28
24 |
—
— |
—
— |
4
2 |
14,3
8,3 |
19
15 |
67,8
62,5 |
5
8 |
17,9
29,2 |
3 | 3-ші аралық | а) бақылаушы
ә) эксперимент |
28
24 |
—
— |
—
— |
2
1 |
7,1
4,1 |
20
12 |
71,0
49,7 |
6
11 |
21,9
46,2 |
Қоғамдық прогресс пен ғылымның ықпалынан, оқытудың жаңа міндеттері мен озат тәжірибесінің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі.
Ағылшын тілі сабағында білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, оқушылардың саналылығы, белсенділігі, өзбеттілігі, білім мен біліктерінің беріктілігі, ұғынықтылығы және әрекеттілігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерін дәлелдеуге ұмтылысынан көрінеді.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.
Әдебиеттер тізімі
- Асылжанова М.А. Танымдық іс-әрекет мектепке бейімделудің басты факторы. Дисс… п.ғ.к., А., 1999. — 1446.
- КарповА.П. Самостоятельная познавательная деятельность школьников в обучении. М., Педагогика 1980.-24 с.
- Бондаревский В.Б. Воспитаниеинтересакзнаниями потребности к самообразованию. М., Просвещение, 1985.-143 с.
4.Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности
младших школьников. — М.: Просвещение, 1988.-174 с.
- Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности
учащихся. — М.: Просвещение, 1979. — 186 с.