Жоғары мектеп педагогикасында оқу процесін белсендіру мәселелеріне В.М.Вергасов, Б.А.Алейников, В.И.Загвязинский, Р.А.Низамов, А.Ф.Эсаулов және т.б. жұмыстары арналған. Студенттердің интеллектуалды, шығармашылық қызметін өзіндік жұмыс арқылы белсендіру Е.К.Осиппъянц, В.А.Козаков, О.Ю.Глухованың жұмыстарында қарастырылған. ЖОО-дағы студенттердің белсенділігі мәселесіне әр түрлі көзқарастар А.Г.Петрова, Л.К.Проскурскова және т.б. диссертациялық зерттеулерінде көрсетілген.
Жоғарыда айтылғандай, студенттің белсенділігі – кең түсінік. Ол философиялық, биологиялық, социологиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілерге ие. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқу процесіндегі тұлға белсенділігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Көбінесе, психологтар, педагогтар белсенділіктің бір-екі белгісіне өздерінің көңілін аударады және оларды ойлау жігері ретінде немесе айналадағы шындықты өзінің қажеттіліктеріне, мақсаттарына және т.б. сәйкес өзгерту мүмкіндігі болатын қызығушылық, ынта ретінде сипаттайды. Студенттің белсенділігі ретінде тұлғаның күшейтілген танымдық шығармашылығын сипаттайтын қызметтік жағдай, қайратты әрекетті түсінеді. Р.А.Низамов айтқандай, белсенді студент үшін білімге, оқу міндетіне жан-жақты қызығушылық, оған күш салу, көңіл бөлу, мақсатқа жетуге арналған ойлау қабілеті мен физикалық күшті көрсету тән.
Оқыту кезіндегі студенттің белсенділігін зерттей отырып, ғылыми-әдістемелік зерттеулерде оның төрт түрін бөліп қарастырады: сыртқы, ішкі, орындаушылық және шығармашылық (1).
Студент сыртқы белсенділікте іскерлі, жазбаларды жазады, есептерді шешеді, приборлармен жұмыс жасайды және т.б., бірақ оның ішкі (ойлау) белсенділігі өте төмен болуы мүмкін. Студенттің ішкі белсенділігіне ойлау қабілеті, ойлау әрекеті мен операцияларын қолдану тән.
Орындаушы белсенділік студенттің қызметі дайын нұсқауларды есте сақтауға, оқытушының айтуы бойынша есепті шешуге, дайын нұсқаулықтар бойынша лабораториялық жұмыстарды орындауға, яғни оқытушының талаптары мен нұсқауларын орындауға бағытталғандығымен сипатталады. Ойлау белсенділігі бұл жағдайда төмен. Шығармашылық белсенділік студенттің зерттелетін зат пен құбылыстың маңызына кіруге деге ұмтылысымен, оқу тапсырмаларын, есептердің шешімін орындау тәсілдеріне жаңалықтар элементтерін енгізу қабілетімен сипатталады. Ол тұлғаның дамуының өте жоғары дәрежесін сипаттайды .
Кейбір авторлардың айтуы бойынша жоғары оқу орнының дидактикасы, әдістемесі бойынша әдебиеттерде және іс жүзінде белсендіру көбінесе тек бір бағытта ғана жүреді – жеке қабылдаулардың көмегімен студенттердің белсенділігін көтеру. Бірақ мұндай әдіс белсендіру мәселесін толықтай шешуге әкелмейді. Барлық процесті белсендіру, студенттің белсенділігін жоғарылатуға әсер ететін тәсілдер жүйесін анықтау қажет.
Оқыту практикасында студенттің белсенділігін дамыту тәсілдері туралы мәселе бойынша оқытушылардың әдістемелік жұмыстарында әр түрлілері кездеседі. Олардың бірі жалпыға белгілі әдістемелік жағдайда шығады: «материалды баяндау қолайлы, анық». Бірақ, Р.А.Низамов айтқандай, бұл тәсіл студенттің дербестігін, шығармашылығын белсендіруді максималды дамытуға әкеліп соқтырмайды. Екінші жолы оқытушы теориялық және практикалық сабақтарды бағдарламаның тек түйіндік сұрақтары бойынша өтсе, ал қалғанын студенттің өзі өздігінен меңгерген жағдайда оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Бұл жағдайда студенттің белсенділігі ақпараттың үлкен көлемін өздігінен меңгерге жағдайда ғана дамиды. Бірақ, студенттің спихологиялық, физиологиялық мүмкіндіктері көбінесе ескерілмейді, барлық материалды оқу үшін уақыты жетпейді, теориялық жағдайлады меңгеру, практикалық есептерді шешумен байланысты қиындықтар туындайды. Үшінші жолы студенттің белсенділігі, дербестігі ең алдымен лекциялар, семинарлық, лабораториялық, практикалық және т.б. сабақтарда оның ойлау, іздеу әрекетін ұйымдастыру арқылы дамиды. Арнайы психологиялық-педагогикалық зерттеулер мен әдістемелік ізденістерде бұл тәсіл оқу процесінде мәселелік оқытуды, танымдық міндеттерді қолдану, заманауи техникалық құралдар мен студенттің белсенділігін дамытуға итермелейтін басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асады.
Студенттердің танымдық белсенділіктерін белсендірудің ең маңызды құралдарының ішінде студенттерден талап етілетін жай ғана хабарланған ақпаратты емес, ал білімді шығармашылықпен ұштастырудың мәселелерін қарастырды.
Жоғары оқу орнында оқыту процесін жүйелік ұйымдастыруда тұлғаның танымдық белсенділігінің ішкі көзі оның қажеттіліктері, және ең алдымен қызметке деген қажеттілік болып табылатынын білу маңызды. Адам бірдеңені түсіну қажет болған жағдайда ғана ойлана бастайды. А.М.Матюшкин қажеттілік жағдайы, біріншіден, қандай да бір жоқ объектке қажеттілік, бірақ ағза талап ететін объектке қажеттілігі түйсік арқылы, екіншіден, осы жоқ объектке бағытталған ағзаның белсенділігін шақыратын қажеттілік арқылы сипатталатынын атап көрсетті. В.К.Вилюнастың анықтамасы бойынша, себеп – бұл анықталған қажеттілік. Себебі бар қызмет жағымды эмоциялар мен қанағаттану сезімдерін оятады. Оқу қызметінің жоғары бағаланатын себептердің болуы, жоғары оқу орнында оқыту себебін мақсатқа максималды жақындату оқу-кәсіби қызметті белсендіру шарттарының бірі болып табылады. Тұлғаның дамуы осы қызметтің жалпы бағытын, ал онымен бірге танымдық белсенділіктің сипатын анықтайды.
Оқу қызметін белсендіру студенттің тұлғалық, шығармашылық, субъектілік позициясының тұрғызу механизмі болып табылатын студенттердің дербестік пен қызығушылық сияқты тұлғалық білімдерінсіз мүмкін емес. Танымдық қызығушылық таным мен қызметке деген қызығушылық ретінде оқу қызметін интеллектуалды-эмоционалды тонусты жоғарылатады, жемісті, шығармашылық еңбекті оятады.
Сонымен, оқытудағы қызығушылық бір бірімен байланысқан танымдық себеп болып табылады, ал оқу процесінде мақсатқа сой құрылып, ол студенттің оқу-танымдық қызметі субъектісінің позициясын дамыту мен қалыптастыруға белсенді түрде әсер ететін маңызды жеке білім беру болып табылады. Белсенділікпен дайындалған дербестік адамның қызметтегі тұлға ретінде де, субъект ретінде де маңызды белгісі болып саналады. Студенттің белсенділігін оның дербестігімен тығыз байланысынан тыс қарастыру мүмкін емес. Студенттің дербестігі сабақ кезінде және сабақтан тыс кезде материалдармен жүйелі түрде жұмыс жасау белсенділіктің дамуына әсер етеді. Әдетте өздігінен әрекет етуде студенттің белсенділік элементтері көріне бастайды, және керісінше белсенділіктің көрінуі тұлғаны дербестікке бағыттайды.
Дербестік қызметті жан-жақтан көмектің болмауынсыз және қатысуынсыз, жаңа шешімді қабылдау жағдайларында ынтаны көрсетуге, жемісті жұмысты саналы түрде, мақсатқа сай орындауға, алға мақсат қою білу және ұмтылыс түрінде сыртқы талаптарсыз сипаттайды. Бұл мағынада дербестік тұлғаның қасиеті ретінде де, адамның мүмкіндігі, көрсеткіші ретінде де қабылдануы мүмкін . Жоғары оқу орны студенттерінің танымдық дербестігін жүзеге асырудың негізгі түрі оқытушының қатысуынсыз, оның осы уақытқа арнайы пайдалануға берілген тапсырмасы бойынша орындалатын өзіндік жұмыс болып табылады. Оқыту процесіндегі өзіндік жұмыс студенттің танымдық қабілеттерін дамытады, практикалық дағдылар мен икемнің болуына әсер етеді, ойлау еңбегінің мәдениеттілігін жоғарылатады және алынған білімдерді терең қыла алады. Эмпирикалық зерттеулер дәлелдегендей, өзіндік жұмыс егер дидактикалық мақсаттарға сәйкес келсе, егер оның құрамы жеке шығармашылық сипатқа ие болса, егер студенттер өзіндік жұмыстың мақсатын ұғынса және оған жетуге ұмтылған жағдайда оқытуды белсендірудің әрекет етуші құралы болып саналады. Өзіндік жұмыстың нәтижелері көбінесе студенттер үшін жеке тапсырмаларды сауатты құруға, осы тапсырмаларды қолдану әдістемесіне, оларды орындау шарттарының студенттерге ұсынылған бақылау мен епес жүргізу жүйесіне байланысты болады.
Өздігінен жұмыс істеуге үйренбеген маман өзінде туындаған ойы мен жобаларын іске асыра алмайды. Өз еңбегімен тапқан нәрсе ғана адамға тиесілі. Д.И.Писаров айтқандай, сенімді «өзіміздің басымыздағы дербес орындалуға тиісті өзіндік ойлау процесі» арқылы іске асыру қажет. Өзіндік жұмыстың өзі, С.Л.Рубинштейннің айтуы бойынша, ойлау қабілетін белсендіреді, өзіндік көзқарасты және кез келген мәселені шешу жолдарын қарастыруды дамытады. Демек, оқу қызметін белсендіру шарттарының ең маңыздыларының бірі студенттердің өзіндік жұмыстарын дұрыс, рационалды ұйымдастыру болып табылады. Р.А.Низамов жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер студенттердің оқу қызметін белсендіру шартындағы өзіндік жұмыстың нәтижелері жоғары оқу орындарында орын алатын себептің екі тобына кедергі жасайтынын көрсетті. Олар: 1) студенттің өзіне байланысты: еңбекқорлықтың, қайраттың, табандылықтың, жалпы дайындықтың, мүмкіндіктердің жетіспеуі; өздігінен жұмыс істеуге құлшылықтың болмауы және т.б; 2) оқытушыға, кафедра, деканаттың жұмысына байланысты.
Белсенділікті көрсетудің ерекше түріне дербестікпен бірге студенттің айналаны қайта өзгерту мүмкіндіктері және сыртқы әлеммен тиімді өзара әрекет ету мақсатымен өзін-өзі көзқарасынан алғанда белсенділігін сипаттайтын шығармашылық та жатады.
Студенттердің оқу қызметін белсендіру мәселелерін шешуде білім, дағды және икемді бақылау тиімділігін жоғарылату маңызды рөл атқарады. Көптеген жоғары оқу орындарының тәжірибесі студенттердің белсенділігі мен оқу материалын меңгеру беріктігі үлгерім бақылауы ағымдық, аралық және қорытынды бақылау формасында жүзеге асқан кезде ғана жоғарылайтынын көрсетті.
Оқу қызметін белсендірудің тиімді құралы студенттердің жасын, тұлғалық-психологиялық, интеллектуалды-танымдық айырмашылықтарын ескеру негізінде оның жеке болуы болып саналады, Н.А.Менчинскийдің ойынша, оқытудың дамушы тиімділігін қамтамасыз ететін бірінші дәрежелі талап болып табылады. Жекелену студенттердің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері арқылы анықталатын оқыту тәсілдерін, екпінін, қабылдауды таңдайтын жоғары оқу орнындағы оқу қызметін ұйымдастыру жүйесін динамикалық дамуды ұсынады.
Педагогикалық технологияның басқа бағыты – оқу процесінің тұрғызу технологиясы немесе «оқыту технологиясы». Мұндай технологияның басты нәтижесі және оның кейінгі кезеңдері «қойылған» бір уақытта іргетасы бағдарламаланған оқыту болды. Дербес компьютерлерді қолдану арқылы арнайы оқытатын бағдарламалар бойынша бағдарламаланған оқытудың дәл өзі жоғары оқу орындарында танымдық қызметті белсендіру, оптималдау және жекелеудің үлкен мүмкіндіктеріне ие.
Студенттердің оқу қызметін белсендіру мәселесінде кейбір авторлардың пікірінше, жағымды эмоциялардың рөлі үлкен. Оқу қызметінің интеллектуалды және эмоционалды жақтарының өзара байланысы бар: жағымды эмоциялар (қанағаттану, қуаныш, таңдану) оқытуды жағымсыз (көңіл қалу, әлсіздік сезімі, ашу, қорқу) қылықтар тежеген кезде, тануға қызығушылықты жойған кезде ынталандырады. С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, эмоциялар өзінің субъектілік, нақты психикалық формасында қажеттіліктің белсенді жағынды көрсетеді, адамның белсенділігін дайындайды, ынталандырады, болжайды, алдын-алады. эмоционалды белсенділікті педагогикалық мақсатқа сай қолдану студенттердің танымдық белсенділігің өсуіне әсер етеді. Сондай-ақ, тұлғаның эмоционалды көріністері – оқыту процесінің белсенділігі деңгейінің ең маңызды көрсеткіші.
Заманауи дидактикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша жағымды эмоциялар студенттердің жұмысқа қабілеттілігін 30-40%-ға жоғарылатады, қысқа уақыттық және оперативті жадтың өсуіне әсер етеді, лекцияға қатысу 25% -ға өсуіне мүмкіндік береді. Оқу процесінің тиімді эмоциялары «орташа күш» эмоциялары болып табылады, өйткені дәл олардың өзі белсенді, сондай-ақ танымдық қызметті қамтамасыз етеді.
Сонымен, теориялық зерттеулерге жүргізілген талдау студенттердің оқу қызметін белсендірудің жалпы педагогикалық жүйесін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйенің құрылымдық компоненттері болып, біріншіден, жеке түрті болатын: студенттердің білім беруде жеке қажеттілігін мадақтайтын педагогикалық құралдар, білімді тереңдетуге, құруға, дербес табуға ұмтылыс; ой-өрісті кеңейтетін, жетілдірілген танымдық дағдылар мен икемдер; оқыту процесіне әуестігін ынталандыратн және жоғары білікті маман болуға деген ұмтылыс. Екіншіден, бұл ұйымдастырылған қызметтік шарттар мен студенттердің жеке жұмыс істеу дағдысын жетілдіру жолдары, оқу-танымдық шығармашылықта қиындықтарды жеңе білу; аудиториялық сабақтарда және өзін өзі дайындық сабақтарында мақсатқа бағытталған белсенді және жемісті жұмысты уақыт бойынша тиімді қолдану мен рационалды, ырғақты ұйымдастыру тәсілдерін қалыптастыру; студенттерді диспут, дискуссия, конференцияларға және студенттік ғылыми қоғамдық жұмыстарға қатыстыруға тарту. Үшіншіден, бұл студенттер өздерінің білімдерін ой таразысынан өткізуге және жүйелеуге, оларды практикада қолдануға және оларды бағалауға арналған базалық білім мен дағдының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін интеллектуалды құралдар. Төртіншіден, бұл студенттердің ойлау қабілеті мен сөйлеу белсенділігін қалыптастыру, қабылдау бағыты, көңіл бөлу тұрақтылығы мен дамыту, оқу-танымдық қызметтің оң эмоциялары мен қасиеттері.
Сонымен қатар, студент тұлғасының танымдық процестерін белсендіретін практикадағы барлық педагогикалық стимулдарды қоздырушы (сенім, қызығушылық, басымдылық, маңыздылық, мамандықты алу); психологиялық-ұйымдастырушылық (бақылау, бағалау, жауапкершілік, қиыншылық), динамикалық-уақытша (темп, ритм, әрекет жылдамдығы) ретінде бөлуге болады.