Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру арқылы топырақтың органикалық бөлігін оңтайландыру

Қазіргі таңда мақта шаруашылығының ең өзекті мәселелерінің бірі – сортаң топырақтағы қарашіріндінің мөлшерін тұрақтандыру және одан әрі арттыру болып саналады. Сондықтан да жоңышқа және басқа да бұршақ тұқымдас дақылдар, ауыспалы егістіктерде азоттық қорек жиналатын өзінің ірі және ұсақ тамырлардан тұратын тобын және тамырдағы жиналатын түйнек бактериялардан құралатын азот құрамдарын топырақ қабатына қалдырып, топырақтағы азот құрамын байытады.

Ауыспалы егіс тізбектері мәлiметтерін салыстырмалы түрде зерттеу үшiн, егістік жерлердің барлық тұздануы ережелері, жер асты сулары мен оның минерализациясы біріңғай болуы керек.

Көпжылжық стацинарлы ғылыми-зерттеу тәжірибе жұмысы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік 44-ші бөлектегі 7-ші алқабында, мақтамен жүргізілетін далалық тәжірибелер әдістемесі бойынша жүргізілді (Бүкілодақтық МҒЗИ, 1981, А. Имамалиев).

Қарашірінді (гумус) — топырақ заттектерінің ерекше жүйесі екендігін, ал қарашіріндітүзілу қарашірінділік заттар жүйесінің түзілу процесі екендін түсінуіміз керек.

Сондықтан да қазіргі таңда оңтүстіктің ашық сұр топырағында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытымен топырақтың қарашірінді құрамын қалпына келтіру мақсатында, Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институт тәжірибе алқабында, яғни айтқанда Мыршашөл өңіріндегі мақта кең қалыптасқан, ашық сұр топырақты аймағында, сондай-ақ ауыспалы егіс жүйесіне немқұрайлы көзқарасты оңтайландыруда, қысқа танапты ауыспалы егістік тізбектеріне бұршақ тұқымдас дақылдардың топырақ қабатындағы құнарлылыққа келтіретін қарқындылық және белсенділік әсерлерін ғылыми негізде айқындауда тәжірибелік жұмыстары жүргізіліп келеді

Тәжірибе барысында мақта қозасының бірегей егіс нұсқасындағы топырақтың 0-20 см қабатындағы қарашірінді құрамы айтарлықтай төмен пайызда болғаны зерттеу нәтижесінде ерекшеленіп отыр. Атап айтқанда, көктемде топырақтың 0-20 см қабатындағы қарашірінді құрамы 0,752 % болса, күзге қарай бұл көрсеткіш едеуір төмендегені бақыланды. Топырақтың 20-40, 40-60 см терең қабаттарында осындай қарашірінді құрамының пайыздық көрсеткіші төмендегені айқындалды. Мақта қозасын бірегей егісте қайта-қайта өсіруде қарашірінді құрамының көрсеткіштері зерттеу нәтижесінде төмендегені байқалды.

Екінші жылғы жоңышқа тұрағы нұсқасында, яғни 2 жыл жоңышқа және бір жыл мақтадан тұратын тізбектегі (2:1) нәтижелерге сүйенсек, осы вегетация басында топырақтығы қарашірінді құрамы топырақтың 0-20 см қабатында 0,860% көрсеткішінде орнықтырылса, вегетация соңына қарай қарашірінді құрамы 0,880 пайызқа дейін артқаны анықталды, ал төменгі 20-40 см терең қабатта қарашірінді құрамы көктемде 0,790 пайыз көлемінде болса, бұл көрсеткіш вегетация соңына қарай 0,834 пайызға едеуір артқаны тәжірибе жүзінде бақыланды. Бұл деген жоңышқа тамырларының шоғырлануы топырақтың жоғары қабатымен салыстырғанда топырақтың терең қабаттарында көп жинақталу салдарынан екі есеге артқаны анықталды (кесте 1).

Бұршақ тұқымдас дақылдардан кейінгі өсірілген мақта қозасының бірінші жылында, топырақтағы қарашірінді құрамының ұлғайғаны анықталды.Бұршақ (фасоль) дақылынан кейінгі бірінші жылғы мақта қозасына N120P60 мөлшерде үйлестіре берілгенде, топырақтың 0-20 см терең қабатындағы қарашірінді құрамы 0,820 пайыздан 0,852 пайызға артқаны анықталды. Төменгі 20-40 см қабаттағы қарашірінді құрамы вегетация басында 0,752% көрсеткіште болса, жыл аяғында бұл нәтиже 0,768% құрам көрсеткішіне жетті. Ал төменгі 40-60 см қабатта қарашірінді құрамы 0,520 пайыздан 0,515 пайызға азғана қарашірінді құрам көрсеткішінің төмендегені анықталды.

Кесте 1 — Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерінің қарашірінді құрамына әсері

Тәжірибе нұсқалары қабат, см Қарашірінді, %
10.05 05.10
Мақтанаң бірегей егісі

(бақылау)

0-20

20-40

40-60

0,752

0,709

0,463

0,747

0,668

0,400

(2:1)

2 жыл жоңышқа

+ 1 жыл мақта

0-20

20-40

40-60

0,860

0,790

0,503

0,880

0,834

0,588

(1:1:1)

1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу

+ 1 жыл бидай + 1жыл мақта

0-20

20-40

40-60

0,777

0,728

0,520

0,779

0,733

0,515

(1:2)

1 жыл фасоль, сидератқа

+ 2 жыл мақта

0-20

20-40

40-60

0,820

0,752

0,482

0,852

0,768

0,480

(1:2)

1 жыл соя сидератқа

+ 2 жыл мақта

0-20

20-40

40-60

0,830

0,760

0,486

0,868

0,780

0,478

Ауыспалы егіс тізбектеріндегі (1:2) — 1 жыл соя сидератқа + 2 жыл мақтадан тұратын тізбектегі, соя дақылынан кейінгі бірінші жылғы мақта қозасы топырағына N120P60 мөлшерде тыңайтқыштарды қолданып үйлестіргенде, топырақтың жоғарғы 0-20 см, 20 – 40 см қабатындағы қарашірінді құрамының артуына тиімділік танытылды. Бұршақ тұқымдас дақылдарды ауыспалы егіс тізбектеріне тыңайтқыштармен үйлестіре ендіргенде, топырақтың жыртылатын қабатын айтарлықтай қарашірінді құрамымен толықтырды. Мысалы айтсақ, агрохимиялық талдау бойынша топырақтағы 0-20 см терең қабатындағы қарашірінді құрамы вегетация басында 0,830 пайыз болғанда, күзге қарай бұл көрсеткіш 0,861%-ға артты, ал топырақтың төмен 20-40 см терең қабатындағы көрсеткіштер де осындай нәтижелер болғаны анықталды, яғни вегетация басында 0,760 % болса, вегетация соңына қарай бұл қарашірінді құрылымы 0,780 пайыздық көрсеткіште болды. Төменгі 40-60 см қабатта қарашірінді құрамының төмендегені анықталды, яғни көктем кезінде 0,486 пайыз болса бұл көрсеткіш күз айында 0,478 пайыздық қарашірінді құрамын құрады.

Ауыспалы егіс тізбектеріндегі (1:1:1) — 1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу+1 жыл бидай + 1 жыл мақтадан тұратын тізбекте, қарашірінді құрамы өзгермегені тәжірибе жүзінда бақыланды. Себебі бұл нұсқада мақта топырағы жыртылмаған жағдайда үстіне күздік бидай дақылы себілді, соның салдарынан осы өсірілген дақылдар өзімен бірге қарашірінді құрамын топырақтан шығарып алғаны байқалды. Көктемде 0-20 см топырақ қабатында 0,777 % болса, вегетация соңында бұл көрсеткіш 0,772 %-ды, топырақтың төмен 40-60 см қабатында көктем кезінде 0,728% болғанда, бұл нәтижелер күзде 0,733 %, ал терең 40-60 см қабатта көктемде 0,520%, күзде 0,515% болғаны зерттелді. Осы нұсқадағы қарашірінді құрамы бір деңгейде тұрғаны тәжірибе жүзінде айқындалды. (сурет 1).

Сурет 1 — Топырақтың 0-20 см қабатындағы қарашірінді құрамының өзгеруі

Мақта қозасының бірегей егіс тізбегіндегі топырақтың 0-20см терең қабатындағы қарашірінді құрамының өзгеруін бақыласақ, онда көктемдегі көрсеткішдегі 0,752 пайыздан вегетация соңында 0,747 пайызға төмендеді. Ал ауыспалы егіс тізбектеріндегі жоңышқаның екінші жылындағы нәтижелерге сүйенсек, онда осы топырақтың 0-20 см қабатындағы қарашірінді құрамы 0,860 пайыздан 0,880 пайызға артты, ал бұршақ тұқымдас дақылдардан кейінгі мақта егістігі тізбектерде, (1:2) — 1 жыл фасоль, сидератқа + 2 жыл мақтадан және (1:2) — 1 жыл соя сидератқа + 2 жыл мақта тұратын тізбектердегі топырақтың 0-20 см қабатында қарашірінді құрамы көктемнен күзге қарай 0,820% -0,830%-дан 0,848% -0,861%-ға өзгергені айқындалды. Қорытындылап айтқанда бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін мақта қозасы топырағына гектарына N120P60 мөлшерде тыңайтқыштарды үйлестіріп қолданғанда, қарашіріндінің құрамы едеуір артқаны айқындалды. Сондықтан да ауыспалы егіс тізбектеріне бұршақ тұқымдас дақылдарды енгізіп, өз тәртімен агромелиоративтік — жерді жақсарту жұмыстарын жүргізу бағыты, топырақтың құрылымын және құнарлылығын неғұрлым тиімді арттыра түсуге, мақта қозасының қарқынды дамуына, сондай-ақ өнімді барынша артыруға үлкен оңтайлы әсерін тигізеді.