Қазақстандықтар үшін өздерінің зейнетақы жинақ қорын бақылап отыру игі дәстүрге айналып келеді. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 4 триллион теңгеден астам жалпы зейнетақы қаржысы жинақталған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) осы үрдісті ерекше атап көрсетеді.
Бүгінде тұрғындардың көпшілігінің бойында өзінің болашағына деген жауапкершілік сезімі қалыптасқан. Жинақтаушы зейнетақы қоры енгізілген он бес жылға тарта уақыт ішінде қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақ қорын «бақылап» қана қоймайды, сонымен бірге, өздерінің жұмыс берушілерінен міндетті түрде және толық көлемде зейнетақы жарнасын аударып отыруды талап етеді. Жекеменшік қорлардағы зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіргеннен кейін де жинақтаушылар өздерінің міндетті жарналарының толық сақталып отырғандығына көз жеткізеді. Сонымен бірге, олар өз қаржыларының жекеменшік зейнетақы есепшоттарында жинақталып жатқанына куә болады. Қордағы қаржы қордың немесе мемлекеттің емес, толық көлемінде азаматтардың иелігінде. Оның толық сақталуына «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы кепілдік береді.
Республикамыздағы бүкіл әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін құру тұрғысынан келгенде, тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы қорына деген көзқарасының маңызы өте ерекше. Сонымен бірге, алдағы жылдарға БЖЗҚ-ны дамыту стратегиясын дайындау барысында «Жинақтаушылармен біріге отырып, қаржылық еркіндікті қалыптастыру» атты қор міндетін белгіледі. Осыдан келіп, қордың стратегиялық бағдарлары айқындалады: БЖЗҚ – еліміздің барлық жұмыс істейтін тұрғындары қатысатын, адам құқын және заң басымдылығын сақтайтын, есеп беру, ашықтық және этикалық тәртіп үрдістерін бұлжытпай орындайтын әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым.
Бүгінде БЖЗҚ – бұл зейнетақымен қамтамасыз етудің бір ғана жүйесі. Алайда, уақыт өте келе жинақтаушы үдерістің маңызы артады. Сөйтіп, қор қаржы жүйесінің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен бірге, еліміздің бүкіл экономикасының маңызды саласына айналады.
Қордың топ-менеджерлерімен кездесуге келе жатып, осыдан біраз уақыт бұрын, жекеменшік ЖЗҚ-ларды бірыңғай орталыққа біріктірген кездегі адамдардың көңіліндегі күдіктерді ой елегінен өткізді. Бұл ретте жекеменшік жинақтаушы есепшоттардағы ақпаратқа қолжетімділіктің де маңызы ерекше зор. БЖЗҚ-ға кезекті жекеменшік қордың активтерін қосу туралы ақпарат таратылғаннан кейін өздерінің жинақталған қаржыларының жағдайын, инвестициялық кіріс көлемін, жұмыс берушінің жарна төлемдерін аудару мәселелерін білгісі келгендер БЖЗҚ офисіне топ-тобымен келіп, ұзын кезектерге тұратын еді.
Жинақтаушы қорларды біріктіргеннен кейін бар болғаны бірнеше айдың ішінде бұл міндетті ойдағыдай шешті. Оған орталықты аралау барысында көз жетті: ұзақ-сонар кезектер жоқ, электрондық кезек кестесі іске қосылған, адамдар өздерін толғандырған барлық мәселелер бойынша жауап алады.
Тіпті, бір офис бір күннің ішінде бір мыңға дейін зейнетақы жинақтаушыларын қабылдаған күндер де болды.Дегенмен, өңірлік жүйелерді шұғыл дамыту БЖЗҚ-ның колл-орталықтарындағы және ақпараттық залдарындағы қызметкерлердің шұғыл да жоғары кәсіби жұмысының нәтижесінде алаңдаушылықтың алдын алды. Енді адамдарды өздерінің жинақ қорларына жарналардың аударылуы емес, басқа ағымдағы мәселелер қызықтырады. Дәстүрлі және бүгінгі озық байланыс каналдарын кең көлемде пайдалана отырып, тұрғындарға ақпарат беру жөнінде кең көлемдегі филиалдық жүйені және шұғыл жұмысты ұйымдастыра отырып, ахуалды түбірімен өзгертті.
Қараша айының басында бүкіл республикамыз бойынша БЖЗҚ-ның 240 офисі жұмыс істей бастады. Оның ішінде тек 2013 жылдың өзінде ғана қосымша қызмет көрсететін 87 орталық ашылды. Оның ішінде бұрын бірде-бір жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қоры болып көрмеген, тұрғындар жеке зейнетақы шотынан анықтама алу үшін ондаған шақырым жол жүретін елді мекендерде 28 нүкте ашылды.
Қор республикамыздың барлық тұрғындары үшін барынша қолжетімді болуға тырысуда .Барлық 160 аудан орталықтары мен облыстық маңыздағы қалаларда офистер жұмыс істейді. Бұл ретте өте қолайлы жұмыс кестесі жасалды: барлық филиалдар және қызмет көрсететін көптеген офистер жұмыс күндері таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 7-ге дейін үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күндері таңертеңгі сағат 9-дан күндізгі сағат 13.00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Кадр мәселесі де оңтайлы шешілді. Қабылданған қызметкерлердің 60 пайыздан астамы жекеменшік ЖЗҚ-ларда жұмыс істеп тәжірибеден өткен адамдар.
Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізумен қатар, салымшыларға жедел ақпарат беру мәселелерімен де айналысады, Осы орайда, ахуалды оңтайландырумен қатар, БЖЗҚ-ның кідіріссіз жұмыс істейтін жүйесін қалыптастыруда маңызды болды. Тек бір жыл ішінде ғана біз 11 ішкі нормативтік акт қабылданды. Оның ішінде салымшыларға стандартты қызмет көрсету, офистерді ашу, ауыстыру, жабудың жұмыс стандарттарын қалыптастыру сияқты мәселелер бар.Астана және Алматы қалаларында бүгінгі күннің сұраныстарына жауап беретін 2 офис ашылды. Олар жан-жақты жабдықталған және өңірлік жүйені дамытуда, ескі бөлімшелерді жаңғыртуда басшылыққа алатын қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін өмірге енгізді.
Жүйені дамыту тек қана өңірлік жүйені дамыту жолымен ғана жүргізіліп отырған жоқ: бүгінгі заманның адамдары үшін қызмет түріне қашықтықтан қол жеткізу тетіктерін игеру де өте маңызды. Бұл офистердегі кезектерді болдырмауға, ақпарат немесе қызмет көрсету түрлерінің уақытын азайтуға ақпарат алуды офис жұмысының кестесіне тәуекелдіктен шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпарат алу үшін кезекте тұрған адамдар жоқ, тек электрондық кезек қана жұмыс істеп тұр. Сондықтан 2 минут ішінде мен формулярды толтырып, логинді және уақытша пароль алынды. Сұхбат жүргізіп болғаннан кейін БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы өзімнің жеке кабинетіме кіріп, басқа қордан аударылған қаржы көлемі, инвестициялық кірістің аударылуы, менің жұмыс берушімнің тұрақты түрде аударып тұратын жарналары сияқты барлық ақпаратпен жан-жақты таныстырылды.
Тұрғындарды жинақтары туралы толық ақпаратпен таныстырып тұру басты міндет. Бұрынғы жинақтаушыларымыздың көпшілігіне ақпаратты бұрынғысынша пошта арқылы конвертпен жіберіп тұрады. Алайда, бұл – үздік үлгі емес. Сондықтан қазір қызметкерлер салымшылар офиске келген кезде сандық формат арқылы: электронды пошта немесе жеке кабинет арқылы ақпарат алу туралы қосымша келісім жасауға тырысады. Егер жыл басында интернет-ақпарат алуды таңдаған салымшылар 107 мың адамды құраса, 1 қарашадағы мәлімет бойынша олардың саны 3 есе артты. Қазірдің өзінде БЖЗҚ-ға келген салымшылардың 39 пайызы ақпарат алу жүйесінің алуан түрлері арқылы ақпарат алу туралы шарттарына қол қойды. Болашақта болжам бойынша, салымшылардың 75 пайызы осындай шарттарға қол қоятын болады. Бұл ретте ХҚО және e-gov электрондық Үкімет сайты сияқты каналдар кеңінен пайдаланылады.
Салымшыларға қызмет көрсетудің қолайлы түрлерін дамытуды одан әрі жалғастыратын болады, Android және iOS операциялық жүйелері бойынша, сонымен бірге, Windows Phone жүйесі бойынша жұмыс істейтін планшеттер мен смартфондар үшін көп функциялы қосымшалар іске қосылды. Ұялы байланыстың барлық түрлері адамдарға онлайн режімінде call-орталығымен немесе жақын маңдағы филиалдармен байланыс жасап, БЖЗҚ барлық жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, өздерінің жеке зейнетақы шоттарындағы жаңалықтарымен танысады. Сонымен бірге, электрондық сандық қол қою арқылы www.enpf.kz сайтындағы жинақ қорымен танысуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, қордың 10 миллионнан астам салымшыларының ақпарат алу әдісін таңдауға мүмкіндігі бар, ең бастысы – олар еліміздің және әлемнің кез келген өңірлерінен қордың қызметіне қол жеткізе алады. Ешкім тұрғылықты жеріндегі офиске тәуелді емес. Бұл БЖЗҚ жұмысының маңызды қорытындысы. Атқарылған жұмысты қорытындылай келіп, ұйымдастыру мәселелері шешілді, жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету іске қосылды және кідіріссіз жұмыс істейді, база, мұрағат қабылданды, бірігу толығымен іс жүзіне асырылды деп айтуға болады. Енді жаңа міндеттер туралы айту керек.
Бұрынғысынша, тұрғындардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен барынша толық қамту ең басты тақырып болып қалуда. Салымшылардың зейнетақы болашағы да, жүйенің өзі де енді жарна түсімінің көлеміне және жиілігіне байланысты. Сондықтан 2015 жылдың басынан бастап, БЖЗҚ жұмыс берушілерден келіп түсетін түсіміне күн сайын мониторинг жүргізіп отыратын болады. Бұл техникалық жағынан әбден мүмкін. Қордың жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің жеке ақпараттық жүйесіне аударатын жарналардың неліктен жүйелі және толық мөлшерде жүргізілмейтіндігінің себебін анықтау үшін тікелей салымшылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Бұл ретте кәсіпорынның тоқтап қалуы, қызметкердің жұмыстан шығуы, кезекті еңбек демалысында болуы, сырқаттануы сияқты әртүрлі себептер болуы мүмкін.Алайда, егер бұл тікелей заң бұзушылыққа байланысты болса, қор мұндай оқиғаның кез келгені бойынша материалдарды салық органдарына жіберуге дейін шара қолдана алады.Сонымен бірге, өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдармен де жұмыс жүргізу жалғасады. ЖЗҚ жұмыс істей бастаған 15 жыл көлемінде бұл мәселенің түбегейлі шешімін табуға мүмкіндік болмады. Әлі күнге дейін ерікті зейнетақы жарнасы жөніндегі сегмент толық дамымай отыр. Бұл сегмент тиісті дәрежеде жұмыс істесе, өзінің болашағын ойлайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін әрбір адамды ынталандырар еді. Қор зейнетақы жинақтаушы салымдарының осы түрінің кең таралуы үшін жұмыс істейтін болады. Адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту үшін бүкіл республика бойынша тұсаукесерлер өткізілетін болады. Осылармен бір мезгілде жарнаның бұл түрін барынша тартымды ету үшін ерікті жарна төлеушілерге салынатын салықты азайту жөнінде заң қабылдау мақсатындағы бастама бойынша да жұмыс жүргізілуде. Міндетті және кәсіби міндетті зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі бірден-бір қор бола отырып, БЖЗҚ өзіне бірқатар нормативтік-методикалық сипаттағы мәселелерді қабылдайды. Мәселен, актуарийлік есеп айырысуды жүргізу жөнінде БЖЗҚ жанынан актуарийлік орталық құрылған, зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі көптеген ұсыныстар оның жұмысының нәтижесіне байланысты. Сонымен бірге, зейнетақы өнімдерін одан әрі дамыту мақсатында кадрларды оқыту және даярлау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 1 қарашада міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша есеп шоттардың саны 336 мыңнан асты. Ал 2018 жылдың басында Президенттің Жарлығымен бекітілген Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту концепциясына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етудің шартты-жинақтаушы компоненті сияқты түрі енгізілетін болады. Жұмыс беруші өз жұмысшыларының кірісінен 5 пайыз көлеміндегі міндетті жарнаны БЖЗҚ-ның жекешелендірілген шартты-жинақтаушы есепшотына аударып отыратын жұмысшылар оған қатысушы бола алады.
Жаңа жүйе зейнетақымен қамтамасыз етудің бөліп-тарату және жинақтаушы түріндегі қағидаларын қолдайды. БЖЗҚ тарапынан оны дамыту талап етіледі. Себебі, жаңа есепшоттарды, тіпті өмір бойы жарна түсіп тұратын есепшоттарды ашу қажеттігі туындайды. Жалпы алғанда, қор үшін әлі де көп жұмыс атқаруға тура келеді. Салымшы қорды өзінің болашағын жоспарлаудағы серіктесі ретінде қабылдауы керек. Оларды оқыту, қаржылық кеңес беру, ақпарат беру жұмыстарын кеңейте отырып, салымшылармен жан-жақты жұмыс жүргізетін болады. Еліміздің азаматтарына зейнеткерлікке шыққан кезде қаржылық тәуелсіздікке ие болуы жолында сауатты шешім қабылдауы үшін көмек көрсетіледі.
Әдебиет:
1. Сахариев С.С. Финансы: учебник. — Алматы: Юридическая литература, 2004.
2. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
3. Мельников В.Д., Ли В. Финансы. / Учебник. — Алматы, 2005.
4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқулық – Алматы.: ИздатМаркет, 2004. – 248 с.
5. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000.
6. История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996.
7. Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.: Финансы и статистика, 1996.
8. Финансы: учебное пособие – под ред. А.М.Ковалевой – М.: Финансы и статистика, 1998.
Тажикова Ж. Ж. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры: қаржы еркіндігінің стратегиясы [Текст] / Ж. Ж. Тажикова, А. Т. Райымбекова // Молодой ученый. — 2015. — №6.2. — С. 15-18.