Нөмірлі тізімде браузер өзі нөмірлерді қояды. Егер осы тізімнің бір нөмірін алып тастасақ, онда қалған нөмірлер автоматты түрде өзгереді. Нөмірлі тізім <ol> ярлыкпен ашылады да, </ol> ярлыкпен жабылады. Әр бір элемент <li>, </li> ярлыктармен белгіленеді. Type, start, compact — команданың атрибуты.
TYPE — атрибуты нөмірдің түрін көрсетеді.
«А» — үлкен латын әріптері;
«а» — кішкентай латын әріптері;
«I» — үлкен рим цифрлар;
«і» — кішкентай рим цифрлары;
«1«- араб цифрлары.
Егер жылжыту экран берілмесе тізім араб цифрларымен жазылады.
START — атрибуты тізім қандай саннан басталатынын көрсетеді. Ол бүтін сан болуы керек.
COMPACT атрибуты тізімге компакті алгоритмді қолдануға мүмкіндік береді.
Мысалы:
<ol type=»1″ start=»5″>
<li> Бекзат </li>
<li> Асем </li>
<li> Камшат </li> </ol>