Жалпы, мәліметтер қорын басқару жүйелерінде (МҚБЖ) қолданбалы программа жобалауда негізгі екі бағыт қолданылады: төменнен жоғары және жоғарыдан төмен бастау. Төменнен жоғары жобалау әдісінде мәліметтер қорының құрылымын анықтау алдымен өңделетін информацияға тән барлық атрибуттарды анықтап алып, оларды қалыптастыру теориясы (normalіzatіon)бойынша жеке объекттерге жіктеуге бағыталған болса, жоғарыдан төмен әдісінде алдымен қойылған мәселеге байланысты жоғарғы деңгейдегі информациялық объекттер мен олардың байланысы зерттеліп, әрі қарай олар өзара байланыстағы қарапайым информациялық қатыстарға (кестелерге) жіктеледі.
Қазіргі кезеңдегі РМҚБЖ-нде қолдану әдістемелеріне сәйкес мәліметтер қорын жобалау, яғни қолданбалы программа дайындау барысы жоғарыдағы кезеңдерді қамтитын негізгі үш бөлімнен тұрады: концептуалдық, логикалық және физикалық жобалау. Нәтижесінде үш модель анықталады.
Концептуалдық жобалау кезеңінде программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау қарастырылады.
Мәліметтер қорының концептуалдық жобасын жасау – ол мәліметтер қорының жобасын жасау үрдісінің бірінші формасы. Ол анализ жасалатын ұйым бөлігінің мәліметтердің концептуалды моделін құру болып табылады. Бұл мәліметтер моделі қолданушы талаптарының спецификасында жазылған мәліметтер негізінде құрылады. Мәліметтер қорының концептуалдық жобасын жасау оның жүргізілуі, программалау тілдері қолданылатын қолданбалы программаларды құру жинағының таңдалған мақсатты МҚБЖ типі, таңдалған есептеу платформасының типі сияқты, және де басқа кез келген физикалық жүргізу ерекшеліктерінен тәуелді емес. Құрылған мәліметтердің концептуалдық моделі мәліметтер қорының логикалық жобасын жасау фазасына ақпарат негізі болып табылады. Концептуалды жобалаудың нәтижесі сипаттама — байланыс диаграмма — ER-диаграммасы (Entіty Relatіonshіp Dіagramm) болып табылады.
Концептуалды және логикалық жобалау Мәліметтер қорында 3 негізгі этаптан тұрады:
Бірінші этаптың мақсаты жобаны кішігірім топтарға бөлу. Бұл жұмыстың нәтижесі болып мәліметтердің желілік концептуалды әдістемесі болып табылады.
Екінші этапта мәліметтер желілік логикалық мәліметтерге айналады. Бұл этапта мәліметтер қорының моделіндегі қажеті жоқ элементтер жойылады. Осыдан кейін логикалық модельдің нақтылығы нормализация әдістері көмегімен тексеріледі. Нормализация сонымен қатар эффективті құрал ретінде қолданылады. Осы барлық тексерулер бізге мәліметтер қорын құру кезінде сенімділік пен нақтылыққа жетіге мүмкіндік береді. Желілік логикалық модельді қажетті кездерде мәліметтер қорының генерация прототипін құруда қолдануға да болады.
Ал, енді үшінші этапта желілік логикалық мәліметтер қорында интеграция жүреді.