Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам — Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
- Web-технологиялар;
- Сайт жасау экономикасы;
- Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
- Адам ресурстары және т.б.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
- Жоспарлау;
- Элементтерді жасақтау;
- Бағдарламау;
- Тестілеу;
- Жариялау;
- Жарнамалау;
- Бақылау;
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
- Сайттың орны.
- Сайттың аудиториясы кімдер.
- Қандай ақпарат жарияланады.
- Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
- Навигациялық құрылымын жасау.
- Беттің дизайнын жасау.
- Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау
Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
- Сілтеменің жұмысы;
- Мәтіндегі қателер;
- Навигацияның тиімділіғі.
- Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
- Графикалық файлдардың ашылуы.
- Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау
Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
- Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
- Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
- Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
- Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау
Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
Web-сайт беттерін ұйымдастырған кезде, төменгі схемаларды қолдануға болады.