Гиперсілтеме — бұл басқа WEB құжаттарының адресіне байланысты мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі.
Гипертекстік сілте WEB-беттерді қолданушыларға көркемдейді. Барузерге қарағанда мәтіндік гиперсілтемелер түсі мен асты сызылуымен, ал графикалық гиперсілтемелер жақтауымен (рамкамен) ерекшеленеді. Гипер сілтемелерді пайдаланғанда біз құжаттарды байланысты және структуралық жасаймыз. Ол қоданушыға ақпаратты тез және ыңғайлы алуға мүмкіндік береді.
Сілтемелер басқа құжатта көрсетілуі мүмкін, осы немесе басқа құжаттың орнын және басқа да функцияларды атқарады. Ол келесі түрде болады: <a herf=»сілтеменің адресі»> текст 
<a href=»сілтеменің адресі»> сілтемені ашатын ярлык, ал  жабатын.
Мысалы:  Информатика туралы 
1) Құжат ішіндегі қандай да бір нүктеге сілтеме жасау.
Құжат ішіндегі сілтеме келесі түрде болады:  сілтеме . Сілтеме жасайтын орын келесі командада болуы тиіс:  текст . Бұл команда якорь деп аталады. Егер біз сілтемеге мышкамен бассақ браузер көрсетілген құжаттың бөліміне ауысады, ал браузердің бірінші жолында якорі бар сөз болады.
2) Басқа құжатқа сілтеме жасау.
Басқа құжатқа сілтеме келесі команда түрінде болады: <a href=»құжат адресі»> текст . Құжат адресі абсолютті немесе қатысты болуы мүмкін. Абсалютты адрес ол құжаттың интернеттегі орналасқан толық адрес. Қатысты адресті әдетте сол серверде орналасқан құжатқа сілтеме жасағанда қолданылады.
Ол келесі түрде болып келеді: «..\жол \ құжаттың аты»
3) Басқа құжат ішіндегі қандай да бір нүктеге сілтеме жасау.
Оған келесі команда орындалады:
<a href=»Құжат аты # таңба аты»> сілтеме .
Target атрибуты сілтемеге тышқанмен басқанда, ол басқа браузер терезесінде көрсетілуіне мүмкіндік береді. Ол үшін гиперсілтеме келесі түрде болады:
немесе