Турбо Паскаль тілінің идентификаторлары (ТП). ТП Идентификаторлары дегеніміз өндірісте пайдаланылатын терілген символдардың жиынтығын айтамыз. Идентификаторларға қойылатын негізгі шарттар (талаптар):
- Идентификатор латын әліпбиінен және сандарынан тұрады.
- Идентификатор әріптен а1 деп басталуы тиіс {«а1», а бірақ керісінше емес «1а»}.
- Идентификатор өте үлкен көлемдегі кез келген логикалық символдардан тұруы мүмкін, бірақ оның тек алғашқы 63 ғана танылады.
- Қызметтік сөздерді идентификатор ретінде пайдалануға болмайды.
- Идентификаторларды жазғанда бос орындарды жазуға болмайды.
Турбо Паскаль тілінде программалаудың ережелері мен жалпы түсініктері:
- Программа Турбо Паскаль операторларынан құралады, олар «;» символымен ажыратылады.
- Топ операторларын ерекшелеу үшін операторлық жақшаларды пайдаланамыз: begin…..end.
- Бірнеше операторлар жақшасындағы операторларды құрамдық операторлар деп атаймыз.
- Программа мәтінінде фигуралық жақшаларда комментарияларды жазамыз, олар программа орындалуына кедергі келтірмейді.
Турбо Паскаль тіліндегі программалық структурасы: программаның негізгі бөліктерін қарастыралық. Uses – программада қол жетерлік операторлар жиынын пайдалану кеңейтілулері үшін ішкі кітапханаларды қосу. Мысалы:
- UsesDOS, Crt, Graph, Printer; {Төрт стандартты модульдердің қосылуы:
- DOS – операциялық жүйе командаларының программада пайдаланылуы.
- Crt – енгізу-шығару мүмкіндіктерінің кеңейтілулері, дыбыстық генераторды пайдалану.
- Graph – графикалық процедуралар мен функциялардың қосылуы.
- Printer – баспаға шығаруға оңай қол жеткізу.}
Мысалы. Келесі программа баспаға шығарудың оңай жолын жүзеге асыруды орындайды.
- UsesPrinter; {модульдің қосылуы}
- begin
- Write(‘привет’); {«привет» сөзі экранға шығарылады}
- Write(lst,‘привет’); {«привет» сөзі принтерге шығарылады}
Const (константалар). Бұл сипаттау бөлімінде идентификатормен программа орындалуы кезінде өзгермейтін мәндері беріледі. Мысалы:
- Const
- a=4; {сандық константа}
- b=’A’; {символдық константа }
- s=’ABBA’; {жолдық константа }
- b1=false; {логикалық константа }
- M:array[1..4] of integer=(1,5,6,7); { константалар массиві}.
Type (деректер типі). Суретте Турбо Паскаль тілінің негізгі деректер типі көрсетілген.
Сhar – символдық айнымалысы. Символдық тип мәні көптеген дербес компьютерлердің символдары. Әрбір символға 0…255 диапазоны аралығындағы бүтін сандар жазылады.
Boolean – логикалық айнымалысы. Логикалық тип мәні жарияланған тұрақтылардық бірі болуы мүмкін (False – жалған, True – шындық).
Массив — array – массив деректер типі бір идентификаторға бірнеше мән тағайындауға мүмкіндік береді, олар бір-бірінен реттін номері бойынша ерекшеленеді. Массив элементінің номері идентификатордан кейін квадраттық жақшаға алынып жазылады {M[5] – М массивінің бесінші элементі}. Массивті сипаттағанда массивтің элементтер номерінің диапазоны көрсетіледі және әрбір элементіне қатысты типі. Массивтер бір өлшемді, екі өлшемді және өте көп өлшемді болуылары мүмкін. Мысалы:
- Var {массивтердің сиаптталуы}
- M: array [1..5] of integer; {М бір өлшемді массиві элемент номерлері 1-5 дейін, бүтін сандардан құралған}
- M1: array [2..3,11..15] of char; { М1 екі өлшемді массиві жол номерлері 2-3 дейін, бағана номері 11-15 дейін, символдардан құралған}
- Begin {массивті толтыру}
- М[2]:=100; {М сандық массивінің екніші элементіне 100 мәні тағанындалады}
- М1[2,3]:=’d’; {М1 символдық екі өлшемді массиві элементтері екінші жол мен үшінші бағана үшін ’d’ мәні тағайындалады}
String – жолдық айнымалы. Жолдық типтегі айнымалылар бірнеше символдардан тұрады. Мысалы:
- Var s:string; {s идентификаторының жолдық айнымалы ретінде сипатталуы}
- Begin
- s:=’Привет’; {жолдық айнымалы мәнін беру}
- Writeln(s); {«Привет» сөзін экранға шығару}
Var – программада пайдаланылатын барлық иденитификаторлар сипатталуы керек. Иденитификаторды сипаттап, деректер типін көрсету. Мысалы:
- Var
- x,y:real; { x,y идентификаторлары – реальді тип айнымалылары}
- i,j,k:integer; {i,j,k идентификаторлары – бүтін тип айнымалылары}
- M:array [1..4] of char; {M – бір өлшемді массив 4 элементтер тұрады}
- M1:array [1..3,1..4] of byte; {M1 екі өлшемді массив бүтін типті 12 элементтен тұрады}
- Type
- re=real; {жаңа типті сипаттау: re идентификаторы — реальды тип}
- Var
- z:re; { z идентификаторы –re типінің айнымалысы, яғни реальді тип}
Негізгі программа – ережеге сүйенсек 3 бөлімнен тұрады:
- Шығыстық деректерді енгізу.
- Есептеу.
- Қорытынды есептеу қорытындысын шығару.
Негізгі математикалық сәйкестіктер және Турбо Паскаль операциялары:
- + {қосу}
- – {алу}
- * {көбейту}
- / {бөлу}
- = {теңдік (типтер мен тұрақтыларды сипаттағанда пайдаланылады және т.б.)}
- := {меншіктеу}
- > {үлкен}
- < {кіші}
- >= {үлкен немесе тең}
- <= {кіші немесе тең}
- <> {тең емес}.
Турбо Паскальда амалдардың жазылуы төмендегідей:
Амалдар | Амал аты | Математикалық жазылуы | ТР-да жазылуы |
+ | Қосу | 10+21 | 10+21 |
— | Азайту | А-В | А-В |
* | Көбейту | 32 Х 5 | 32 * 5 |
/ | Бөлу | 50 : 5 | 50 / 5 |
Div | Бүтіндей бөлу | 18 div 9 | |
Mod | Қалдықты бөлу | 22 mod 7 |