Сабақтың мақсаты: студенттердің өзіне деген сенімділігі мен өзін өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. Студенттерге олардың тұлғалық дамуының ерекшелігін көрсету. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру.
Әдістері мен формалары: дәріс—әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», видеоматериалды қарау, ойындар және жаттығулар, медитация, өзіндікталдау.
Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио және видеоматериалдар, қағаз, маркерлер.
Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.
«Байланыстырушы жіп» жаттығуы.
Мақсаты: Студенттерде топтық тұтастылықты қалыптастыру.
Материал: шумақталған жіп.
Студенттер шеңбер құрып отырып бір-біріне жіпті береді. Жіпті бере отырып, ұстап отырған адам не сезініп отырғанын, басқаларға не тілейтінін айтып отырады. Шумақталған жіп оқытушыға қайтып келгенде, студенттер жіпті тартып, көздерін жұмып, олар бір тұстастылықты құрайтынын елестетеді, олар өздерінің осы әлемде маңызды екенін түсінуге тырысады.
Кімде сенім мол болса, сол жетістікке жетеді.
Сенім деген құдіретті ұлы күш.
Дәріс — әңгімелесу.
Оқытушы. Біз күнделікті өмірімізде жетістік, жетістікке жеткен адам кім? Деген сұрақты өзімізге қоямыз. Жетістікке барлық адамдар болмаса да көпшілігі жеткісі келеді. Жетістікке жету туралы Шығыс және Батыс мәдениетінде әр түрлі түсінктер қалыптасқан. Батыс мәдениетінде – бұл мақсатқа жету мәдениеті, адам іс әрекет жасау керек, яғни ертеңгі жаңа асуларды алу үшін сен дәл қазір іс әрекет жасау керексің дегені. Мақсатқа жету дегеніміз құмарлық, жеңіске жетіп жаңа асуларды алуға деген құлшыныс, оның рахатына бөлену. Нағыз жетістікке жеткен адамның өмірін құрайтындар осы. «Жетер, күттік – енді қимылдау керек!» деген оның, яғни жетістікке жеткісі келетін адамның ұраны осындай. Бұл жетістіктің басқа да жағы бар екенін біз жақсы біліп алуымыз керек, үнемі жанталасқа түсіп, іс әрекетіміздің «бітпейтін әрекетке» айналуы адамға көптеген зардап шектіруі мүмкін. Бәрі бар, автомашина, ақша, күнделікті кестемен өтіп жатқан жұмысың, бірақ, мұның барлығы бақытты сезінуге, өміріңді қанағаттандыра алады ма? Тыныш, өлшенген өмір сүрудің толық қуанышына бөлене алмайсың.
Шығыс мәдениетінде — әрбір күнді қуанышпен ақылдылықпен, парасаттылықпен толтыру керек дейді. Барлық жақсы нәрселер сенімен, осы жерде қазір болып жатыр. Тоқта, өз жаныңды әлемге жайып сал, сонда сен оның өте керемет екеін түсінесің. Айналаңа көз салшы, өзің өмір сүріп жатқан әлемді, өзіңді шынайы тұрғыда, осы қалпында қабылда. Өмірің тыныштыққа, үйлесімділікке және рахатқа толады. Содан мақсатқа жетуге деген ұмтылысың, алға қарай жылжу, жаңа, үлкен нәтижелерге жетуге деген ұмтылысың тоқтайды. Жетістікке және байлыққа жету жолы көпшілік ойлағандай емес. Ол адамның тілек, ниетінен туындайды. Әлемде банк есепшотында миллион, тіптен миллиард доллары жатқан бай адамдар бар. Оларды өз мақсатына, жетістікке жеткен адамдар деп есептейді. Жетістікке жету дегеніміз – материалдық жағынан және толығымен қалыптасуды айтамыз. Бұл екі саланы байлық пен жетістікке жету түсінігінде бөліп қарастыруға болмайды, олар бір бірімен тығыз байланысты, бір бірін толықтырып тұрады. Бұл ұстанымды рухани сфера алып барады, барлығы ішкі жан дүниеден басталады. Егер сіздің ішкі жан дүниеңіз бай және толық болса, ол анық көрініп, байқалып тұрады. Материалдық байлықты, комфортты ойлайтындардың ішкі рухани дүниесі бұзылады. Сондай — ақ, тек рухани жағынан мықты болуды ойлайтындар – материалдық сфераны толық жоққа шығаруы мүмкін. Ал біз материалдлық әлемде өмір сүретінімізді ұмытпауымыз керек.
Тұлғаның дамуы барлық сфераларда толығымен үйлесімділік табуы қажет. Ішкі бастаулар сыртқы дамуды анықтайды, тартады. Нағыз шынай байлық – бұл біздің талантымыз, осы талантымызды дамытуға деген қабілеттіліктеріміз. Олар біздің ішкі жан дүниемізде жатыр, олар әруақытта дамиды, көрінеді. Бұл байлығымыз толығымен дамуы және көрінуі үшін ішкі жан дүниеміздегі ұмтылыстар мен ниет, тілегімізбен үйлесімді түрде дамуы керек. Тілек, ниетіміз іштей қарама — қайшылықта, ойымыз басқа, ал ішкі ұмтылыстарымыз тіптен басқа болуына жол бермеу керек. Жетістікке жету – тұлғаның өмірдегі үйлесімді дамуы болып табылады.
«Менің жетістіктерім» жаттығуы.
Мақсаты: өз жетістіктеріңізді саналы түрде ұғынуға арналған метафоралар құрастыру.
Нұсқау: студенттерге ұсынылған метафораларды сұрақтарға жауап бере отырып өзінің жетістікке жету әдісін жазуға беріледі. Мысалы:
«Менің жетістіктерім – бұл, …. және онда мен – бұл …, сонда менің өмірің – бұл …..».
Студенттермен талқылауға арналған сұрақтар:
Өз жетістігінізді қалай қабылдайсыз, қалай көресіз?
Қазіргі студенттің жетістікке жету формуласы.
«Жетістікке жеткен адам» дегеніміз кім?»
Оқытушы. Миға шабуыл. Студенттермен келесі ой пікірлерді талқылаңыздар:
«Жетістікке жеткен адамға» тән он қасиет
- «Жетістікке жеткен адам» барлық мүмкіндіктерді қарастырады, ал жетістікке жеткісі келмейтіндер түрлі сылтаулар ойлап табады
- «Жетістікке жеткен адам» іс әрекет жасайды, жетістікке жіткісі келмейтіндер бүгінгі істі ертеңге қалдырады.
- «Жетістікке жеткен адам» биіктерге ұмтылады, жетістікке жеткісі келмейтіндер барына қанағат етіп отыра береді.
- «Жетістікке жеткен адам» алған бетінен ұайтпайды, жетістікке жеткісі келмейтіндер бір рет жолы болмай қалса, тауы шағылып қалады, қателік жасап қоям ба деп қорқақтайды, қайтадан ұмтылғысы келмейді.
- «Жетістікке жеткен адам» жеке өзіндік, өмірлік мотивтері бар, жетістікке жетікісі келмейтіндерге мотивацияны ойлап табу керек.
- «Жетістікке жеткен адам» туекелшіл, тәуекелге бара алады, жетістікке жеткісі келмейтіндер тәуекелге баруға қорқады.
- «Жетістікке жеткен адам» шыдамды, толерантты, өз мақсатына ұзақ уақыт болса да жетуге тырысады, жетістікке жетікісі келмейтіндер ол барлығына бірден және тез арада ие болғысы келеді.
- «Жетістікке жеткен адам» әйтеуір бір өз дегеніме жетемін, алған бетінен қайтпайтын қайсарлық танытса, жетістікке жеткісі келмейтіндер тез тауы шағылатындар.
- «Жетістікке жеткен адам» өзіне сенеді, барлық адамдарға сенімділікпен қарайды, жетістікке жеткісі келмейтіндер басқа адамдардың сөзіне сенеді.
- «Жетістікке жеткен адам» асқақ армандарға, биік мақсаттарға ұмтылады, жетістікке жеткісі келмейтіндер ұсақ түйек мақсаттармен шектеледі.
«Менің жеткен жетістіктерім» шығармашылық жоба.
Мақсаты: қалауына, тілегіне жағымды ойлар мен бейнелер арқылы жетістікке жету икемділігін қалыптастыру.
Қажетті құрал жабдықтар: ватман, маркерлер, желім, коллаж жасауға арналған газет, журналдар материалдары, бояулар, қарандаштар,, фломастерлер, қайшылар.
Нұсқау: Жақсылап ойланып алыңыздар, Сіз өмірдің әр түрлі сфераларында қандай жетістікке жетуді армандайсыз? Жақсылап зейін сал, ең болмағанда берілген 7-8 сала ескерілуі тиіс. Мамандық, оқу, қарым қатынаста, отбасы, материалдық жағдай, өзін өзі жетілдіру, денсаулық.
Жақсылап талдау жаса, осы сфералардың қайсысы мәселелердің максималды санын жақсылап ойлан. Барлық армандарыңның көпшілігі осы салалармен тығыз байланысты. Дайын шығармашылық жобаға тақырып қойыңыздар.
Студенттермен бірге талқыланатын сұрақтар:
- Сіздің жетістігіңіздің күші неде?
- Дайындалған, жасалған, құрастырылған жобада Сізге не ұнайды, неге?
- Арманыңыз іске асу үшін не істеу қажет?
Оқытушы. Доктор Дорис Вольф жетістікке жетуде ескеруге тиісті мынандай категорияларды ұсынады:
Жетістікке жетуде мына нәрселер маңызды емес:
- Тағдырмен таласуға.
- Осы бөлімді жоққа шығару немесе жек көру.
- Өзіңді толыққанды емеспін деп сезінуге.
- Басқаларды өз кемшіліктеріңізге өарай кемсітуге.
- Мәселені алкаголь немесе басқа да наркотикалық заттарды пайдалану арқылы шешуге.
- Өзіңізге мүсіркеу, аяушылық сезіммен қарау және депрессияға түсу.
- Шын мәнінде кемшіліктері жоқ болса да, басқаларды көре алмау, жеккөру.
- Нақты жағдайларда өзіңіздің әлсіздігіңіз ашылып қалмау үшін мүмкіндіктер мен рахаттану сезімінен қашу.
Жетістікке жету үшін қажетті стартегиялар
- Өзіңіздің басқа қасиеттеріңізбен бірге, кемшілігіңізді ол да менің бір бөлігім және әлсіздігім деп қабылдау.
- Өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды жеңіп, осы бағытта нақты қадамдар жасау.
- Кемшілігі жоқ адамдар болмайды.
- Өзіңіздің кез келген әлсіз тұстарыңызды жеңуге болады.
- Өз артықшылықтарыңызға мән бере алу.
- Кез келген адамның әлсіз тұстарына мән берместен қарым қатынас жасауға және бір біріңізге қолдау көрсете аласыз.
- Сіздің әлсіз тұстарыңыздың болуына кінәлі адамдарды кешіре білу.
- Өз өміріңіздегі арнайы міндеттерді шешуде және стимул ретінде осы әлсіздігіңізді көре білу.
- Сіз өз әлсіз тұстарыңызды жою үшін үнемі жаңа мүмкіндіктерді пайдаланасыз және тәуекелге бел буа аласыз.
«Мен және менің жетістіктерім» релаксация
Оқытушы. Ешнәрсе ойламауға тырысыңыздар. Еркін демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Жеке жұмыыстарыңыз бен проблемаларыңызды ұмытыңыз. Сізге космос әлемінен алтын сияқты шұғыла тұла бойыңызға еніп жатыр, тәніңізді жағымды энергияға толтыруда. Бұл ұлы энергия, бұл Сіздерді жаңа биіктерге көтереді, өзіңізге маңызды барлық мәселеде жеңіске жетелейді. Бұл энергия балалардың тәтті күлкісі сияқты, өмірдің барлық ұсақ түйектеріне қуана алуға үйретеді, балалардың қуанышы сияқты сіздің әрбір клеткаңызға алтын жарық болып енгенде, сіз жарқырайтыныңызды көз алдыңызға келтіріңізші. Ал енді, өзіңіз қалаған салада жетістікке жеткеніңізді, жетістікке жеткен және өзін сенімді адам екеніңізді көз алдыіызға келтіріңіз. Барлығы іс жүзіне асады! Сіз дәл қазір үлкен жұмыс атқардыңыз. Сіз өзіңізге керемет көмектестіңіз, өзіңіздің жаңа өміріңізде жаңа жағдайлардың дамуына жаңа бағыт белгіледіңіз, жағымды нұсқаулар жібердіңіз.
«Барлығы өз қолыңда»
Ертеде ескі бір қалада шәкірттері өте көп ұстаз өмір сүреді. Сол шәкірттерінің ішіндегі ең бір қабілеттісі: «Осы біздің ұстазымыз әлемде барлық нәрсені бәледі. Қандай сұрақ қойсаң да жауап таба алады. Ол білмейтін нәрсе жоқ. Ұстазымыз жауап бере аалмайтын мәселе бар ма екен» деп ойға қалады. Сөйтіп, шәкірті әдемі бір гүл алаңында ұшып жүрген көбелекті ұстап алады да, екі алақананың арасына жасырып, ұстазына келеді. Көбелек оның екі алақанының арасында қыстырылып, ұшып шығуға әрекет жасайды. Бұдан әлгі шәкірттің қытығы келеді. Күлімсірей, ол ұстазына жақындайды да, былай дейді:
-Айтыңызшы менің қолымдағы көбелек тірі ме, әлде өлі ме?
Шәкіртінің қолына қарамастан, ұстазы:
- Барлығы сенің қолыңда деген екен.
Қорытынды. Сабақтың қорытындысы.
Педагог. Егер біз өмір сүру барысында арманымыз жетістікке жету және ол арманымызға жету жолында болса онда біз арманымызға жету үшін біздер жек тұлғалық күш пен шыдамдылыққа ие бола аламыз. Жоғары буынға, сатыға өтуде өзіміздің жүрегімізде асыл, идеалды арманға ие болса, адамның өзі жетістікке жақындай түседі. Егер Сіз арманыңызға жетуді ойлайтын болсаңыз керісінше түрлі өзіңізде қалыптасқан стереотиптердің артынан жүгіргіннен ол сіздің өміріңізді мәнді етеді. Егер сіздің алдыңызға қойған мақсатыңыз болса, онда сізді жаман ойлар көңіліңізді аудара алмайды. Егер сіздің мақсатыңыз болса, сіз өмірдің мәнсіздігін ойлап, өзіңіздің жаныңызды ауыртпайсыз және жағымды ойларды ойлауға үйренесіз. Жетістікке жеткен адамдардың көптеген қасиеттері өзінің алдына қойған мақсатына жетуде қалай болмасын көрінеді.
Қоштасу рәсімі.
«Қызықты сабаққа рахмет!» жаттығуы.
Нұсқау: Студенттер дөңгелене, шеңбер құрып тұрады. Біреуі ортаға шығады, келесі студент келіп ортадағы студенттің қолын қысып, «Қызықты сабаққа рахмет!» деп айтады. Екеуі бірінің қолын екіншісі ұстаған күйі ортада қалады. Кейін үшінші студент келіп бірінші немесе екінші студенттіңи бос қолын қысып, «Қызықты сабаққа рахмет!» деп айтады. Осылайша ортадағы топтың саны көбейе түседі. Барлығы бірінің қолын бірі ұстап тұрады. Ең соңғы студент ортадағы топқа қосылған кезде педагог шеңберді жауып, үндеместен келіп соңғы студенттің қолын қысады да қоштасу рәсімін аяқтайды.