Жаттығу: «Жылы сөз»

Мақсаты: студенттердің өздерінің және айналасындағы жақын адамдардың психологиялық сипаттамаларын анықтау іскерліктерін дамытуға, өзін-өзі талдауға ықпал ету.

Нұсқау:Өз жақындарыңызды, таныстарыңызды, туысқандарыңызды қандай жылы сөздермен атайтындарыңызды естеріңізге түсіріп, жазыңыздар.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Оларды қандай жағдайларда пайдаланатыныңыздарды ойланып көріңіздерші?
  • бір нәрсе керек болғанда ма әлде ол адамға өтініш білдіргенде ме?
  • Не болмаса көңіл-күйлеріңіз жақсы болғанда ма?
  • Оны жиі қолданасыздар ма?
  • Олай болмаса, неге?
  • Адамдарға жакын сезімдеріңізді білдіруде не нәрсе кедергі болуы мүмкін?
  • Адамдарды жылы сөздермен атағанда қандай сезімде боласыздар?
  • Олай атаған адамдар сіздің жылы сздеріңізге қалай жауап береді?

Оқытушы. Әрбір бақытты отбасының өзіндік құпиялары бар. Сіз үшін бақытты отбасы-сөзінің мәні неде деп ойлайсыз? Отбасы және сүйіспеншілікті сақтап қалу сіздің үздіксіз назарыңызды, уақытыңыз бен қуатыңызды талап ететін күнделікті жұмыс іспеттес. Егер сіз отбасылық өміріңізде бір-біріңізбен сүйіспеншікті, сенім мен өзара түсіністікті сақтап қалғыңыз келсе ол үшін сіз қатынастарыңызға тұрақты түрде күш-қуат жұмсауда аянбауыңыз керек. Бірлескен жобалар мен міндеттер отбасындағы бақытқа негізделген қатынастарды орнтауға өз септігін тигізеді. Сірә, ол отбасын сақтап нығайтудағы, отбасы мүшелерінің сүйіспеншілігі мен өзара қызығушылықтарын сақтаудағы қуатты құралдардың бірі болар. Егер де сіздердің ортақ жобаларыңыз болса, егер сіздер бір ортақ нәрсеге ұмтылыс білдіретін болсаңыздар, онда сіздерге бірге қызықты болып, қуанышты сәттеріңіз толастамайтын еді. Сіздердің әрдайым талқылауға болатын әңгімелеріңіз аяқталмайтын еді. Отбасы бұл – қиын қыстау мезеттерде көмекке келетін, жетістіктеріңізге бәрінен де артық қуанатын жақын адамдарыңыз.