Қазіргі кезде «МҚ» және «Мәліметтер қорын басқару жүйелері» ұғымдары компьютерге қатысты қолданылады.МҚ дегеніміз-обьектілер мен олардың қасиеттерін көрсететін мәліметтер жиыны. МҚ кестелерде сақталады. Кестелер қатарлар мен бағандардан тұрады, олар «жазулар» және «жиектер» деп аталады. Жазбалар жиектері бірдей болады, ал жиектерде әр түрлі мәліметтер түрі қолданылуы мүмкін. Соңғы кезде реляциялық МҚ кеңінен қолданылады. Реляциялық МҚ-да информация бір немесе бірнеше кестеде сақталады. Кестелер бір бірімен бір немесе бірнеше сәйкес жиектерінің мәндері арқылы байланысады.
Егер де концептуалъды моделъ мәлімет моделі кeз-келген физикалық аспект таралуына бағынышты болмаса онда логикалық мәлімет моделі таңдап алынған мақсатты МҚБЖ мәліметінң ұйымдасу негізінде құрылады. Бұл кезеңде қандай МҚБЖ реалиционды сетті иерархияны немесе объектті –болжамды дәрежесінде қолданатынын білу қажeт ЛМҚ жасау процесінде тұрақты түрде қолданушының талабына сай тексеріледіжәне тесттен өткізіледі. Қолданушы мен МҚ арасындағы байланыс МҚБЖ арқылы орындалады.
Қазіргі кезде қолданылатын МҚБЖ құрамына:
1) кестелерді және байланысқан кестелер арасындағы қатынасты анықтайтын құралдар;
2) информацияны енгізіп және жөндеуге, информацияны іздеуге, текстік не графиктік түрде көрсетуге мүмкіндік беретін жетілдірілген қолданушы интерфейсі;
3) жоғарғы дәрежелі программалау жүйелері кіреді.
70 – ші жылдардың басында мәліметтерді өңдеуді автоматандыру үшін мәліметтерді басқаруға арналған – мәліметтер қорын басқару жүйелері ұсынылған болатын. Мәліметтердің құрылған моделі физикалық жобалау үшін ақпарат көзі болып табылады. Мәліметтер қорының физикалық жобалауына кіріспей тұрып ең алдымен нақты мақсатты МҚБЖ–ны таңдап алу қажет. Сондықтан физикалық жобалау нақты МҚБЖ-ға тығыз байланысты болады.
Мәліметтер қорының физикалық жобасын жасау кезінде бірінші тапсырма мәліметтердің логикалық моделінің негізінде құрылған қатынасты мақсатты МҚБЖ ортасында жүргізілуі мүмкін формаға түрлендіру болып табылады. Бұл үрдіс таңдалған МҚБЖ-ның функционалды мүмкіндіктері жайлы терең білімнің болуын талап етеді. Өңдеуші келесілерді білуі керек:
Жүйе бірінші кілттерді, сыртқы кілттерді және альтернативті кілттерді анықтауды қолдайды ма;
Анықтау жүйесі міндетті мәліметтерді (яғни жүйе NULL мәнін қолдануға тиім салынған атрибутты анықтауға көрсететіне мүмкіндік бере ме)қолдайды ма;
Анықтау жүйесі домендерді қолдайды ма;
Анықтау жүйесі ұйымның бизнес – ережелерін қолдайды ма;
Мәліметтер қорының кестелерін анықтау әдісі.
Қазіргі кезде программалау құралдарының нарығы IBM платформасы үшін жүздеген әртүрлі МҚБЖ-лар ұсынылған. Көптеген қолданушыларға кейбір сәйкес келетін МҚБЖ-ларды таңдау қиын мәселе болып табылады. Бұл жағдайда мақсатты МҚБЖ ретінде мәселені жүргізу Microsoft Access пакеті қолданылады. MS Access пакеті IBM PC платформасының дербес компьютерлерге МҚБЖ болып табылады, ол әртүрлі қосымшалардағы мәліметтерді таңдауды және сұрыптауды, сақтауды қамтамасыз ете алады. Және де бұл пакет кесте, сұраныс, форма және есеп құруға арналған құралдарды қосады. Мәліметтер қоры қосымшасын өңдеу үшін қолданушыға MS Access макротілі ұсынылады. Және де қосымшаны өңдеу кезінде MS Visual Basic for Application (VBA) тілін қолданылады. MS Access МҚБЖ-сы жеке дербес компьютерлерде автономды жүйе ретінде және көпшілік қолданылатын ортада жиілік МҚБЖ ретінде қолданылуы мүмкін.
Енді, ЛМД –ді MS Access ортасында физикалық моделді орындаймыз. Төменде кестелердің реляциялық құрылымы Конструктор режимінде көрсетілген.