Қазақстан Республикасының нотариаты: қазіргі жай-күйі, өзекті мәселелері

Нотариат даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сотазаматтық ісайналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізудеқұқықтуралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариатазаматтық құқықтардызаң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.

Нотариат куәландырған шарт— мүдделі жақтың өз құқығын дәлелдеуін жеңілдетеді, өйткені шарттыңнотариусресми түрде белгілеп берген мазмұны, мәмілеге қатысушылардың қойған қолдарының ақиқаттылығы, мәміле жасаған жері (орны), уақыты, өзге де жағдайлар нақты және бұлтартқысызтүпқұжат болып табылады [1].

«Нотариат саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру мәселелеріне қатысты төрағаның орынбасары нотариаттың қазіргі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдары «Нотариат туралы» заңда бекітілгенін атап өтті. Нотариаттың даму жолдарын, оның ішінде жеке нотариустердің қызметін енгізетін және нотариатты ұйымдастыру және оның кәсіби қызметін іске асыратын орган құруды көздейтін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құқықтық реформа туралы» Президенттің Қаулысы Қазақстанға жеке нотариатты енгізудің негізі болды», — делінген хабарламада.

«Нарықтық қатынастардың жедел дамуы жылдам және сапалы құқықтық көмек секілді жеке нотариат институтының енгізілуі де уақыттың талабы болды», — деді Қ.Ищанов және ол нотариат жүйесіндегі қазір орын алып отырған күрделі мәселелерді одан әрі зерделеу және олқылықтарды жою қажеттігі туралы айтты.

«Нотариатқа жүктелген міндеттерді толыққанды орындауды қамтамасыз ететін қажетті заңнамалық базаны жасау жөнінде елеулі жұмыстар атқарылды»Сонымен бірге ол нотариат қызметі мен өндірісі саласындағы айқындалған проблемалық мәселелердің бар екенін, атап айтқанда ол мәселелерді шешудің қажеттігін атап өтті.

Ол сондай-ақ нотариаттық іс-қимылды іске асыру аясында нотариустың жаңа міндеті – медиатор болуды енгізу, жеке нотариустердің орталықтандырылған мұрағаттарын жинау және сақтау, сондай-ақ нотариус көмекшісінің рөлі мен мәртебесін көтеру секілді нотариаттың өзекті мәселелерін қарау қажеттігіне назар аударды.

Нотариат қызметі

·мәмілелерді куәландыру;

·мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;

·азаматтың тірі екендігін куәландыру;

·құжаттардыңтүсіру уақытын куәландыру;

·жеке және заңды тұлғалардыңарыздарынбасқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;

·атқарушы жазбалар жасау [2].

Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Нотариус қызметін бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңындабелгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардыңқұқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институтНотариустың құқықтарына тоқталатын болсақ:өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес ҚР «Нотариат туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға; құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге; нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге; Қазақстан Республикасының заңактiлерiндебелгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге құқылы.Нотариустарға ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға шектеу қойылмайды.

Нотариустың қызметі белгілі бір шектеулерге де ие. Мысалы нотариустарғакәсiпкерлiк қызметпен айналысуға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатаршарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді. Өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус өз мiндеттерiн тоқтата тұрады. Жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға жол берілмейді. Нотариустың мөрін оның лицензиясыныңқолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтықәділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге құқығы жоқ. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ [3].

Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаныңқатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегiқағидағасәйкес жүзеге асырылады. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасыныңзаңдарындабелгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс. Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс. Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді. Жекеше нотариустың мөрін дайындау оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

Нотариустың тікелей мiндеттерiне мыналар кіреді:ҚР «Нотариат туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа данормативтiкқұқықтық актiлерiнiңталаптарына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге; кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға; кәсiптiк әдептi сақтауға; әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге; өз лицензиясыныңқолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге; өз лицензиясыныңқолданылуы тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттыққұжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге; өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерініңөзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтықәділет органына ұсынуға міндетті [4].

Еліміздегі нотариустар заңнамаға сәйкес жекеше және мемлекеттік нотариустар деп бөлінеді. Бұл ретте атап өтерлік жайт, жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі құқықтары, міндеттер тең болады. Олар рәсімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің аталған кемшіліктеріне қарамастан, бұл жүйесотта адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау арқылы салдарымен күреспей, барлық аталған құқық бұзушылықтарды келісім жасаған кезде тыюға болатынын көрсетеді. Яғни осы жүйені қолдана отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша жағдайлар жасалынуда деп ойлаймыз.

Әдебиет:

1.Нотариат туралы Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 14 шілде

2.http://www.enis.kz Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе

3.http://www.notariat.kz/ Республикалық нотариаттық палатаның ресми сайты

4.Урисбаева А.А. Қазақстан Республикасының нотариаты, Оқу-құралы, Қазақ университеті, Алматы,2011ж.